Сіздің сәбиіңіз туылды:
Сіздің сәбиіңіз туылды: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа туған нәрестеге не береді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жаңа туылған ҚР азаматына не берілуі тиіс екені айтылды. Бұл туралы Қазақпарат.
Қордың баспасөз қызметі айтып өткендей, "Медициналық дәрі қорабына" су термометрі, медициналық термометр, зарарсыздандырылған таңғыш, мұрын жолдарына арналған сұйықтықтан тазалайтын құрал, балаларға арналған крем, балаларға арналған сабын, қолға арналған антисептик және регидратациялық тұздар, зарарсыздандырылған шөп кіреді.
Қолдан және аралас жолмен қоректенетін балаларға бір жасқа дейін тегін емшек сүтін алмастырғыш мына жағдайларда беріледі:
— Егер емізетін анада ВИЧ инфекциясы, туберкулездың белсенді түрі анықталса;
— Егер ана цитостатиктерді, радиактивті, тиреоидты, психотропты, есірткілік препараттарды қабылдаса;
— Егер емізетін ананың қан жүйесінде және қантүзу аппараттарында ауыр дерттердің, онкологиялық аурулардың түрі болса, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына байланысты бүйректің ауыр дерттерімен ауырса, іріңді-септикалық аурулар, гипогалактиканың алғашқы формалары болса;
— Психологиялық аурулары болса (психоз және босанғаннан кейінгі ауыр депрессиялар), туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары болған жағдайда, жүрек дерттеріне шалдықса, эндокринді аурулардың ауыр дерттері кездессе, аллергиялық аурулардың күрделі түрлері кездессе;
— Егер балада туа біткен лактазды жетіспеушілік, галактоземия, фенилкетонурия, "үйеңкі шәрбаты" ауруы болса;
"Қоспа асыранды нәрестелерге, көпұрықтық жүктіліктен туылған балаларға, аналары стационалық емде жатқан балаларға, күндізгі бөлімде оқитын студент-аналардың балаларына беріледі", — деп толықтырды ӘМСҚ.
Антибиотиктер жайлы 20 шындық
Халықтың медициналық білімін жетілдіру мақсатында білікті клинфармаколог Жанар Сыздықованың кеңесінKyzylorda-news.kzel.kzсайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.
- Алкоголь антибиотиктердің тиімділігін төмендететіні рас па?
- Иә. Себебі, Антибиотик және алкоголь бір-бірімен үйлеспейтін екі нәрсе. Алкоголь антибиотиктердің жанама әсерін күшейтеді. Ұйқының қанбауы, бас айналу, жүректің айнуы, асқазан бұзылысы секілді жайсыздықтарға тап боласыз.
Одан бөлек:
– бас ауруының күшеюі;
– асқазанның түйілуі, лоқсу;
– тершеңдік;
– жүрек соғысының жиілеуі;
– қан қысымының лезде көтерілуі;
– бауырдың бұзылысы;
– теріде аллергиялық белгілер;
– ең ауыры – өлімге әкеледі.
Бұл уақытта организм инфекцияның әсерінен әлсіреп тұрғандықтан, алкоголь денсаулыққа зиян келтірмейді дегеннің өзінде тезірек айығуға кедергі болады.
Спирттік сусындарды тек антибиотиктерді қабылдап жүрген уақытта ғана емес, одан кейінгі үш-төрт күн бойы қабылдамаған дұрыс!
- «Антибиотиктерді алма шырынымен, сүтпен ішуге болмайды», – дейді, расымен солай ма?
- Расында апельсин, грейпфрут, алма, ананас және тағы басқа шырындармен, сонымен қатар сүтті тағамдармен ішуге тиым салынады. Неге? Себебі, бұл айтылғандар (ілгерідегілер) антибиотиктердің сіңу процесін өзгертіп, емделу тиімділігіне зиянын тигізеді.
Сол сияқты бұл сұйықтықтарды таблетка қабылдаған соң, үш сағаттан кейн ішуге болады.
Ең дұрысы – бөлме температурасындағы су. 200 мл мөлшерде су ішуге тырысыңыз. Бұл лоқсудың алдын алып, асқазанмен байланысты кері эффектілердің туындауынан сақтайды.
- Антибиотиктерді тамақтану барысында қабылдаса бола ма?
- Бұл жерде сізге тағайындалған антибиотиктің түріне байланысты. Кейбіреулерін міндетті түрде бос асқазанға ішу керек, сонда ғана оның әсері жақсы болады. Ал кейбірін тамақтанып болған соң, қабылдайсыз. Бұл үшін дәрігеріңізбен ақылдасып немесе препараттың нұсқаулығына көз жүгірткен абзал.
- Антибиотикпен үйлестіруге келмейтін қандай тағам түрлері бар?
- Қатаң тиым салынған тағам түрлері жоқ, сондықтан рационыңызды өзгертудің қажеттілігі шамалы.
Уақытша ұсыныстар ғана болуы мүмкін. Жоғарыда антибиотикті сүтпен бірге ішуге болмайтыны туралы сөз қозғалды. Сол секілді май, йогурт, сыр мен тағамдық қоспаларды таблеткаға дейін бір-бір жарым сағат, қабылдағаннан кейін үш сағат пайдаланбаған жөн.
