Наурызбек Сырымбаев, дәрігер-хаджам: “Арнайы білімсіз ем жүргізіп, тәуекел етуге болмайды”


Қазір адамдар арасында денеден қан алдыру арқылы емдеу, яғни хиджамаға жүгінетіндер қатары артқан. Хиджама қандай ем? Ол қалай жүзеге асады? Оның пайдасы мен зияны қандай? Біз көптің көкейінде жүрген сауалдар төңірегінде дәрігер-хаджам, дәрігер-терапевт, ультрадыбыстық зерттеу және компьютерлік томография дәрігері Наурызбек Сырымбаевты әңгімеге тартқан едік.

– Наурызбек Өтебалыұлы, Сіздің мамандығыңыз дәрігер-терапевт. Өзіңіз хиджама жасау үшін арнайы білімнің болғаны өте маңызды деп есептейсіз бе?
– Иә, мамандығым дәрігер-терапевт. Қазіргі таңда теміржол ауруханасында Ультрадыбыстық зерттеу және компьютерлік томография дәрігерімін. Дұрыс айтасыз, арнайы білімсіз ем жүргізіп, тәуекел етуге болмайды. Мен Ақтөбе қаласындағы «АПОДИТ» дәстүрлі халық медицинасы филиалы арқылы арнайы курста білім алдым. Онда дәстүрлі емдеудің бірнеше түрін меңгердім. Маған дәрігер-хаджам мамандығы берілді. Сол білім негізінде жұмыстан тыс уақытымда хиджама жасаумен айналысудамын.
– Хиджама туралы жұртшылыққа жалпы түсінік берсеңіз...
– Хиджама — емдеудің исламдық әдісі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жеткен хадисте үш нәрседе ем бар деген. Олар қан алдыруда (хиджама), бал шарапатында және отпен күйдіруде. Хиджама сөзі – араб тілінен аударғанда «сору» дегенді білдіреді. Бұл ежелден келе жатқан емдеу тәсілі. Ата-бабаларымыз хиджаманың көп сырқатқа шипа екенін біліп, қан қысымы, бас ауруы, қан қоюлануы мен рухани кеселдердің алдын алып отырған. Хиджаманы бұрындары шертпе, мүйізбен арам қан шығару деп те атаған.
– Адам ағзасында арам қан қайдан пайда болады?
– Қан әрдайым қозғалыста болуы керек. Көп жағдайда адам ағзасындағы қан толық айналымға түспей, тамырлар мен артериялар бойымен тек жартысы қозғалып жатады. Қанның қалған бөлігі резервте сақталып, қан кету, гипоксия, интенсивті жұмыс және тағы басқа жедел жағдайларға жұмсалады. Қозғалыссыз тұрған қан ескіре бастайды, өз қасиетін жоғалтады, ағзаға түскен зиянды нәрселерді жинайды. Бұндай тұрып қалған қан кесірінен денедегі әр мүше өз жұмысын қажетті дәрежеде атқара алмайды. Хиджама – тұрып қалған арам қаннан құтылудың тәсілі. Бұның денсаулыққа айтарлықтай пайда әкелетіні даусыз.
– Көпшілікті «Ағзадағы арам қан алынған соң белгілі бір уақыттан соң тағы да хиджама жасатуға мәжбүрлі етпей ме? Хиджама бизнестің бір түрі емес пе?» деген сауалдар мазалайтыны анық.

