ЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА (VIDEO)


Когам ТВ

Опубликовано: 18 сент. 2017 г.

Наш сайт:
http://kogamtv.kz/

 


18-09-2017, 11:55

ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ИНСУЛЬТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ИНСУЛЬТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫҚызылорда облысында осы жылдың 6 айында УДДГ (ультрадыбыстық доплерография) зерттеуімен 1 886 адам тексеріліп, 80-де стеноз анықталып, 89%-на консервативті ем тағайындалып, 11%-на каротидті эндоартерэктомия отасы жасалған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Оның айтуынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен Жол карталардын индикаторлары толық орындалды. Осы ауруларға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыруда «алтын сағат» уақытын сақтау өте маңызды. Осыған байланысты, аймақтағы жол қатынастарының ұзақтығын ескере отырып, елді мекендерде орналасқан халыққа мамандандырылған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында ауданаралық II деңгейлі инсульттық орталық ашылған болатын.
— Бұл орталық Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоныр қаласының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Қазалы аудандық орталық ауруханасының базасында 15 төсек орынға нейрореабилитациялық бөлім, №3 қалалық емхананың базасында инсультпен ауырған науқастарға кеш оңалтуды жүргізу мақсатында нейрореабилитациялық орталық ашылған. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап амбулаториялық деңгейде реабилитация жұмысын жүргізу мақсатында 6 ауданда 5 реабилитациялық төсек орыннан ашылды, — дейді басқарма басшысы.

http://syr-media.kz/o-am/azaly-temirzhol-auruhanasyny-bazasynda-insultty-ortaly-zh-mys-zhasajdy/