- Ал дәрі ше?
- Спиртке негізделген кез келген препараттармен қатар ішуге тиым салынады. Айтпақшы, бір қарағанда спиртпен тамақты шайып, не сүрту пайдалы болып көрінгенімен, одан да зиян шегуіңіз мүмкін.
Ал басқа да кері әсері бар препараттардың тізімі антибиотиктің нұсқаулығында тұрады. Оны міндетті түрде оқып шыққан жөн. Себебі, олар бір-біріне жанама әсер етіп, ағзаға пайдасын азайтады.
- Кері әсерін төмендету үшін антибиотиктерді белгіленген мөлшерден аз қабылдаса бола ма?
- Жоқ. Сіз өз организміңізге зиян келтіріп қана қоймай, бактерияларға да жағдай жасап бересіз. Оның нәтижесі көңіліңізден шықпайтыны анық. Шалажансар микробтар мутацияланып, антибиотиктерге үйреніп алады. Бұл – қабылдап жатқан препараттан ешқандай пайда күтпе деген сөз. Сіз дерттен айықпағандықтан, дәрігеріңіз жаңа препаттарды тағайындауға мәжбүр болады.
Есте сақтаңыз: антибиотиктің дозасын әуел бастан сіздің организміңізге зияны аз тиетіндей, ал бактерияларды тиімді құртуға лайықтап тағайындайды.
- Жұту оңай болу үшін таблеткаларды бөлшектеуге бола ма?
- Жоқ, бұл антибиотиктің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
- Антибиотиктерді бір тәулікте қалай дұрыс қабылдауға болады?
- Антибиотиктің тиімділігі бір күнде қалай қабылдағаныңызға да байланысты. Егер «тәулігіне екі рет ішу керек» десе, әр 12 сағат сайын қабылдап отырыңыз. Ал үш рет деп көрсетілсе, қабылдау уақытының арасы сегіз сағаттан болады.
- Антибиотиктер гормондық контрацептивтердің тиімділігін төмендететіні рас па?
- Рас. Міндетті түрде дәрігеріңізге қалай қорғанатыныңызды жеткізіңіз. Ол сізге жүкті болып қалмау үшін кеңес береді.
- Неге антибиотиктер ішектерде проблема тудырады?
- Антибиотиктердің басты тапсырмасы – ауру тудыратын бактерияларды өлтіру. Соның нәтижесінде микроағзадағы теңгерім бұзылып, диарея, іштің кебуі, метеоризм секілді жағымсыздықтарға ұшыратады. Бір апта қабылданған антибиотик ішектегі микрофлораның құрамын бір жылға дейін өзгертіп жібереді.
- Ішекті тезірек қалыпқа келтіру үшін не істеу керек?
- Тірі микроағзасы бар биоқоспаларды қабылдауға (пробиотиктер) болады. Бұл антибиотиктерден әлсіреп қалған ішекке орналасып, микрофлораны қайтарып, бұрынғы қалпына келтіріп, бұзылыстардың қаупін төмендетеді.
Зерттеулер дәлелдегендей, ең жақсы нәтижені сүт қышқылды бактериялары бар пробиотиктер мен Saccharomyces boulardii ашытқыш саңырауқұлақтары береді.
Мұндай биоқоспаларды антибиотиктерді қабылдап жүріп те, толық крусын қабылдап болған соң да пайдалануға рұқсат. Тек олардың арасында үш сағаттық үзіліс болу керек. Әйтпесе, қоспаның пайдасы ұзаққа сақталмайды.
- Ішектегі микрофлораларды қалыпқа келтіру үшін йогурт пен айран ішсе бола ма?
- Пробиотиктер азық-түліктерде де кездеседі. Ішектің жағдайын жақсарту үшін антибиотик терапиясы кезінде немесе аяқтаған соң ферменттелген тағамдарды рационыңызға енгізіңіз: ашытылған қырыққабат; уксус қолданылмаған тұздалған тағамдар; мисо жапон сорпасы; ферменттелген тұзды сүт өнімі; сүт қышқылы (йогрут пен айран).
- Антибиотиктің бір курсын қабылдасам да, жазылатын түрім жоқ. Не істеу керек?
- Инфекция қайта келгені – жақсы белгі емес. Мүмкін бактерияларыңыз сіз ішкен препаратқа бейімделіп алған болар. Десе де, бұл да нақты жауап болмайды. Әлсіз иммунитетіңізбен жаңа бактериялық ауруды қағып әкеткен шығарсыз. Қандай жағдай болмасын, емдеп жатқан дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Ол сізге басқа антибиотиктер жазып беруі керек.
Екі курстың ортасында уақыт жоғалтып немесе төзе тұрамын деп ойламаңыз. Сізге бастысы – дертті жылдамырақ жеңу.
- Антибиотиктерді жиі-жиі іше берсе, әсері болмай қалуы мүмкін бе?