– Адамдар арасындағы бұл қорқыныш орынсыз деп санаймын. Ағзаны қанның бір бөлігінен босатудың нәтижесінде, оның ішкі резервті қалыпқа келтіру фунциясы қосылып, жаңа қан бөліне бастайды. Соның арқасында көптеген аурулардан емделеміз. Хиджама ағзаны дәрі қабылдамай, өзінің ішкі ресурстарымен емдейтін ем. Медициналық сүлікпен емдеу де хиджама болып табылады. Бұл жерде адамдар арасындағы қорқыныш орынсыз.
– Қан алдыру көптеген аурудың алдын алады және емдейді дедіңіз. Нақтырақ айтқанда, қандай түрі?
– Хиджама иммунитеттің төмендеуі, тамырлардың тарылуы, мойын және иық, бас, буын, бұлшықет, жүрек, арқа аурулары мен туберкулез, простатит, қалыпсыз қан қысымы, геморрой, ревматизм, сал ауруларын, тағы басқа ауруларды емдейді.
– Хиджама қалай жүзеге асады?
– Терінің жоғарғы жағындағы белгілі бір орындарды тілу арқылы қан шығарылады. Оған қазіргі заманауи құралдарды пайдаланған дұрыс. Ауру бір науқастан екіншісіне жұқпау үшін әрбір емделушіге жеке құрал-жабдықтары қарастырылуы тиіс. Хиджама жасалғанға дейін және кейін барлық құралдар тазаланып, дезинфекциялануы керек. Әрбір ем қабылдаушы үшін бұрын қолданылмаған жаңа кұралдарды пайдалану қажет. Хиджама жасаудағы ең бастысы – тілік дұрыс болуы қажет.
– Ем кезінде тілінетін жерлер туралы айтсаңыз...
– Алдымен емделушінің қандай аурумен ауыратындығы анықталады. Соған орай денедегі ауырсыну аймағындағы нүктелер тілінеді. Бастың төбесі, еңбек, мойынның қапталдары (мойын тамырлары орналасқан жер), арқаның жоғарғы бөлігі (жауырындар арасындағы кеңістік), табанның жоғарғы бөлігі және желкенің терең бөлігі (желке сүйегінен бастап және төмен) тілінеді.
– Қай нәрсенің де екі ұшы болатын секілді хиждаманың да зиянды тұсы бар ма?
– Хиджаманы үлкен-кіші, сондай-ақ, жүкті әйелдер мен емшектегі баласы бар әйелдерге де жасауға болады. Айта кетерлігі, жүктіліктің үшінші айында ғана жасаған жөн. Ешқандай зияны жоқ деп айта аламын.
– Хиджама кезінде есінен танған адамдар кездескен. Бұл туралы не дейсіз?
– Бұл ретте мен тағы да арнайы маманға хиджама жасату керектігін айтамын. Қан алатын кезде тамыр тілігі жасалады. Ол жайдан-жай жасай салатын дүние емес. Тілікті кең етіп кесіп жіберу салдарынан қан көп кетіп, адам есінен тануы мүмкін. Бұл дұрыс емес. Қан шықса болды деп жұмыс жасауға болмайды. Аз мөлшерде жиірек әрі маманның көмегімен қан алдырған жөн.
– Кімдерге хиджама жасатуға болмайды?
– Қан қысымы төмен, қан жетіспеуімен ауыратын жандарға, қан ұйымайтын ауруларға болмайды.
– Емді қайда жүргізесіз және қанша уақытқа созылады?
– Әзірге науқастың үйіне барып ем жасаймын. Алдағы уақытта арнайы кабинет ашуды жоспарлап отырмын. Емделушіге ауруының түріне байланысты уақыт кетеді. Орта есеппен айтқанда 25-30 минутқа созылады.
Емді бастамас бұрын адамның хал-жағдайын сұрап, бұрын қандай аурумен ауырғандығы анықталады. Қан қысымы өлшенеді. Қан қысымы жоғары немесе гемоглобины аз сал ауруына шалдыққан жандарға хиджаманы міндетті түрде жатқызып жасаған жөн. Hijama_kazaly инстаграм парақшасынан жұмыс барысындағы суреттерді көре аласыздар.
– Емнің ақысы туралы айтсаңыз...
– Жоғарыда айтып өткенімдей әр адамның жеке заты болуы керек. Яғни, хиджаманы алғаш рет жасатушы қан алатын арнайы банка сатып алады. Оның 6-лық, 12-лік, 24-тік түрі бар. Көп жағдайда 12-лік банка алады. Оның бағасы 3 мың теңге, ем 4 мың теңге.
– Ел арасында түрлі пікір бар. Мәселен, хиджамаға дейін және одан кейін де сүт өнімдерін тұтыну зиян екен деп жатады. Бұндай әңгімелер қаншалықты рас?
– Хиджаманы аш қарынға жасаған жақсы әсер етеді. Қан алдырғаннан кейін белгілі бір уақытқа дейін сүт өнімдері мен майлы тағам жемеуге кеңес беремін. Сондай-ақ, қанды жерге көму, хиджамадан кейін ғұсыл құйыну міндетті емес. Жыл сайын бір мезгілде күндіз, не түнде жасау деген белгілі уақыт жоқ. Қан тоқтаған кезде ғана хиджама аяқталған болып есептеледі. Қан алдырудың барлық түрлерін бір күнде жүзеге асыруға болады.
– Наурызбек Өтебалыұлы, оқырмандарымызға хиджама туралы біраз мағұлмат бердіңіз деген ойдамын. Сұхбатыңызға рахмет. Ісіңіз берекелі болсын!

