Өрт оқиғасы өршіп тұр
Биыл облыста өрт оқиғасының саны көбейіп отыр. Тілсіз жаудың жай-жапсарын өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында тарқатты.
- Осы жылы облыс бойынша 446 өрт оқиғасы орын алып, 34 миллион 396 мың 500 теңге материалдық шығын келтірген. Былтыр 406 өрт болып, 29 миллион 598 мың 500 теңге мүліктік шығын болған. Өрт оқиғасынан 3 адам қаза болды. Оның ішінде 1-еуі – бала. Ал жарақат алғандар саны 9 адамды құрап отыр, - деді облыстық ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев.
Өңірде2017 жылдың қаңтарынан бері түтінге уланудың 10 фактісі тіркелген. Уланғандардың 7-еуі ересек адам болса, 18-і жасөспірім. Ал жылу беру маусымы басталғаннан бері мұндай деректің тек 1-еуі ғана болған. Одан 3 адам зардап шегіп, дәрігердің көмегіне жүгініпті. Облыстық медициналық орталықтың токсиколог-дәрігері Ерболат Алдабергеновтың айтуынша, биыл уланудан емделген 18 адамның көпшілігі пештен, моншаға түскенде, газдан ақау кеткен кезде уланған.
Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына өрттен келер қауіпті сейілту үшін жауапты қызметкерлер жүйелі жұмыс жасап жүр. Атап айтқанда, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы жұмылдырылып, өрт қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыруда. Оның ішінде тұрғын үйлердегі тұрмыстық жағдайдағы от жағу пешінің қауіпсіздігі мен көмірқышқыл газына уланудың алдын алу насихатталуда. Әраптаның сенбісінде аталмыш Департамент «Өрт қауіпсіздігі күнін» жариялап, өрттің себептерін талдай отыра облыс көлемінде 66 мың 616 тұрғын үйді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балаларға өрт қауіпсіздігіне байланысты білімін арттыру үшін білім беру мекемелерімен бірлесіп, кездесу, интерактивті сабақ өткізілген.
Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА
Cурет Московская медицина сайтынан алынды.
http://halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=8199:2017-11-21-09-26-23&catid=2:2011-11-18-08-59-27&Itemid=2«Денсаулық» пойызы Алматы облысы тұрғындарын қабылдауда
2017 жылғы 15 қараша
ҚазАқпарат - Бүгін «Денсаулық» медициналық пойызы Алматы облысы тұрғындарын қабылдауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дәрігерлер 15 қарашадан бастап Қопа бекетінің халқын қабылдай бастады. Кесте бойынша «Денсаулық» медициналық пойызы осы өңірде 35 күн болады. Осы уақыт ішінде келесі 20 темір жол бекетінің тұрғындары дәрігерлер көмегіне жүгіне алады. Олар: Қопа, Достық, Жайпақ, Бескөл, Ақтоғай, Лепсі, Егінсу, Көксу, Айнабұлақ, Малайсары, Жоламан, Дала, Қосқұдық, Іле, Алтынкөл, Құндызды, Айдарлы, Тасқарасу, Шелек, Жетісу. 20 желтоқсанға дейін Алматы облысының елді мекендердің тұрғындары тегін тексеруден өтіп, ауруын анықтайды және сала мамандарынан қажетті алғашқы көмек пен кәсіби кеңеске қол жеткізіп, қажет болса, ары қарай емделуге жақын жердегі медицина орталықтарына жолдама алады. Медицина пойызының дәрігерлеріне келгенде, жеке куәлігіңізді ала келу керек. «Денсаулық» медициналық пойызының 8 вагонында науқастарды жан-жақты тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, тіс дәрігері.
Марлан ЖИЕМБАЙ
Сілтеме:http://www.inform.kz/kz/densaulyk-poyyzy-almaty-oblysy-turgyndaryn-kabyldauda_a3085860Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білесіз? (тест)
Lada.kz сіздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы қаншалықты білетініңізді анықтау мақсатында арнайы тест ұсынады.
Тесттен мына сілтемені басып өтуіңізге болaды:
https://www.playbuzz.com/fmskzc10/11-5-2017-2-45-10-pmДертке дауа тапқан дәрігер
Дертке дауа тапқан дәрігер. "Қазалы" газетіндегі дәрігер Сахи Төлегенов туралы мақала. 21 қазан 2017 жылҚҰФ: дәрі-дәрмектер туралы шындық
Қазіргі таңда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қоғамның және денсаулық сақтау жүйесінің күрделі әлеуметтік ауыртпалығы бола отырып, мемлекетке айтарлықтай мәселелер туғызатындығы анық. Жыл сайын ондаған жаңа дәрілік заттар пайда болады. Қандай да бір аурудан кезекті «ғажайып-зат» сатып алуға итермелейтін жарнама, біздің әр қадамымызда орын алады. Осындай ақпарат көптігінен адамның, тіпті денсаулық сақтау саласының маманына дұрыс таңдау жасау қиындыққа түседі. Нақты осы мәселені шешу 2016-2019 жылдарына арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға жүктелді. Жобаның бастаушысы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті болды. Ұлттық формулярды құрастыру бойынша жұмыстар өткен жылдан басталған. Нәтижесінде 2016 жылдың мамыр айында ҚҰФ пилоттық тәртіпте іске қосылды. Осылайша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде осындай ақпарат қорын құрастарған алғашқы елдің бірі болды.
ҚҰФ құрастыруға отындық мамандармен бірге Европа және Жаңа Зеландияның тәжірибелі фармакологтары тартылды. Отандық және шетелдік сарапшылардың бірауыздан айтқан пікірі бойынша, ҚҰФ - бұл дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және, дәрілік заттарды тиімді, ұтымды сатып алу есебінен бір мезгілде, бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей жоба болып табылады.
«Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр» келесідей өршіл мақсаттары бар: тек жаңа білім қорларымен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар барлық формулярлық жүйені нығайтуға және тек дәлелденген тиімділігі бар дәрілік заттарды пайдалануға мүмкіндік беретін алғашқы формуляр. «ҚҰФ қазіргі таңда Орталық Азия, және бәлкім, бүкіл әлем бойынша дәлелді ақпараттың жетекші көзі болып табылады»,- деп формулярлардың ең үздік әлемдік үлгісі ретінде танылған, Британдық ұлттық дәрілік формулярының экс-директоры Дункан Энрайт санайды.
ҚҰФ құрылымы ДДСҰ АТХ жіктелуі бойынша құрастырылған. Препарат туралы барлық қажетті деректер бір бетте орналастырылған. Ұлттық формуляр тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар жалпы халық үшін онлайн тәртіпте www.knf.kz сайтында мемлекеттік және орыс тілінде қолжетімді.
ҚҰФ құрастыруда фармакотерапия жүргізудің озық әлемдің тәжірибесі қолданды. Медикаменттерге бағалардың шекті деңгейлері көрсетілуіне байланысты, ҚҰФ әр азаматқа оның әлеуметтік мәртебесі және табысына байланыссыз тиімді дәрілік көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Формулярдың жүйелі жаңартылуы медицина қызметкерлеріне препараттар туралы, оларды тәжірибеде қолданылуы жайлы деректер алуға, мамандар біліктілігін тұрақты арттыруға және ұтымды фармакотерапия саласында білімін жетілдіруге септігін тигізеді.
Шын мәнінде, дәрілік формуляр- елдің клиникалық медицина бағыттарының жетекші мамандарымен және денсаулық сақтау және дәрілік заттар саласындағы уәкілетті органдармен келісілген, клиникалық тәжірибеде қолданылатын дәрілік препараттардың оңтайлы тізімі. ҚҰФ қолданылатын дәрі- дәрмектер номенклатурасын оңтайландырады, стационар және амбулаториялық деңгейде терапия бірізділігін қамтамасыз етеді деп есептеуге барлық негіз бар.
Қазақстандық Ұлттық Дәрілік Формулярмен қалай қолдануға болады
ҚҰФ тегін қор болып табылады. Іздестіру көмегімен дәрілік препаратқа бекітілген атауынан, қолдану тәсілі және дозасынан, сақтық шараларынан, қолдануға болмайтын жағдайларынан, дәрілермен өзара әрекеттесуі, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі қолдану тәсілінен, жүктілік және бала емізу кезінде препаратты қолдану жөніндегі ескертпелерден, сонымен бірге жанама әсерлерінен тұратын монография табуға болады. ҚҰФ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі шекті бағалары бар саудалық атаулары көрсетілген дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларынан құрылған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдеде № 622 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар тізімі – бұл бөлінген бюджет қаражаттарын ескере отырып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету үшін Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярынан алынған дәрілік заттар тізімі. Дәрілік заттар Анатомиялық- терапиялық- химиялық (АТХ) жіктелуіне сәйкес келтірілген. Монографияларда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректер қорына сілтемелер бар. Дәрілік заттардың топтарының сипаттамасы қолданушыларға фармакологиялық топқа препараттың тиістілігі туралы жалпы түсінік және топ ішіндегі дәрілік заттардың маңызды айырмашылықтары туралы қосымша ақпарат береді. Сіз шешімдер қабылдауда Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар туралы дәлелді медициналық ақпарат көзі ретінде ҚҰФ сенім артуыңызға болады. ҚҰФ жұмысын жақсартуға арналған барлық ұсыныстарыңыздыknf@rcrz.kzэлектрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен «ҚҰФ» Редакциясы
Сурет Наше місто сайтынан алынды
САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ САУЛЫҚ ТІЛЕДІ
«Қарты бардың қазынасы бар» деген қағиданы мықтап ұстанған теміржол ауруханасының ұжымы халықаралық қарттар күнін атап өтті. Бұл күні аға буын өкілдеріне тиісті құрмет көрсетіліп, ас мәзіріне толы дастархан жайылды.
Айтулы мерекені алғы сөзбен ашқан Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетов емдеу орталығынан зейнетке шыққан қарияларды мейрамдарымен құттықтап, ауруханадағы жаңалықтармен бөлісті. Яғни, «Апаттар медицинасының теміржол госпиталдары» акционерлік қоғамынан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке өткендігін айтып, әрқайсысы 35-40 жылдан жұмыс істеген ардагерлердің аман-саулығын тіледі. Сонымен қатар, зейнеткерлікке ұжым атынан сый-сияпат тарту етті.
Қуанышты басқосуда Ә.Сейтенов, Қ.Сәрсенбаев, Н.Матығұлова, Ж.Мылтықбаева, А.Прешова, Б.Сейтенова теміржол ауруханасының басшылығына шексіз алғыстары мен жылы лебіздерін жеткізді. Құрмет пен мейірім мерекесінде дәрігерлер: А.Дәрібай, С.Адаев, Ж.Қуанышбаев қонақтарға ақжарқын тілектерін білдірді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА,
ЖОБАНЫҢ РЕЗЮМЕСІ
Мейірбикелік қызметтің жаңа моделін өмірге енгізу бойынша қанатқақты ЖОБАНЫҢ РЕЗЮМЕСІ (орыс тілінде)
Сурет YouTube-тан алынды