- Мүмкін, тіптен тиімділігі жоғалу да ғажап емес. Микробтардың антибиотиктерге төзімділігі адам денсаулығына ең үлкен қауіп әкеледі. Микроағзалар мутацияланып, дәрілерге бейімделіп алады. Оның нәтижесінде әлі заманауи ғылым жеңе алмай келе жатқан жаңа супербактерия дүниеге келеді. Бұл – өте қауіпті! Мәселен, антибиотиктерге төзімділігі кесірінен туберкулезден жылына 250 мың адам ажал құшады.
Өкінішке қарай, сол супербактериялардың өмірге келуіне өзіміз кінәліміз. Антибиотиктерді дұрыс пайдаланбаймыз немесе соңына дейін жеткізбейміз, дәрігерге жүгінбей өздігімізден препараттарды жөн-жосықсыз қабылдай береміз.
Антибиотиктердің жұмысын жақсартқыңыз келсе, оларды қабылдаудағы басты тәсілдерден ауытқымаңыз.
- Ағзаға зиян келтірмес үшін, антибиотиктерді жылына қанша рет қабылдаған дұрыс?
- Антибиотиктер дәрумен емес. Оны тек дәрігердің тағайындауымен ішу керек. Егер сізде бактериялы инфекция болса, терапевт сізге өткен жылы қанша рет қабылдағаныңызға қарамай, антибиотик жазып береді.
- Балаларға антибиотик қабылдауға бола ма?
- Әлбетте. Егер балада бактериялы инфекция болса, дәрігердің белгілеуімен антибиотиктер ішуге болады.
-Антиобиотиктер қан анализіне әсер ете ме?
- Иә. Кейбір антибактериялы препараттардан:
– Лейкоциттердің деңгейі төмендейді. Нақты айтқанда дәл мұндай реакцияны көпшілігімізге таныс антибиотик левомицетин (хлорамфеникол) береді;
– Гистамин деңгейі өседі. Бұлай гликопептидті антибиотик жұмыс жасайды;
– Бауыр сынамасының нәтижесі бұрмаланады. Бұл эффект пенициллин және стрептомициннен келеді.
– Сонымен қатар, антибиотиктер гемоглобин мен тромбоциттер деңгейін түсіріп, қанның ұю уақытын созып, антиглобулин тестінің нәтиежесін бұрмалайды.
Мұндай кері көрсеткіштердің болатынын медицина мамандары жақсы біледі. Сол себепті, сізді қан анализіне антибиотикті тағайындаған дәрігер жіберсе, препараттың әсерін есепке алып, дұрыс нәтиже шығаратынына күмәніңіз болмасын.
Ал егер басқа дәрігер жолдаса, оған міндетті түрде антибиотик қабылдағаныңызды ескертіп қойыңыз.
- Антибиотиктер қан анализіне әсер етуін қашан тоқтатады?
- Антибиотиктердің қаншалықты көмегі болғанын білу үшін, қан тапсыру уақытын, емдеу курсын қабылдаған соң 14 күн өткенде ғана белгілеңіз.
- Антибиотик қабылдап жүріп күнге күюге (загар алуға) бола ма?
- Кеңес берілмейді. Кейбір антибиотиктер терінің фотосезімталдығын арттырады. Бұл дегеніңіз, күнге күю (загар) кезінде теріңіз пигментенуге ұшырауы мүмкін.
Егер күннің сәулесіне шомылуға ынтығып тұрсаңыз, өз дәрігеріңізбен ақылдасқаныңыз жақсы.
- Спортпен шұғылдануға ше?
- Дұрысы – шұғылданбау! Антиобиотиктердің кері әсері шаш етектен – диареядан бастап, жүрек аритмиясына дейін баруы ықтимал. Онымен қоса, сіңірлердің жағдайы күрт нашарлап кетеді. Тиісінше, ол түрлі жарақаттарға шалдықтырады. Сол себепті антибиотиктерді қабылдап жүрген уақытта, мүмкіндігіңізге қарай, спорттық жаттығуларды қоя тұрыңыз. Егер фитнес залына баруды жалғастырсаңыз, жүктемені азайтып, жаттығу уақытын да біршама қысқартыңыз.
Ауруды жеңу – өз қолыңызда...«Қазіргі қуанышты жаңалық осы» Біртанов сүйінші сұрады
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінен кейін журналистердің сұрағына жауап берді. «Денсаулық саласына қатысты Мемлекет басшысы нақты тапсырма қойды.
Елбасы тікелей атап өткендей, дамытуды қажет ететін ең маңызды бағыт – алғашқы медициналық көмек, амбулаториялық көмек. Себебі дамыған елдерді алсақ, жалпы бүкіл дәрігердің консультациялық көмегінің 80%-ы – алғашқы медициналық көмектің мамандары, яғни жергілікті учаскелік дәрігерлер, терапевт, педиатрлар», — деді Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, ол осы бағытты дамыту үшін бірнеше нақты тапсырма берілгенін атап өтті. «Елбасы Жолдауында да ең жиі кездесетін ауруларды арнайы мемлекеттік бағдарламаға көшіруді айтты. Осыған орай, 2019 жылдың қаңтарынан бастап, осы бағдарламаны енгізіп жатқан дәрігерлердің, мейірбикелердің жалақысын 20% көтердік. Қазіргі қуанышты жаңалық – дәрігерлердің жалақысын көтеру», — деп сөзін жалғады министр.
