Тәуелсіздік Күнімен құттықтау

Тәуелсіздік Күнімен құттықтауҚұрметті әріптестер!


Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық – ширек ғасырлық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн - біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке.

Тәуелсіздік күні – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманының орындалған күні.
Осы мерекеде әрбір шаңыраққа - береке, елімізге - тыныштық тілеймін.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Еліміздің ұлық мерекесі құтты болсын!

 

Құбыл РШЫМБЕТОВ,

директор

15-12-2016, 13:53

Ақпараттық-насихаттық топ жұмысы туралы

«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік Қоғамының Қазалы филиалы - «Қазалы теміржол ауруханасында» Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары - елдің 5 институционалды реформаларын орындауға бағытталған 100 нақты қадам» Бағдарламасын денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму саласы бойынша халық арасында насихаттауды күшейту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып, жүргізуде.

Аталған бағдарламаны насихаттау үшін филиал директорының 11.08.2015 жылғы №147-НҚ бұйрығымен аурухана бойынша ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Есепті кезеңде қызмет аймағындағы тұрғындармен, теміржолшылар және олардың отбасыларымен кездесулер, аурухана ұжымы мүшелерімен жалпы жиналыстар өткізіліп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (80-қадам), жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу (81-қадам), ДСӘД министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру (82-қадам) жөнінде көтерілген мәселелер мен жолданған сауалдар бойынша ақпараттық насихаттық топ мүшелері тарапынан жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

 

 

Сурет shymkent.inform.kz сайтынан алынды

 

 

Филиал директоры Қ. Ршымбетов

 

 

5-09-2016, 11:50

Филиал директоры туралы арнайы басылымда

"Қазақстанның медициналық қауымы" атты арнайы басылымында филиал директоры Қ.Ршымбетов туралы мақала жарияланды. №9 Алматы 2015/2016. Идеясы: Маржан Жолдыбектікі.
Филиал директоры туралы арнайы басылымда
Филиал директоры туралы арнайы басылымда
Филиал директоры туралы арнайы басылымда
11-07-2016, 11:12

Филиал директоры облыс әкімінің "Құрмет Грамотасымен" марапатталды

Филиал директоры облыс әкімінің "Құрмет Грамотасымен" марапатталдыОблыс орталығындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіндегі салтанатты шарада филиал директоры Құбыл Ршымбетов облыс әкімінің "Құрмет Грамотасымен" марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын!

 

Филиал ұжымы

20-06-2016, 11:25

"Денсаулық қызметкерлеріне арналған салтанат"

"Денсаулық қызметкерлеріне арналған салтанат"Қазалы аудандық "Қазалы" газетіндегі мақала. Маусым айы, 2016 жыл.
 
 

ДЕНСАУЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТ

 

Әйтеке би кентіндегі Р.Бағыланова атындағы мәдениет орталығында ауданымыздағы емдеу мекемелерінде қызмет етіп жүрген мамандардың кәсіби төл мерекелеріне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Медицина қызметкерлерінің күнінде өмірін адам денсаулығына қамқор болуға арнаған жандардың еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев мереке иелерін құттықтап, жылы лебізін арнады.

Еңбектерімен елдің алғысына бөленген Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовке «Алтын дәрігер» төсбелгісі мен Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет Грамотасы», аудандық аурухананың дәрігері Орақ Кеубасовқа «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі тапсырылды. Сондай-ақ, бір топ медицина қызметкерлері аудан әкімінің «Алғыс Хатымен» марапатталды.

Дәрігер мамандығын меңгеруге үлкен қабілет қажет. Бұл жолдағы жандардың жүрегі кең, пейілі ақ, төзімі болаттай берік болуы керек-ақ. Себебі күн-түн демей адам жанының арашасы болуға ұмтылу, шаршамай-шалдықпай халыққа қызмет ету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өз сөзінде медицина қызметкерлерінің осындай ерен еңбектерін атап өткен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бақыткүл Әлішева әріптестеріне жүрекжарды тілегін ақтарыла жеткізді. «Үздік ауыл дәрігері» республикалық конкурсында «Қожабақы» дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Алия Қартабаева үздік үштікке ілініп, ауданымыздың мерейін асқақтатқанын мақтанышпен атап өтті.