Сұхбаттасқан
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
https://qazaly.kz/zanalyk/suhbat/6554-nauryzbek-syrymbaev-drger-hadzham-arnayy-blmsz-em-zhrgzp-tuekel-etuge-bolmaydy.html 
29-11-2018, 12:37

Жеке денсаулық сақтау ұйымдарының құқығы қорғалды

Жеке денсаулық сақтау ұйымдарының құқығы қорғалды

Қызылордада стомотологиялық көмек көрсететін жеке денсаулық сақтау ұйымдары проблемаға кездесіп отыр.
Қыркүйек айында Кәсіпкерлер палатасына стомотологиялық көмек көрсететін жеке денсаулық сақтау ұйымдары «Дента Люкс» және «Қанат-Орда» ЖШС-терінен Қызылорда қалалық қаржы бөлімі мен «Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК-ын тарапынан стоматологиялық қызмет көрсету саласында бәсекелестікті шектеу іс-әрекеттеріне шағым түсті.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының 6-тармағында «Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті оқушылар саны кемінде 800 адам болатын білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады», - деп көрсетілген.


2018 жылғы 3 қыркүйекте Қызылорда қалалық қаржы бөліміwww.gosreestr.kzвеб-порталында коммуналдық меншіктегі 19 мектеп ғимаратының ішінен 14 шаршы метрден кем емес тұрғын емес жайларды 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың
1 қыркүйегіне дейін стоматологиялық қызмет көрсету мақсатында мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендерін өткізу туралы хабарлама жариялайды.

«Дента Люкс» ЖШС және «Қанат-Орда» ЖШС ұйымдары тендерге қатысу үшін тізілімнің веб-порталында өтінімдерін тіркеткен.
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға беру тендер өткізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс болатын.