Сондай-ақ, Елжан Біртанов министрлік осы саладағы басым бағыттарды игеруге дайын екенін айтты. «Алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жұмыстар басталып кеткен. Ол үшін дәрігер үйге жақын болу керек. Біз үлкен ауруханаларда 20 дәрігер отырғанына үйреніп қалғанбыз. Оған жету үшін тұрғындар 40 минут кететінін анықтадық. Автобусқа отырып жеткенше ұзақ уақыт. Енді осының орнын толтыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде кіші орталықтар ашылады. Сонда дәрігерге 5-10 минутта жететіндей қыламыз. Осылайша, халық алғашқы медициналық көмекке тез қол жеткізеді», — деп сөзін түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.
Мейірбикенің жалақысы 100 мыңға дейін өседі - Елжан Біртанов
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 30 процентке көтеруге қатысты есеп-қисапты жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап жалақысы төмен барлық медбикелер және кіші медициналық персоналдың жалақысы 30 процентке өседі. "Мысалы, мейірбикенің орташа жалақысы 76 мыңнан 100 мыңға дейін көтеріледі. Ал кіші медициналық персоналдың айлығы 48 мыңнан 64 мыңға артады. Оған қоса, жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлердің жалақысы да ұлғаятын болады. Жалпы, 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі. Осыған орай, 2019 жылы республикалық бюджеттен 37,6 миллиард теңге, ал 2020 жылдан бастап 78,7 миллиард теңге бөлінеді", - деді Е.Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Айта кетейік, кеше "Нұр Отан" партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көтеруді тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 25 процентке көтеріледі. Осы мақсатта 1 триллионға жуық қаржы бөлінеді.
Тексерілген медициналық анықтаманың үштен бірі жалған болып шықты
Қызылорда облысында тексерілген №086 медициналық анықтамалардың үштен бірі жалған болып шыққан, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері ашық талқылауға түсті. Басқосуда аса бір қажеттілікті тудырмайтын, бірақ көптеген жағдайларда талап етілетін анықтамалар жайы да сөз болды.
«Қазіргі таңда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында құрылған «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арқылы мекенжай, №083, №086 медициналық және өзге де кейбір анықтамаларға талдау жүргізіліп келеді. Нәтижесінде кейбір анықтамаларды қолданыстан алу жөнінде ұсыныс беру жоспарланып отыр. Көп жағдайда бұл құжаттар белгілі бір шешім қабылдауға ешқандай әсер етпейді», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов.
2017 жылы Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдары 11 450 №086/е үлгісіндегі медициналық анықтама берген. Бұл көрсеткіш былтыр 2,5 есеге артып кеткен. Олардың саны 28 529-ға жеткен.
«Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірге мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде зерттелген 164 дана №086/е медициналық анықтаманың 53-інің шынайлығы күмән тудырды. Аталған дерек бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Одан бөлек осы бағытта интернет сайттар мен әлеуметтік желілердегі хабарландыруларға мониторинг жүргізілді. Онда санитарлық медициналық кітапшаны, құжаттарды дайындап беретінін айтқан хабарландырулар кездескен. Сол бойынша «Жасырын сатып алушы» әдісімен жалған санитарлық кітапшаны әзірлеу дерегі анықталды. Ол бойынша тиісті құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.
https://syrboyi.kz/zedelnews/28483-tekserlgen-medicinaly-anytamany-shten-br-zhalan-bolyp-shyty.html
МӘМС: жарна мен аударым мөлшері қандай?
Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 80-ші қадамында айтылғандай, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде іске асырылатын болады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» туралы заң 2015 жылдың 16 қарашасында қабылданды. Осы Заң аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ құрылды. 2017 жылдың маусым айында аталған қордың филиалдары еліміздің әрбір облыстарында ресми түрде ашылды. Шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер және азаматтық құқықтық шарт арқылы жұмыс атқаратындардан аударымдар мен жарналар тұрақты аударылып келеді.
Қазіргі таңда «МӘМС» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осыған сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мен аударымдар 5 түрлі форматпен жүргізіледі. Олар: әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға мемлекеттің жарнасы; жұмыс берушінің әрбір жұмысшыға аударатын аударымдары; жұмыскерлер жарналары; жеке кәсіпкерлер жарналары (1,4 ЕТЖКдан) және белсенді емес тұрғындар (1 ЕТЖКдан).
2017 жылдың шілде мен желтоқсан айларында жұмыс берушілер жұмыскерлеріне айлық табысының 1% көлемінде өз пайдасынан төледі, ал жеке кәсіпкерлер сол жылғы ең төменгі айлық жалақының 2 еселеген мөлшерінің 5%-і көлемінде және азаматтық құқықтық келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратындарға айлық табысының 5%-і көлемінде жарна мен аударымдар аударып отырды. Әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға мемлекет жарнаны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен екі жылды қоса алғандағы орта айлық жалақының 1,4% көлемінде 13 санат бойынша ай сайын аударып отырады. Аударылған аударымдар мен жарналар Ұлттық банкте сақталады және Қордың ресми сайтында ашық көрсетілім табады.