Салтанатты шара үстінде медицина саласының ардагерлері де сый-құрметтен шет қалмады. Аудан өнерпаздары құйқылжыта ән салып, мың бұрала би биледі.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

20-06-2016, 11:07

ДЕНСАУЛЫҚ ДӘНЕКЕРЛЕРІ

ДЕНСАУЛЫҚ ДӘНЕКЕРЛЕРІ«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» - ҰЛТ ЖОСПАРЫ

 

ДЕНСАУЛЫҚ ДӘНЕКЕРЛЕРІ

 

Денсаулық – зор байлық. Адамның осы байлығы – өмірін сақтау, ұзарту жолында үнемі өз қызметін адал, мінсіз атқарып, ажалға араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегін қалай құрметтесек те артық болмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 100 нақты қадам – Ұлт жоспарындағы 81-ші қадамда жекемншік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративік басқаруды енгізу, бәсекелестік есбінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық көмекті қаржыландыру – бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту турасында нақты жазылған.

Осы бағыттағы халық игілігі үшін қалтқысыз қызмет етіп, аудандағы медицина саласының қарқынды дамуына өз үлестерін қосып отырған Қазалы темір жол ауруханасы көпшіліктің басы ауырып, балтыры сыздаса бірінші болып маңдай тірейтін мекемесіне айналды.

Теміржол ауруханасын 1994 жылдан осы уақытқа дейін басқарып отырған директор Құбыл Ршымбетов қырық жыл бойы халық денсаулығын сақтауда абыройлы еңбек етіп, құрметке бөленуде. Ол соңғы 22 жылда әрі бас дәрігерлік қызметте, іскер басшы, ұйымдастыру жұмысының үздігі, жоғары санаттағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер ретінде халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді.

Біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл, 20 жыл, «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдары мен Қазақстан Республикасы «Денсаулық сақтау үздігі», «ҚР Төтенше жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерінің иегері, үлгі аларлық қызметімен үнемі абырой биігінен көрініп жүрген Құбыл Ршымбетовпен халыққа бүгінгі күннің талаптарына сай қызмет көрсетудегі тәжірибелері жайлы әңгімелесіп, ой бөліскен едік.

 

-Теміржол ауруханасы егемендік алғанға дейін, өтпелі кезеңнен шығу жолдары, бүгінгі күнгі медициналық қызметтің жайынан хабардар етсеңіз?

 

- Аурухананың тарихы бай және өте тереңде жатыр. Атап айтсақ, 1904 жылы Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ашылып, онда фельдшер және акушер жұмыс істеген. Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты, 1905 жылы амбулатория 5 орындық теміржол ауруханасы болып қайта ашылған. Бұл ауруханада 3 дәрігер қызмет еткен, фельдшер мамандар ат арбамен үй аралап, медициналық қызмет көрсеткен. 1917 жылы теміржол ауруханасы 40 төсектік орынға көбейтілді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары теміржол ауруханасы госпитальға айналдырылып, әр түрлі жарақатпен және аурулармен түскен жауынгерлерді емдеп, соғыста халқымыздың жеңіске жетуіне өз үлесін қосты. Қазалы теміржол ауруханасы 1970 жылы 220 төсек-орынға көбейтілді.

Еліміз егемендік алғаннан кейінгі өтпелі кезеңде аурухана жұмысында көптеген қиыншылықтар кездесті. 2010 жылдың 12 қаңтарынан бастап «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ директорлар кеңесінің №1 хаттамасына сәйкес облыс әкімінің келісімімен «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды.

 

-Бүгінгі таңда науқастарды емдеп, сауықтыруда замануи техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтаудың алатын орыны ерекше. Осыған орай жасалған жұмыстар мен оған мамандар даярлау мәселесіне тоқталсаңыз.

-Аурухана мен емхана бойынша пациенттердің тіркелуі үшін барлық бағдарламалар енгізілген.

Аурухана бүгінгі күннің талаптарына сай медициналық техникамен жарақтандырылған, алдыңғы қатардағы дүниежүзілік өндірушілер шығарған ең соңғы үлгідегі жабдықпен көп мөлшерде (290 бірлікке дейін) қамтамасыз етілген. Бұл медициналық техникалар диагностиканың 60 түрін, эндоскопия, биохимия, аудиометрия зерттеулерін және басқаларын жүргізуге мүмкіндік береді. 2015 жылдың өзінде жалпы құны 42029105 теңгелік медициналық жабдықтардың негізгі құралдары, оның ішінде лизинг арқылы 730234 теңгеге рентгендік диагностикалық хирургиялық мобильді «С» дуга аппараты, 4499999 теңгеге реанимобиль «жедел жәрдем» автокөлігі және басқа да медициналық құралдар сатып алынды.