Дегенмен, тендерге қатысушылардың өтінімдерін қабылдау барысында Диагностикалық орталық Қаржы бөлімінен№№271, 257, 211, 261, 253, 6, 140, 197, 233, 235, 261, 7 мектептерде оқушыларға стоматологиялық көмек көрсету үшін тұрғын емес жайларды өтеусіз пайдалануға беруді сұраған. Аталған өтініш қалалық коммуналдық меншік нысандарын жалға беру үшін тендер өткізу жөніндегі тұрақты комиссия отырыстарында бірнеше мәрте қаралған.
Нәтижесінде тендер өткізуден бас тартылған.
Мәселені жан-жақты зерделеген Палата мамандары заң талаптарының бұзылғандығын анықтады.
Біріншісі, диагностикалық орталықтың заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысуы
Диагностикалық орталық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ретінде мемлекеттік кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша заң қолданысқа енгенінен бері, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» облыстық филиалының мәліметінше 2016-2018 жылдар аралығында диагностикалық орталыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стоматологиялық көмек көрсету үшін 666 355 300 теңге бөлінген.
Дегенмен, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан диагностикалық орталықтың жүзеге асырып отырған қызмет түрлеріне қатысты тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау және кәсіпкерлік ортада мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын анықтау мақсатында жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес стоматологиялық қызмет түрімен айналысатын Қызылорда қаласы географиялық шекарасында 32 жеке нарық субъектісі бар екенін ескере отырып, осы қызмет түрі бәсекелестік дамыған ортаға жататындығы анықталған.
Осының негізінде департамент 2018 жылғы 1 қазанда Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасына бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасалуы туралы арнайы нұсқама жолдаған. Аталған нұсқамада диагностикалық орталықпен жүзеге асырудағы стоматологиялық қызметті тоқтатылуы көрсетілген.
Екіншісі, тұрғын емес жайларды диагностикалық орталыққа өтеусіз уақытша пайдалануға заңсыз берілуі
Қаржы бөлімінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы №33 және2018 жылғы 26 қаңтардағы №69 бұйрықтарымен 26 мектептің теңгеріміндегі тұрғын емес жайларды Диагностикалық орталыққа стоматологиялық кабинеттер ашу үшін жалдау ақысы өндірілмей орналастыруға берілген.
Дегенмен, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңында тұрғын емес жайларды Қаржы бөлімі тарапынан диагностикалық орталыққа өтеусіз уақытша пайдалануға беруге негіз жоқ. Бұл жағдайда мектептердегі тұрғын емес жайлар мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілу қажет.
Үшіншісі, тендерді өткізуден негізсіз бас тарту
Әдепкіде, барлық 19 мектеп директорларының мектеп ішіндегі бос тұрған кабинеттерді диагностикалық орталыққа беруіне орай, тендер өткізуден бас тартылғандығы туралы палатаға хабарланды. Одан кейін қаржы бөлімі 2018 жылғы 2 қазандағы хатымен барлық 19 мектептің тұрғын емес жайларды өз қажеттілігіне пайдалануына байланысты, оның ішінде 7 мектепте оқушылар көп болғандықтан тендер өткізуден ресми түрде бас тартылғанын хабарлаған.
Дегенмен, Қызылорда қалалық білім бөлімінің ресми мәліметіне сәйкес қаржы бөлімімен аталған мектептерде оқушылар орнының тапшылығы жоқ, керісінше, артық орындар бар екендігі анықталды.
Жалпы, осы мәселеге қатысты биыл наурыз және қыркүйек айларында екі мәрте тендер жарияланып, бас тартылған. Осылайша, кәсіпкерлер босқа әуре-сарсаңға салынған. Құжат дайындауға босқа қаржы шығындалған, уақыт жұмсалған.
Төртіншіден, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына негізсіз сілтеме
Диагностикалық орталықтың 2018 жылғы 18 қыркүйектегі№01-655 хатымен Қызылорда қаласындағы мектептердегі стоматологиялық кабинеттерді «Қызылорда қаласының тұрғындарына стоматологиялық көмекті жетілдіру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде жабдықтау жоспарланып отырғаны хабарланды.
Дегенмен, мұндай жоба 2018 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша өңірде іске асырылып жатқан 75 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының арасында жоқ. Сондықтан күні бұрын бұл жобаның экономикалық қорытындысына сілтеме жасау жөнсіз. Бұның үстіне, диагностикалық орталықтың мектептерде өз бетінше стоматологиялық кабинет ашуға ресурстары жоқ.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бұған дейін диагностикалық орталыққа берілген 26 мектептегі тұрғын емес жайлардың сегізінде ү.ж. 16 шілдеге дейін стоматологиялық кабинеттер орналастыру бойынша ешқандай жұмыс атқарылмаған.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылғанның өзінде оның шеңберінде 20 мектептегі стоматологиялық кабинеттерді жабдықтау жоспарлануда. Ал, бүгінгі күні диагностикалық орталыққа 26 мектептен тұрғын емес жай беріліп отыр. Жобадағы көрсеткіштен де жоғары.
Бұған қоса, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің нұсқамасына сәйкес стоматологиялық қызмет көрсету нарығы Қызылорда қаласы географиялық шекарасында бәсекелестік дамыған ортаға жатады.
Сондықтан бәсекелестік дамыған ортада диагностикалық орталық арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін ұлғайтуға алып келеді. Керісінше, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау қажет.
Осыған байланысты нұсқамада диагностикалық орталықтың бұл нарықта кәсіпкерлік қызметке қатысуына тыйым салынған.
Кәсіпкерлер мен коммуналдық кәсіпорын арасындағы даудан туындаған әлеуметтік-экономикалық салдарына қатысты палата директоры Ғалымбек Жақсылықов:

«Осы проблема негізінде бүгінде бірқатар мектептің оқушылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мерзімінде стоматологиялық көмек ала алмауда. Оның үстіне соңғы 3 жыл ішінде стомотологиялық көмек көрсететін жеке денсаулық сақтау ұйымдары 666 млн.теңгенің тапсырысынан құр қалып отыр. Тағы да 26 мектепті мүліктік жалдауға бермеуден жергілікті бюджетке кіріс түспеуде. Сондай-ақ, жеке денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан 26 мектептегі стоматологиялық кабинеттерде шамамен 78 жаңа жұмыс орны ашылмай отыр», - дейді.


Аталған проблема жақында палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде қаралды. Бұл мәселеге әлі нүкте қойылған жоқ. Әзірге мәселе Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыс бойынша департаменті мен облыстық прокуратурада қаралуда. Жұмыстың нәтижесі бойынша облыстық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі қосымша хабарлайтын болады.

https://syr-media.kz/news/6639-zheke-densauly-satau-yymdaryny-yy-oraldy.html

16-11-2018, 08:49

Қызылордада су тасқынының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Қызылордада су тасқынының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары және қыс мезгілінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Мәжілісті ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев дер кезінде мониторинг жүргізу және алдын алу шараларын ұйымдастыру аймақ тұрғындарына зиян келтірмей су тасқыны кезеңінен өтуге мүмкіндік беретінін еске салды.