2018-2020 жылдарға белгіленген МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері жұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төлемейді де, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшін) 1,4 еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттар ең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет 2020 жылы жеңілдігі бар санаттар үшін мемлекеттік статистика органы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 1,4% көлемінде жарна аударады, жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынан алынатын жарнаны ұстап қорға аударып отырады (2020ж – 1%, 2021ж – 2%).
Ал, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тарапына келетін болсақ, оның негізгі міндеті медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру және азаматтарды сақтандыру үшін аударылатын аударымдар мен жарналарды жинақтау болып табылады. Жинақталған аударымдар 2020 жылы енгізілетін сақтандыру пакеттеріне кеткен шығындарды өтеуге жұмсалады.
Облыс бойынша айтар болсақ, Қор 2018 жылы филиал 67 медицицналық мекемемен 38 917,7 млн. тг.теңгеге келісім-шартқа отырды. (30-мемлекеттік, 37-жеке клиникалар) Жеке клиникалардың саны жылдан жылға артуда.
Ал, Қордың дерекқорына қазіргі таңда 92 медициналық ұйым тіркелді, оның 62 – жеке клиника, 30 – мемлекеттік. 2019 жылға 74медициналық ұйыммен 41 757 640,8 мың теңгеге 99 келісім шарт жасалды. Мұндағы, 30 (41%) мемлекеттік МҰ 49 (49,5%) келісім-шарт жасалса, бюджеті – 37 798 127,4 мың теңге (90,5%), жеке нысандағы 44 (59%) МҰ 50 (50,5%) келісім-шарт жасалды, бюджеті – 3 959 513,4 мың теңге (9,5%). Биылғы 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс орналастырылған медициналық ұйымдар саны 2018 жылмен салыстырғанда 7 мекемеге немесе 16%-ға өсті, олардың барлығы жеке меншік нысанындағы субъектілер.
Айта кету керек, қазіргі кезде арнайы Денсаулық сақтау кодексінде және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңдарына өзгерістер мен толықтырулар жасау жағдайлары қаралды. Сол себептен МӘМС жүйесінің толық жұмыс жасауына кедергі келтірген белсенді емес тұрғындар жыл соңына дейін нақтылануға қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы уақытта тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті және Медициналық сақтандырудың медициналық пакеттерін нақты бекітілді. Сол пакеттер арқылы барша азаматтар медициналық қызмет алатын болады.
Атап айтқанда:
ТМККК жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне:
Барша азаматтарға
Жедел әрдем және санитарлық авиация,
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек
Шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек
Паллиативті көмек
Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде
- Консультативті-диагностикалық қызмет
- Амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
- Жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек
- Туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту
МӘМС(сақтандырылғандарға арналған) жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне:
Консультативтік-диагностикалық көмек:
Ересектерді профилактикалық тексеруден өткізу
Балаларды мамандандырылған деңгейде тексеру
Бағасы қымбат зертханалық қызметтер:гормондар, дәрумендер, онкомаркерлер, антиденелер, ПЦР
Бағасы қымбат диагностикалық қызметтер:КТ, МРТ т.б.
ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету
ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша жоспарлы стационарлық көмек көрсету
Балалар мен ересектерді: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салалары бойынша медициналық оңалту.
Абылайхан Рахымов,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалдың бас сарапшысы
Сурет Islam.kz сайтынан алынды.
https://syrboyi.kz/akparat/28276-mms-zharna-men-audarym-mlsher-anday.html
Аймақ медицинасы алға басты
Адамзатүшінасабағалыекіқұндылықбар. Бірі - уақыт, екіншісі - денсаулық. Бүгініміздіңбүтін, келешегіміздіңкемелболуыұлтденсаулығынатікелейбайланысты. Бүгінбізосыбағыттаоблыстаатқарылыпжатқантындырымдытірліктөңірегіндесөзқозғамақпыз.
Серпінгебастайтынстатистика
Қазіргі кезде аймақ басшылығы денсаулық сақтау саласының дамуына айрықша көңіл бөліп отыр. Сөзіміздің дәлелін облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған соңғы 5 жылдың статистикасынан көреміз. Заман талабына сай жаңа технологияны қолданысқа енгізу, материалдық-техникалық базаны күшейту, профилактикалық, диагностикалық және емдік шаралар мақсатындағы қаржыландыру көлемі осы аралықта 39,8%-ке артты. Елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының 63%-і жаңартылды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 9 дәрігерлік амбулатория, жергілікті бюджет есебінен 4 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық бекет қызметін пайдалану мүмкіндігі туды. Денсаулық сақтау ұйымдарын талапқа сай техникамен жабдықтау көрсеткіші 34,9%-ке өсті. Соңғы 2 жылдың өзінде 25 нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында облыстық балалар ауруханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы, Жаңақорған аудандық емханасы, 14 дәрігерлік амбулатория мен 11 медициналық бекет бар.