7-09-2017, 13:57

КҮРЕ ЖОЛДАҒЫ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

КҮРЕ ЖОЛДАҒЫ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

ҚР ТЖМ-нің 2010 жылдың 5 наурыздағы №79 бұйрығына сәйкес «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы құрылды.
2014 жылғы 6 тамыз күні Қазақстан Републикасы Президентінің жарлығымен №875 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реформасы» ҚР ІІМ ТЖК құрамына енгізілді.
Қазіргі уақытта аталмыш филиалға басшы – дәрігер Қаракөз Балабекова басшылық етуде.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» Мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты — күнделікті ақпарат алып, облыс көлемінде төтенше жағдай кезінде халыққа жедел медициналық көмектің көрсетілуін қадағалау. Төтенше жағдай туралы ақпараттарды Денсаулық сақтау басқармасына, Төтенше жағдай департаментінің «Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасына», Республикалық «Апаттар медицинасы орталығына» жедел беріп отырады.
Әйтеке би, Жосалы, Шиелі күре жолдық медициналық құтқару бекеттеріндегі медицина мамандары күре жол бойында тынымсыз еңбек етіп келеді.
Есепті мерзімде Шиелі, Жосалы, Әйтеке би барлық күре жолдық медициналық құтқару бекеттерінде 122 — жалпы хабарламалар берілді, хабарлама арқылы 58 рет медициналық көмек беруге шықты, өздігінен келіп көрінгендері 64 адам, 136 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 11 жол көлік оқиғасы кезінде құтқару жұмысына атсалысып, оның ішінде 22 зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті, 47 рет медициналық көмек беруге шығып, 35 адам тасымалданды, 24 адам ауруханаға жатқызылды.
Филиалдың шұғыл әрекет ету бригадасы 2017 жылғы 18-20 қаңтар күндері «Крещение Господне» мейрамы өту кезінде облыс су айдындарында төтенше жағдай орын алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін, ТЖД және бағынысты мекемелерімен бірлесе отырып, кезекшелікке тұрып, медициналық көмекке жүгінген 2 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
2017 жылғы 20-21 қаңтарда «Қыс-2017» облыстық командалық-штабтық оқу жаттығуға филиал қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығу тақырыбы: «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» болды.
2017 жылғы 9 ақпанда Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №31 мекен жайда орналасқан «Болашақ» Университетінің Студенттер сарайында, «Нұр Отан» партиясының, Қызылорда қалалық филиалының бірінші орынбасары Шәріп Акбарұлы Әбдірахманов пен партия ардагері Сайлаубай Әбішевтің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына кезекті Жолдауы бойынша арнайы құрылған ақпараттық топтың өкілдерімен түсіндірме жұмыстарына филиал қызметкерлері қатысты.
2017 жылғы 25 ақпанда Қызылорда қаласының орталық алаңында «Нұр отан ғимараты алдында «Төтенше жағдайлар қызметі жөнінде сіз не білесіз?» тақырыбындағы акцияға шұғыл әрекет ету бригадасы мен психологы қатысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар көрмесін ұйымдастырды.
2017 жылдың 27 ақпанында ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты мекемелері арасында «Халықаралық Азаматтық қорғаныс» күніне орай футболдан жарысқа қатысып ІV-орын иеленді.
1 наурыз күні филиалдың бөлім басшысы-дәрігер А.Есахаев, психолог Ж.Досаева Қызылорда облысы Білім басқармасы «Дарын» ғылыми-практикалық орталығында «ТЖ кезіндегі жедел психологиялық және алғашқы медициналық көмек» тақырыбында ТЖД қызметкерлерімен бірлесе отырып, 16 мектептің 412 оқушысына интерактивтік сабақ және 2,3 наурыз күндері «Болашақ» медициналық колледжіне, «Ұлағат Қызылорда» колледждеріне ашық сабақ өткізді.
12 мамырда Қызылорда медициналық колледждің 2 курс №52 топ студенттеріне (52 студент) «Ашық есік» күні өткізілді. Іс шара барысында «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ашылу тарихын, жұмыс барысын, табиғи және техногенді ТЖ кезінде алғашқы медициналық және психологиялық көмек түрлеріне филиалдың бөлім басшысы-дәрігер А.Есахаев және филиал психологы Ж.Досаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар филиалдың медициналық құрал жабдықтарымен танысты және Қызылорда облыстық ТЖД мұражайында болып, мекеменің тыныс тіршілігінен хабардар болды.
«Дүниежүзілік донор» күніне орай, филиал қызметкерлері 2017 жылдың 15 маусым күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен» бірлесе отырып, қан тапсырды.
Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында «Хазірет Әли» мешітінің наиб имамы Сейдалиев Мырзахожа, Облыстық психоневрологиялық ауруханасының дәрігер-психологы Нұрбаева Лаззат Алмасқызының қатысуымен «Суицид және оның алдын алу» тақырыбында, Қызылорда ТЖД-нің жеке құрамы, Әйтеке би, Шиелі, Жосалы күре жолдық медициналық құтқару бекеттері қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарына «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтата бер!», «Улы газ туралы», «Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектілер», «Қырым Конго Гемморигиялық қызбасының клиникалық көріністері және диффиренциалды диогностикасы», «Жарақат кезіндегі алғашқы көмек», «Суға шомылуда сақтық керек» тақырыптарында мақалалар жарық көрді.
«Көмір қышқыл газынан улану кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек», «Шок және оның түрлері, алғашқы медициналық көмек», «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы», «Жарақаттар және оның түрлері, алғашқы медициналық көмек», «Құтыру және оның алдын алу», «Реанимациялық көмек көрсету тәсілдері» т.б. тақырыптарында семинарлық, және «Тұмау мен суық тиюдің алдын алу денсаулықтың негізгі кепілі», «Неотложная помощь при ожогах», «Отморожения признаки и первая медицинская помощь», «Көмір қышқыл газынан улану», Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер», «Төтенше жағдайлар аймағында жедел психологиялық көмек көрсету», «Зақымданудан кейінгі стрестік бұзылыстар туралы жалпы түсінік», «Өз-өзіне қол жұмсау, өз-өзіне қол жұмсаудың себептері мен оның түрлері мен оның алдын алу», «Суицид және оның алдын алу», «Как уберечь от самоубийство», «Влияние психоактивных веществ на психику», «Агрессия в межличностных отношениях», Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тақырыптарында лекциялар оқылды.
«Төтенше жағдайлар кезіндегі жедел психологиялық және алғашқы медициналық көмек» тақырыбында Қызылорда облысы «Болашақ» медициналық колледжінде, Қызылорда «Ұлағат» колледжінде ашық сабақтар өтті.
2017 жылғы 29 маусымда «Жибек жолы» сауда орталығында өткен суда абай бол акциясы кезінде көпшілікке қауіпсіздік туралы 100-ден аса буклеттер таратылды. Осындай қоғамдық іс-шараларға да белсене атсалысып отырған филиал ұжымының алдағы жоспарлары да ауқымды:
— «Әйтеке би» күре жолдық медициналық құтқару пункітін айнала қоршау, тік ұшақ алаңы аяқталмаған жұмыстарын жүзеге асыру. «Жосалы» күре жолдық медициналық құтқару пункітіндегі «Вилсон» маторын қоршау, айналма жолды жөндеу. Қыздың шұбары тас жолында, Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде, Жанақорған ауданы Бірлік пен Манап ауылдарының арасында күре жолдық медициналық құтқару пункітін ашуға ықпал жасау,-дейді филиал басшысы-дәрігер Қаракөз Балабекова.
Күре жолда адам өмірін құтқаруға атсалысқан ақ халатты абзал жандардың қызметі абыройлы бола берсін.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы

http://syr-media.kz/o-am/k-re-zholda-y-meditsina-mamandaryny-zh-mysy-ar-yndy/
23-08-2017, 17:20

ЖЕР СІЛКІНГЕНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

ЖЕР СІЛКІНГЕНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Апат айтып келмейді. «Сақтансаңсақтайды» деген сөз бар. Соңғы кезде әлемде ғана емес, Қазақстандада жер сілкінісіжиілеп кетті. Арыға бармай-ақ,9 тамыз Алматы облысында таңғы сағат алтылар шамасында бірнеше жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.Осындай төтенше жағдай кезінде не істеу керегін назарларыңызға ұсынамыз.

Ең бірінші – сабырлы болыңыз, үрейге бой алдырмаңыз. Бірақ жылдам қозғалуыңызқажет. Ретсіз іс-қимыл жасағандаосындай үрей туындайды.

Үйдің ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуды пәтеріңіздіңқай қабатта орналасқанынақарай шешесіз. Егер көп қабатты тұрғын үйдің бірінші немесе екінші қабатындатұратын болсаңыз, сыртқа шығуға мүмкіндігіңізбар. Ал үшінші және одан жоғары қабаттардатұрсаңыз далаға шығу өте қауіпті. Сол себепті сілкініс кезінде үй ішіндегі қауіпті және қауіпсіз жерлерді анықтап алған жөн.

Үй ішінде қалып қойсаңыз алдымен газ, су және жарықты сөндіріңіз;

Алдын ала таңдалған орынға тығылыңыз (мысалы, мықты қабырға, босаға есік жақтауы, ванна, тоңазытқыш, парта, кереует);

Терезеге жақындамаңыз;

Жиһаздардан аулақ тұрыңыз;

Лифт қызметін пайдаланбаңыз.

Далада:

Биік ғимараттармен биік ағаштарданаулақ болыңыз;

Үзілген сымдардан абай болыңыз;

Жер асты өткелдерімен жүрмеңіз;

Ғимараттарға кірмеңіз.

Көлікте:

Сілкініс басталғанда дереу ашық жерге тоқтаңыз;

Дүмпу аяқталғанша көліктен шықпай, бір орында отырыңыз;

Ал қоғамдық көлік жүргізушісі мұндай жағдайда есікті ашық қалдыруы тиіс.

Жер сілкінісінен кейін:

Сабырлы болыңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;

Радиоқабылдағышты қосып, жергілікті билік пен азаматтық қорғаныс органдарының нұсқаулықтарына құлақ түріңіз;

Қираған ғимараттарға кіруші болмаңыз;

Жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіз;

Құтқару жұмыстарына атсалысу керек болса, қалыс қалмаңыз;

Бастысы, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Baq.kz

http://qarmaqshy-tany.kz/zher-silkingende-ne-isteu-kerek/
12-08-2017, 21:51

ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРТІП, МӘМС ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ АЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРТІП, МӘМС ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ АЛДЫ

«Денсаулықпойызы» Тереңөзек кентіндегівокзалда тұрғындарға қызмет көрсетті. Заманауи құрылғылармен жарақтандырылған көшпелі емханада УЗИ, рентген, қан лабораториясы орнатылған. Мамандардыңқатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі дәрігерлерібар.
Алғашқы күні медициналықпойыз дәрігерлері 150-ден астам тұрғынынақызмет көрсетті.
– Барлық облыстарда көрсетілетіндәрігерлік көмек пен қызметті сол облыстағы теміржол ауруханасының дәрігерлерікөрсетеді. Тексеріліп болған соң азаматтарғааудандық ауруханаларға жолдама беріледі. Медициналыққызмет көрсететін пойыздың арқасында көптеген тұрғындар өз денсаулықтары туралы және міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру жөнінде жан-жақты хабардар болды, – дейді «Денсаулықпойызының» бас дәрігері Қанат Тұңғышбаев.

ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРТІП, МӘМС ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ АЛДЫ

https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/16347-tryndar-densaulyyn-teksertp-mms-zhnnde-tsndrme-aldy.html
31-07-2017, 17:11

«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА

«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА26 шілдеде Жалағаш ауданына «Денсаулық пойызы» келіп, өз жұмысын бастады. Заманауи құрылғылармен жарақтан­ды­рылған көшпелі емханада УЗИ, рентген, қан лабораториясы орнатылған. Мамандардың қатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі дәрігерлері бар.

 

Қаракеткен аулылына аялдаған көшпелі емхананың жұмысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева бұл игілікті шараның өз дәрежесінде өтуіне және олардың жергілікті жерлерде қызметін үйлестіруге жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді. Айта кетейік, көшбасшы партияның өкілдері «Денсаулық пойызы» келетін уақытын елді мекендердегі тұрғындарға алдын ала хабарлап, дәрігерлердің қызметіне мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыруды қолға алған болатын. Соның нәтижесінде, көрші ауылдардағы ағайындардың келіп-кетуін қамтамасыз ететін тегін көліктер қарастырылып, пойыз ішінде тұрғындарға кеңес беріп, қарт кісілердің мініп-түсуіне жәрдемдесетін мамандар тартылды.

«Денсаулық пойызы келді» дегенді естіген ауыл тұрғындары жаппай станция маңына жиылды. Аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл жұртшылығы білікті дәргерлерден тегін диагностикалық кеңес алуға және үздік мамандарға қаралуғақол жеткізді. Сонымен бірге, жол үстіндегі бекеттерде, медицина пойызының жұмыс уақытында балаларға арнайы алаңдар мен аттракциондар ұймдастырылады.

– Емдік-сауықтыру пойызы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Бұл – Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктері мен «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның бірігіп қолға алған жұмысы. Барлық облыстарда көрсетілетін дәрігерлік көмек пен қызметті сол облыстағы теміржол ауруханасының дәрігерлері көрсетеді. Тексеріліп болған соңазаматтарға аудандық ауруханаларға жолдама беріледі. Медициналық қызмет көрсететін пойыздың арқасында көптеген тұрғындар өз денсаулықтары туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде жан-жақты хабардар болды, – дейді «Денсаулық пойызының» бас дәрігері Қанат Тұңғышбаев.

Жаннат Жолдыбаева – жылжымалы емханада алғашқы көмек көрсету бөлімінің дәрігері. Мұнда күніне 80 адамнан астам тұрғындар қаралып, кеңес алады екен. Олардың басым бөліміқан қысымымен ауыратын науқастар. Мұнан соң, ота жасау (хирургия) бөліміне аялдадық. Онда Ерасыл Мұратұлы есімді бүлдіршінді сүндетке отырғызып жатыр. Дәрігерлермен тілдескенімізде, мұндай ота жасатуға күніне 3-4 бала келетіндігін жеткізді. Жалпы, мұнда науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттермен жабдықталған.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ. 27 июль 2017 г

http://syrboyi.kz/densaylik/12654-densauly-poyyzy-zhalaash-audanynda.htmllang=RU style='mso-ansi-language:RU'>/
29-07-2017, 14:56

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

Ағымдағы жылдың 27.08. — 30.08.2017 ж. күндері аралығында Тереңөзек кентіндегі теміржол вокзалына «Денсаулық пойызы» жұмысжасайтындығын хабарлаймыз. Заманауи құралдармен жабдықталған көшпелі емханада УЗИ, рентген, қан лабораториясы орнатылған. Мамандардың қатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі де білікті мамандары сіздерге тегін қызмет көрсетеді. Дәрігерлер бригадасының бекеттердегі жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыссыз және барлық қызмет тегін көрсетіледі.

http://tirshilik-tynysy.kz/syrdariya-audany-t-r-yndary-nazaryna/
26-07-2017, 17:15

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАУ ҚАЖЕТ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАУ ҚАЖЕТ

Қызылордада Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов және Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Ақмарал Сермағанбетованың қатысуымен брифинг өткізілді. Онда су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және суға шомылу маусымында адамдардың қаза болуы туралы жедел ақпарат берілді.