"Жыл сайын облыста су тасқынының алдын алу, бөгеттердің жағдайын тексеру және зақымдалған аумақтарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биыл су тасқыны қауіпінен шығынсыз өтуіміз керек. Бірінші кезектегі міндетіміз - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау", - деді аймақ басшысы.

Көктем-қыс маусымына дайындық туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов баяндады. Сырдария бойында 56 ықтимал қауіпті аймақ анықталды, оларға 109 жауапты мекеме бекітіліп, отын мен шығын материалдары сатып алынды, 79 эвакуациялық және 99 қабылдау пункті, сондай-ақ, 2 "Қазавиақұтқару" тікұшағы қызмет көрсетуге дайын.

"Бөгеттер мен қорғаныс бекіністерінің жағдайын зерттеу барысында 37 нысан анықталды, оның ішінде 25-і бірінші кезекте жөндеуді қажет етеді. Қазалы ауданында 18 нысан жөндеуден өтті, қалғаны бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді А.Шәменов.

Ауа-райы және басқа да төтенше жағдайлар кезінде аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы облыстық ТЖ департаменті бастығының м.а. Асқар Төлешов мәлімдеді. Оның айтуынша, қыс мезгілінде өңірде 232 адам мен 32 арнайы техника жұмылдырылып, 13 жылыту пункті мен радио және телефонмен жабдықталған 3 медициналық-құтқару пункті жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, қысқы маусымға дайындық туралы басқа да жауапты мекемелердің басшылары мен қала және аудан әкімдері баяндады.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев жауапты тұлғаларға Сырдария өзеніне тәулік бойы мониторинг жүргізіп, жеке құрамды тұрақты дайындықта ұстауды, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда қатты суықта жол-көлік қатынастарын тоқтатуды тапсырды.

https://syr-media.kz/news/6572-yzylordada-su-tasynyny-aldyn-alu-zhne-azamattardy-aupszdgn-amtamasyz-etu-mseleler-talylandy.html
12-11-2018, 09:18

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды. Қызметті әзірлеген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, ол үшін пайдаланушы egov.kz порталына тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Тағы бір айта кетерлігі, онлайн-қызмет 2007 жылға дейін туған балаларға көрсетілмейді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облыстық филиалының сарапшылар айтқандай, қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы «Денсаулық сақтау» бөліміне кіреміз. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін таңдап, балаға қажетті қызмет түрін басамыз. Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН негізінде туыстық байланыстарды анықтау үшін АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс аяқталғаннан кейін сіз онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі, учаскелік дәрігер деген сынды тағы да басқа мәліметтерді толтыруға мүмкіндік аласыз.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі өтініш жолдаушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫАталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін пайдалануға болады. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот арқылы алу үшін оған жазылу шарт (Чаттағы «Start» батырмасын басып, ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат ету).

Естеріңізге сала кетсек, қазір елімізде жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Екі айлық дәстүрлі кампания 15 қарашада аяқталады.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен қазіргі уақыт аралығында Қызылорда облысының 5 мыңға жуық тұрғындары емхананы таңдау құқығын пайдаланған.

https://syr-media.kz/news/6368-balalardy-emhanaa-onlayn-rezhimnde-trkeuge-bolady.html
1-11-2018, 08:54

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ


Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі дәлелді медицина принциптеріне, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, стандарттарын және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін регламенттейтін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес медициналық қызметтерді көрсету сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Филиалда білікті мамандар бар, олар нақты уақыт режимінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге тұрақты түрде сараптама жүргізеді.

Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындау мониторингі тиісті ақпараттық жүйелерде және денсаулық сақтау субъектісіне бару жолымен жүргізіледі.

Ақпараттық жүйедегі Мониторинг күнделікті негізде медициналық көмек көрсету ақауларын растау немесе қабылдамау жолымен жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау субъектісіне бару жолымен ағымдағы мониторинг Қор филиалының басшылығы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мониторинг барысында медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша анықталған проблемалар:

БМСК деңгейінде:

- Кадрлардың жеткіліксіздігі, әсіресе қалалық БМСК объектілерінде, кейде 70% - ға дейін және дәрігерлік аймақтың жоғарғы тығыздығы.