Бір жыл бұрын облыстық медициналық орталықтың Байқоңыр филиалында Қазақстан азаматтарына арналған емхана жұмысын бастады. Оған 25 мыңнан астам отандасымыз тіркеліп, қызметін пайдалануға көшті. Бұған Қармақшы ауданына қарасты Ақай мен Төретам елді мекендерінің тұрғындары қатты қуанды. Өйткені ауылдағы ағайын басы ауырып, балтыры сыздаса, 90 шақырым қашықтықта орналасқан Жосалы кентіне қатынауға мәжбүр еді.
– Жедел жәрдем қызметін жаңғырту жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 14 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымында арнайы медициналық көмек бөлімшелері ашылды. Жаңадан 28 топ іске қосылып, бір топтың орташа тәуліктік жүктемесі 2 есе төмендеді. Нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларына шақыру түскен сәттен бастап айтылған мекен-жайға жету уақыты орта есеппен 11,5 минуттан 9,8 минутқа қысқарды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Сыр өңірінде санитарлық авиация жұмысы жақсы жолға қойылған. Аталған қызмет түрі технологиялық тұрғыдан жетіліп, медициналық көмек сапасы едәуір артты. Арнайы автокөліктерге қондырылған GPS құрылғылары реанимобильдердің қозғалысын бақылап қана қоймай, межелі жерге жедел жетуге мүмкіндік береді.
Біліктікадр - сапалықызмет
Аймақ медицинасында маман тапшылығы мәселесі біртіндеп оң шешімін тауып келеді. Бұған атқарылып жатқан ауқымды жұмыс септігін тигізіп отыр. 2016 жылдан облыс әкімінің гранты негізінде еліміздің 5 жоғары оқу орнында 42 жас даярлана бастады. Олардың алғашқы легі биыл оқуды аяқтап, туған жерге келіп қызмет етуге әзір. Атап айтқанда, 2019 жылы – 16, 2020 жылы – 15, 2021 жылы – 10, 2022 жылы 1 дәрігер резидентураны бітіреді. Тәжірибелі 30 дәрігерді даярлау үшін биыл тағы облыс әкімінің арнайы гранты бөлінді.
Республикадағы жетекші медициналық оқу орындарымен жасалған меморандумдар шеңберінде маман әзірлеу, олардың біліктіліктерін көтеру көзделіп отыр. Бұл – саланы қажетті маманмен қамтамасыз етудегі игі қадамдардың бірі. Ақ халаттылардың білімін шыңдап, кәсібилігін арттыру үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлініп келеді. Соның есебінен өткен жылы 767 маман білімін жетілдірсе, 720 дәрігер шеберлік дәрістеріне қатысып, құзыреттіліктері мен біліктіліктерін жоғарылатты.
Алыс-жақын шет елдерде болып, тәжірибе алмасып, көрген-білгенін жұмыс барысында кәдеге асырып үлгергендер аз емес. Солардың бірі – облыстық балалар ауруханасының бас мейірбикесі Гаухар Әбенова. Ол былтыр сәуірде Финляндия елінде тағылымдамадан өткен 16 адамның қатарында болып, мейіргерлік қызметті жаңа қырынан танып қайтты.
– Ол жақтағы әріптестерімнен көп нәрсені үйрендім. Орта буынды медицина қызметкерлерінің жекелей де, команда құрамында да пациенттерге сапалы қызмет көрсете алатынына көзім жетті. Дәрігерге дейінгі көмек сапасы айтарлықтай жоғары. Медицина ұйымдары қажетті аппаратпен, техникамен қамтылған, – дейді Г.Әбенова.
Салаға қадр тарту, олардың біліктілігін көтеру жұмысы әлі де жалғасады. Бұл өз кезегінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, халықтың медициналық көмек деңгейіне қанағаттануына әсер ететіні анық.
Дәрігерүшінде,
пациентүшінде
тиімді
Биылдан бастап емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды цифрлық нұсқада жүргізуге көшіп, қағазбастылықтан құтылуға қадам жасады. Елбасы атап өткендей, бұл 2020 жылға қарай ел тұрғындарының электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезекті жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы орайда денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында бекітілген жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кең. Қалалық, аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар толықтай интернет, компьютерлік техника және ақпараттық жүйемен қамтылды. Аталған жүйеде пациент туралы дерек көрсетіледі, ал бұл клиникалық шешім қабылдау үшін дәрігерлердің қолдануына ыңғайлы әрі тиімді.
– Облыс былтыр шілдеден бастап медициналық құжатты электронды жүйеге көшіру бойынша пилоттық жобаға қосылды. Қазіргі таңда 94 түрлі құжат электронды жүйеге көшірілді. Тұрғындарға ақпараттық және электронды көмек көрсету мақсатында «DamuMed» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілді. Ол арқылы дәрігер қабылдауына алдын ала жазылуға, дәрігерді үйге шақыртуға, рецепт, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, зертханалық талдау нәтижесі туралы мәлімет алуға болады. Бүгінде оның қызметін пайдаланушылар үлесі 41,7%-ке жетіп отыр, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы Ғайни Ерғали.