Қабылдау, жансақтау, терапия бөлімдері мен ЭКГ-кабинетіндегі көп арналы 4 электрокардиографпен жұмыс істеуді әрбір кезекші мейірбике меңгерген. Дәрігер-кардиологтар түрлі-түсті 12 каналды «Кардиограф М», «Холтер-ЭКГ, АГ» аппараттарымен және эхокардиография жасау үшін арнайы дайындықтан өткізілген.

 

 

«Қазалы» газеті, №44 (832). 11.06.2016 жыл

14-06-2016, 10:36

Аурухананың жабдықталуы туралы

Аурухананың жабдықталуы туралыТарихы ғасырдан асқан темір жол ауруханасы 90-шы жылдардағы қиындықтарға да мойымай, заман көшіне ілесе білді. Бойын тіктеп облыс деңгейіндегі медициналық қызмет көрсете алатын денсаулық сақтау кешеніне айналды. Оның басты себебі ұжымның бірлігі, алға қойған мақсатқа бір кісідей жұмылуы деп ойлаймын.

Басқасын айтпағанда соңғы үш жыл көлемінде аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсарып қана қоймай, жаңа заманауи медициналық әдістер енгізілді.

Аурухана кейбірі тек облыс орталықтарында ғана бар қуаты мықты компьютерлік томография, аса жоғары дәлдіктегі ультрадыбыстық, рентгендік аппараттармен, гемодилиз, барокамера, офтальмологиялық саңылаулы шам, нейрохирургиялық, стоматологиялық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ сумен емдеу, сүлік салу, «алтын ине», түрлі физиотерапиялық аппараттар арқылы емдеу жолымен ем ықпалдылығы артуда.

Аурухана көптеген қызметін Қазалы ауданының тұрғындарына ғана емес, көршілес Арал және Қармақшы аудандарының тұрғындарына да көрсетеді.

Жылма-жыл «Денсаулық» поезы арқылы кіші станциялар мен разьезд тұрғындарына білікті мамандар арнайы барып, күрделі медициналық қондырғылар арқылы тегін кеңес беріп, тексеруден өткізеді.

Кезінде менің Испания және Үнді елдеріне сапар шегуіме тура келді. Сол жердегі озық тәсілдерді көзбен көріп, ойыма түйіп шама шарқым келгенше ауруханаға енгізуге тырыстым.

Ауыз толтырып айтарлық жаңалықтардың бірі ауруханада жамбас буынына, миға күрделі операциялар жасалады. Осы жылда «Телемедициналық» байланыс іске қосылды. Бұл арқылы күрделі науқастар еліміздің іргелі клиникаларынан кеңес ала алады және дәрігерлер білімін жетілдіреді.

Аурухананың бюджеті жылма-жыл артып келеді.

Басты міндет Елбасы Жолдауларынан туындайтын тапсырмаларға ұжымының үн қосуы және денсаулық сақтау саласына қатысты тұстарына көңіл бөлуі. Мұны мен аурухана басшысы ретінде сеніммен айта аламын.

 

Құбыл РШЫМБЕТОВ,

директор

10-03-2016, 16:30

Тәуелсіздік Күнімен құттықтау

Тәуелсіздік Күнімен құттықтау Қадірлі әріптестер!

 

Осыдан тура 24 жыл бұрын Қазақстанның Жоғары Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Егемендігі және тәуелсіздігі туралы Заң” қабылдады. Сол сәттен бастап еліміз "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні” Ұлттық мерекесін тойлай бастады.

Тәуелсіздік алу – бұл халықтың ерік-жігерінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақстан елінің қайта құрылуы мен жаңғыруы болып табылады.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен табыстары мен жетістіктері еліміздегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың заңды нәтижесі екені белгілі. Мұнда еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні құтты болсын!

Егемен елімізде әрқашан тыныштық, бейбітшілік, ынтымақ орнасын.

Ата-бабаларымыздың аманаты болып табылатын қасиетті жеріміздің тұтастығы әрқашан ажырамасын.

Бәріңізге, отбасыларыңызға аманшылық, ашық аспан, саулық тілеймін!

 

 

 

Құбыл РШЫМБЕТОВ,

филиал директоры

11-12-2015, 15:48

Аурухана аудан әкімінің "Алғыс Хатымен" марапатталды.

Аурухана аудан әкімінің "Алғыс Хатымен" марапатталды.Аурухана аудан әкімінің "Алғыс Хатымен" марапатталды.
9-09-2015, 15:11