Бақыт Сағынбекұлы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Облыс су айдындарында 2017 жылдың басынан бері 15 адам, оның ішінде 4 бала, 1 кәмелетке толмаған жасөспірім суға батып кетті. Барлық оқиғада адамдар су айдындарының жабдықталмаған орындарында суға шомылған, балалар ата-аналарының қарауынсыз болған. Сондықтан Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қызылорда облысы ТЖД мамандары және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық жағдайларды жасап, облыс су айдындарында күн сайын рейдтер мен патруль жүргізеді.

Құтқарушылар жаздың ерекше уақыт екенін біледі, өйткені ол кезде бір секунд көзден таса қылмайтын сәт, шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі сол құтқарушыларға байланысты. Сондықтан ағымдағы қауіпті шомылу кезеңінде басқа демалыс түрлерінен суда демалуды жөн көретін жерлестерімізге бірнеше кеңес бергілеріміз келеді. Еш уақытта адам баласына үлкен толқынмен келе жатқан суға қарсы шығуына және мас күйінде суға түсуге болмайды. Сонымен қатар, отбасыларымен демалушыларға еске салатынымыз, үлкен адамның рұқсатынсыз және олардың көмегінсіз балаларыңызды суға шомылдыруға қатаң тыйым салынады! Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз (алдын ала жағажай түбі тексерілген жерлерде және төтенше жағдай кезінде көмекке келетін адам бар жерде). Ешқашан қараңғы уақытта және масайған күйде суға түспеңіз. Егер жалғыз шомылсаңыз – жақсылап ойланыңыз, ойламаған кезде төтенше жағдай болса, сізге кім көмектеседі?

Сөз сөйлеушілер су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша, бірқатар ұсынымдар беріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

http://aqmeshit-aptalygy.kz/shomylu-mausymynda-sa-ty-sharalaryn-ata-stau-azhet/
17-07-2017, 21:53

«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ ТӨРЕТАМДА БОЛДЫ

«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ ТӨРЕТАМДА БОЛДЫ

Тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету мақсатында ел аралап жүрген «Денсаулық» медициналық пойызы Төретамға жетті.
Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Әнуар Дәуленбаев медициналық пойыз ұжымына жергілікті тұрғындар атынан лебізін білдірді.
«Денсаулық» медициналық пойызы тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетумен қатар медициналық сақтандырудың артықшылықтары мен оны енгізу сондай-ақ сақтандыру жарнасын төлеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын да жүргізді.
Халықпен кездесу барысында «Денсаулық» медициналық пойызының аға дәрігері Еркін Ескермесов МӘМС жұмысының маңызы, әлеуметтік топтар, төленетін жарналарға қатысты тұрғындар сауалдарына жауап берді.
-1 шілдеден бастап жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жарнасын төлеп бастады. Биыл бұл жарнаның көлемі төлемдерді аудару нысанынан 1% құрап отыр. Жаңа заң аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет азаматтардың 15 санаты үшін (оның ішінде 12-сі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары) 3,75%, мөлшерде жарна белгілеуді ұсынып отыр. Ал жұмыс істейтін азаматтар жарналарды өздері төлеуі тиіс. Сондықтан қазірден бастап әрбір азамат медициналық мекемеге тіркеліп, өз мәртебесін анықтауы қажет,- деді ол.
Кездесу барысында тұрғындарға МӘМС жүйесі туралы ақпараттық түсіндірмелік парақшалар таратылды.

 

http://syr-media.kz/o-am/densauly-pojyzy-t-retamda-boldy/
12-07-2017, 12:16

«Денсаулық» пойызы Арал ауданының тұрғындарына қызмет көрсетуде


Арал ауданына мамандандырылған «Денсаулық» пойзы келіп жетті.
Пойыз құрамындағы 10 дәрігер, 16 медбике мен 53 қызмет көрсетуші маманға бас дәрігер Сейілхан Артықбаев жетекшілік етуде. «Денсаулық» пойызы Сексеуіл кентінің 958 тұрғынына, оның ішінде 166 балаға сапалы медициналық көмек көрсетіп үлгерді. Ал 18 маусымнан бастап Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі, Абай елді мекенінің тұрғындарына қызмет көрсетуде.
«Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Кулаков бекіткен «Денсаулық» пойызының қозғалыс кестесіне сәйкес, жылжымалы құрам 30 маусымға дейін Арал ауданындағы Сапақ, Шөміш, Бекбауыл елді мекендерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсететін болады.

http://syrboyi.kz/zedelnews/12125-densauly-poyyzy-aral-audanyny-tryndaryna-yzmet-krsetude.html
22-06-2017, 12:07