Жыл басынан бері жаңа жүйенің қызметіне жүгінгендер саны 10 есе көбейді. Оның көмегімен дәрігердің онлайн қабылдауына 122 мыңнан астам адам жазылып, 9 мыңға жуығы дәрігерді үйіне шақыртқан. Одан бөлек, халықтың белгілі бір тобы үшін скринингтік, флюроографиялық тексеруден өту керектігі туралы sms-хабарлама жіберілуде.
Мамандар цифрлық технология амбулаториялық деңгейде диагностика жүргізуге, ауру түрлерін дер кезінде анықтауға, пациенттерді уақытылы емдеуге, сауықтыруға ықпал етеді деп есептейді. Қазіргі кезде клиникалық-диагностикалық зерттеудің барлық түрі электронды түрде КМИС бағдарламасына түсірілуде. Ол арқылы дәрігер жұмыс орнында отырып-ақ мәліметпен таныса алады.
Сонымен қатар, деректерді мұрағаттау мүмкіндігі бар электронды флюротека модулі іске қосылды. Бұл облыстық мекемелердегі мамандардың қорытынды нәтижені екінші рет оқуына мүмкіндік береді. 2018 жылдың маусымынан бастап барлық медициналық ұйым еңбекке жарамсыздық парағын электронды форматта беретін болды.
Қазіргі таңда облыс тұрғындарын электронды төлқұжатпен қамту көрсеткіші 95,3%-ті құрап отыр. Дәрігер оның көмегімен пациенттің денсаулығы жөніндегі толық ақпаратқа қаныға алады. Көмек көрсету орны мен медициналық ұйымдардың ақпарат жүйесіне қарамастан, адам денсаулығына қатысты мәлімет бір базада жинақталады. Бұл шаралардың барлығы уақыт үнемдеуді, қағазбастылықтан құтылуды, халықтың медицинаға сенімін нығайтуды көздейді.
2018 жыл: көрсеткішпеннәтиже
* Сырбойылықтардың өмір сүру ұзақтығы 1,9 процентке артып, 72,6 жасқа жетті.
* 1000 адамға шаққанда өлім-жітім көрсеткіші 1,8%-ке;
* Қан айналым жүйесінен болатын өлім-жітім көрсеткіші 10,4%-ке;
* Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 0,9%-ке төмендеді.
* Қатерлі ісіктерді алғашқы сатысында анықтау көрсеткіші 15%-ке жоғарылады.
* Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 9,2%-ке;
* Одан болатын өлім-жітім деңгейі 12,5%-ке азайды.
2019 жыл: мақсат пен міндет
* Жалағаш аудандық орталық ауруханасының;
* Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде емхананың;
* Көппрофильді 300 төсек орынды аурухананың құрылысын бастау.
* Шиелі ауданындағы орталық аурухана құрылысын аяқтау.
* Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылорда қаласында №1 қалалық емхананы іске қосу.
* Қазалы аудандық ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына арнап кардиологиялық орталық;
* Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының базасында аллергологиялық, chek-up орталық ашу.
* Балаларға кардиохирургиялық және офтальмохирургиялық көмек көрсетуді жаңадан енгізу.
* Арал, Жаңақорған аудандық орталық ауруханаларын ІІІ деңгейге өткізу, облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалын перинаталды көмекті өңірлендірудің І деңгейіне өткізу.
* Облыстық медицина орталығының Байқоңыр қалалық филиалының төсек қорын 30-ға көбейтіп, жансақтау бөлімшесі бар хирургия бөлімін ашу.
* Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 1,7 млрд теңгеге құрал-жабдықтар алу (одан бөлек 500 млн теңгеге санитарлық автокөліктер алу).
Назерке Саниязова.
Елбасы денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА: СУ АЙДЫНДАРЫ ҚАУІПТІ!
Аязды күндер басталысымен облыстың су айдындары, аса қауіпті аймаққа айналады. Төтенше жағдайлар тудыруы мүмкін алғашқы мұз қату басталады, мұз адам салмағын көтеретіндей болып көрінеді. Алайда, бұл алдамшы. Осы кезде мұз бетіне шығу, оның үстіне балалар ойындарын ұйымдастыру - өзін-өзі ажал аузына апарумен тең.
Әрине, қыс кезінде негізгі «тәуекел тобына» жататын әрбір балықшының жанында болуы тиіс жеке құтқару құралдары жайлы айтпай кету мүмкін емес. Бір адамның дене салмағының қалыңдығы 7 см. жеткен мұз шыдай алады, ал бірнеше адамды көтеру үшін мұздың қалыңдығы 15 см. болуы қажет. Дәстүр бойынша әсіресе, қамысты не балдырлы сондай-ақ, бұлақтың құйылысы бар немесе түбінен қайнар ағып жатқан жерлердегі, жағаға жақын жердегі мұз жұқа болады. Сөзсіз, мұндай жерлерден қауіптену керек!
