» » Аурухана жетістігі облыстық медициналық газетте

Аурухана жетістігі облыстық медициналық газетте

Скачать файл: syr-medicinasy-1.pdf [688.21 Kb] (cкачиваний: 21)
Посмотреть онлайн файл: syr-medicinasy-1.pdf
Аурухана жаңа қондырғылармен толыға түсті

 

 

 

Аурухана жетістігі облыстық медициналық газеттеРесми бекітілмесе де, ел ішінде «ауданаралық аурухана» атауына ие болған «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ «Қазалы темір жол ауруханасы» Қазалы ауданымен қатар көршілес Арал және Қармақшы аудандарының тұрғындарына да жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Өйткені аты аталған аудандарда жоқ компьютерлік томография, жоғары дәлдіктегі УДЗ, «С-Дуга» заманауи рентгендік аппараты, гемодиализ, плазмаферез, барокамера және т.б. медициналық жабдықтар, зертханалық аспаптар тек осы ауруханада. Оған қоса бұл жабдықтармен жұмыс істей алатын мамандар да дайындалған.

Жыл басында Қазалы темір жол ауруханасы Қазақстан Республикасының электрондық желісі республикалық орталығына, яғни телемедицинаға қосылды.

Аурухана жетістігі облыстық медициналық газеттеЕлімізде телемедицина 2004 жылдан бастап қолданысқа енгізілген. Алғашында жер үсті ақпарат алу-беру құралдары арқылы байланыс жүргізілсе, бүгінде жер серіктік арналармен ақпарат алмасу атқарылады. Телемедицинаның бір тиімділігі кезек күттірмес, шұғыл жағдайларда дәрігерлер науқас адамды тасымалдамай-ақ күмәнді диагноздың шешімін алыстағы әріптестерімен ақылдасып дәл таба алады.

Ауруханадағы телемедицина қондырғысы арқылы 14 облыстық ауруханамен, оның ішінде Қызылорда облыстық медициналық, перинаталдық орталықтармен, 140 орталық аудандық ауруханамен, 14 республикалық клиникалық орталықпен, ғылыми-зерттеу институттарымен және 15 денсаулық сақтау басқармасымен сапалы тікелей байланыс орнатуға қол жетті.

Филиал директоры Қ.Ршымбетовтың бастамасымен жүзеге асқан ауруханадағы телемедицина еліміздегі 198-ші қондырғы, ал темір жол ауруханаларының ішіндегі – алғашқысы.

Аурухананың медицина қызметкерлері енді бұл қондырғының нәтижесінде республикалық, облыстық жиналыстарға, басқосуларға, бейнеконференцияларға он-лайн режімде қатысу мүмкіндігіне ие болды. Телемедицинаның жұмысының ырғақты жүруі үшін жауапты үйлестіруші дәрігер және бағдарламашы бекітілген.

Аурухана жетістігі облыстық медициналық газеттеСондай-ақ ауруханада нейроинсульттік және оңалту бөлімшесі ашылған. Нейроинсульттік науқастарға қажетті жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар мен құрылғылар алынған. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы нейрохирургиялық операциялар жасауға бейімделген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 6 төсекке кеңейтілді, арнайы қондырғылармен жабдықталған нейрохирургиялық операциялардан кейінгі 4 төсектік палата ашылды.

Офтальмологиялық кабинетке саңылаулы шам алынды.

Наурыз айының басында аурухана жұмысымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев танысып, аурухана жұмысына жоғары баға берді.

 

 

Алтынкүл Асхатқызы ДӘРІБАЙ,

аурухана директорының емдеу

істері бойынша орынбасары


31-03-2016, 11:00
2 192 просмотров
Нашли ошибку?