Мұз бекігеннен кейін де қырағылықты жоғалтпау қажет, мұз үстінде болған кезде міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Мұңда шетел тәжірибесіне жүгінсек артық болмас. Мәселен, Швецияда өзін сыйлайтын балықшы «өзін-өзі құтқару құралдарынсыз» мұзға шықпайды. Бұл құрал екі жағынан металл біліктерімен қол-ұстаулары бар киімге бекітілген мықты арқаннан тұрады. Жалпы алғанда, мұз астына кеткен адамға көмек көрсету үшін, әр балықшыда ұзындығы 12-15 метрден кем емес, мықты арқан болуы қажет. Балықшының өзімен бірге су бетінде адамды көтеріп тұра алатын бір тілім тығыз пенопласт болса, артықтық етпейді.
Бақытсыз жағдай бола қалса, не істеу керек?
Зардап шегуші жылымға жармаса, су бетінде ұсталынып тұруы тиіс және мұз бетіне шығуға тырысуы қажет, ал маңындағылар - дереу көмекке келу керек. Қол астындағы кез-келген қолайлы құралдардың – ұзын бөкебай, таяқ немесе жіптің көмегімен адамды тез арада жағаға шығару керек, өйтпегенде, су болған киімдері оны су түбіне қарай тартады. Құтқарылған адамды - тез арада жылытып, оған алғашқы медициналық көмек көрсету керек.
Су айдынының мұзында төтенше жағдай болған кезде «112» телефон нөмірі арқылы құтқару қызметін шақырыңыз.
Қызылорда облысының ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
Тегін дәрі-дәрмек беру барысын бақылаудың жаңа жүйесі іске қосылады
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру барысын бақылаудың жаңа түрі пайда болмақ. Жыл соңында іске қосылатын бұл жоба кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу процесін жетілдіруді көздейді.
«2018 жылдың басында Медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгертті. Яғни, бұрын дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар ақысы дәрігер жазған рецепт бойынша төленіп келген болса, биылдан бастап дәрі қолма-қол берілген рецептілерге ғана төленеді. Атап айтқанда, пациент дәріні алған кезде тиісті құжаттарға қол қояды. Содан кейін төлем туралы мәлімет «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ендігі кезеңде бақылау жүйесіне пациенттердің өздерін тарту көзделген. Бүгін біз осы жүйені нобайлы жоба ретінде іске қосып отырмыз», - деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Дәлірек айтсақ, Денсаулық сақтау министрлігі, МСҚ мен «СК-Фармация» ЖШС бірлесіп SMS-хабарлама жүйесін іске қосты. Жоба шеңберінде пациенттерге 12 желтоқсаннан 2018 жылдың соңына дейін SMS-хабарлама жіберу көзделген. Хабарлама биылғы қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттерге жіберіледі. Жоспар бойынша, хабарлама рецептілерде көрсетілген 3 млн. нөмірге түсуі тиіс.
Хабарламада дәрі-дәрмектің берілген күні мен атауы көрсетіледі. Егер пациент препараттарды алмаған болса, SMS-хабарламағажауап ретінде «0» цифрын жолдайды немесе «СК-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады.
«Әлбетте, пациенттердің амбулаторлық карталарында көрсетілген телефон нөмірлері қате болуы мүмкін. Сол себепті SMS-хабарламаны бәріне барады деу қиын. Сондықтан «СК-Фармацияның» байланыс орталығына шағымдануға болатынын еске салғымыз келеді», - деді Б. Исмаханбетов.
Алынған мәліметтер сарапталып, әр факті жеке-жеке тексеріледі. Анықталған заң бұзушылықтар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне жолданады.
Хабарлама нәтижесі мен ақпараттық жүйедегі мәліметтер арасында айтарлықтай алшақтық табылып жатса, жоба мерзімі ұзартылады. Сонымен қатар, болашақта ол кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін өзге де қызметтерге қолданылуы мүмкін.
МСҚ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмек (ТМКК) пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінің операторы. ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілген қызмет ақысын биылғы жылдың басынан бастап Қор төлеп келеді. Ал, МӘМС пакеті бойынша қызмет көрсету 2020 жылы басталмақ.
Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды «СК-Фармация» ЖШС сатып алады (МСҚ-мен арадағы келісімшарттан түскен қаржы есебінен). «СК-Фармация» дәрі мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарынан түскен өтініштер негізінде сатып алады.
2018 жылы МСҚ мен «СК-Фармация» ЖШС арасында 101,9 млрд теңгеге контракт бекітілген болатын. Биылғы жылдың 13 желтоқсанына дейін Қызылорда облысы медицина ұйымдары 4,4 млрд теңгеге рецепт жазып берген. Соның ішінде, 4,1 млрд. теңгенің дәрісі пациенттер қолына тиген.
Айгүл Аханова
https://aqmeshit-aptalygy.kz/zanalyk/7165-tegn-dr-drmek-beru-barysyn-baylaudy-zhaa-zhyes-ske-osylady.html