- шұғыл емдеуге жатқызу кезінде алғаш рет анықталған ауруларды уақытылы диспансерлік есепке алу мақсатында стационарлық, стационарлық-алмастыратын көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін кейбір медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықтың әлсіздігі.

- Диспансерлік бақылауға жататын пациенттерді динамикалық бақылаудың және тағайындалған емнің тиімділігін бақылаудың, зертханалық және аспаптық бақылау зерттеулерінің уақтылы тағайындалуының жеткіліксіз сапасы.

стационар деңгейінде:

- 5% - ға дейін науқастар айғақсыз немесе сәйкес емес бейін бойынша ауруханаға жатқызылды;

– Емдеу-диагностикалық іс-шаралардың Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан негізсіз ауытқу жағдайлары, бұл өз кезегінде емдеудің жеткіліксіз сапасына және емделушінің емдеу нәтижесімен қанағаттанбауына әкеп соғуы мүмкін.

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 53 денсаулық сақтау объектісі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді.

Филиалмен жүргізілген сапа мен көлем мониторингінің және КООЗ сапасының сыртқы сараптамасының нәтижелері бойынша жалпы сомасы 427 158 409,9 теңгеге медициналық көмек көрсетудің ақаулары анықталды.

Мониторинг нәтижелері бойынша ұсталған барлық қаражат халыққа сапалы көмек көрсететін басқа медициналық ұйымдар арасында қайта бөлінеді, яғни айыппұл санкцияларының сомасы салаға қайта инвестицияланады.

Филиал пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында және болашақта облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және көлемін пәрменді бақылау бойынша өз жұмысын жалғастырады.

 

Гульнара КЕНЖЕБАЕВА,

КЕАҚ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҚФ медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы.

https://syr-media.kz/news/6256-medicinaly-yzmetterd-sapasyna-monitoring-zhrgzld.html

24-10-2018, 13:27

НЕВРОЛОГТАР: КӘРІЛІК АЛЖУДЫҢ СЕБЕБІ ВИРУСТАН БОЛУЫ МҮМКІН

НЕВРОЛОГТАР: КӘРІЛІК АЛЖУДЫҢ СЕБЕБІ ВИРУСТАН БОЛУЫ МҮМКІН

 

1-ші типтегі қарапайым герпес вирусы (HSV1) Алцгеймер дертінің дамуының негізгі факторы болып табылады дейді Манчестер Университетінің профессоры Рут Ицхаки. Бұл ғалым әйел деменция мен вирустың байланыс мәселесімен 25жылдан бері айналысып келеді деп хабарлайды New Atlas.

Жуықта Тайванда жинақталған деректер көпшілік назарына ұсынылды. HSV1 вирусын жұқтырған адамдарда кәрілік алжудың даму қауіпі жоғары болып шықты. Сондай-ақ вирусқа қарсы терапия жұқпаланғандардағы сол қатерді анағұрлым жеңілдетуге мүмкіндік береді екен.

 

Сонымен, 50 жастан арғы және денесінде вирусы бар 8000-нан астам адамның мәліметтері жинақталған. Бақылау тобы ретінде вирус жұқтыру белгілері жоқ шамамен 25000 адам болды.

 

10 жылғы бақылау барысында анықталғаны: бірінші топтағы адамдарда деменцияның даму қауіпі 2,5 есе артқан. Бірақ вирусқа қарсы дәрілік бұйымдарды қолдану бұл қауіпті 10 есе азайтқан.

 

 

«Syr medicinasy» - aqparat

 

Дереккөз:http://www.meddaily.ru/article/23oct2018/ystraslaboy

9-10-2018, 11:38

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ФОРМАТЫНА ТОЛЫҚТАЙ КӨШЕДІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ФОРМАТЫНА ТОЛЫҚТАЙ КӨШЕДІ

ОКҚ алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Брифинг барысында вице-министр 2019 жылдан бастап Қазақстан медициналық қызмет көрсету бойынша толықтай электронды нұсқаға көшетінін айтты.

Баспасөз мәслихатында аталған саланы цифрландыру, ақпараттық жүйелерді, мобильді денсаулық сақтау элементтерін енгізу, емдеу жоспарларын диагностикалау және басқару, жасанды интеллект құру және енгізу, ақпараттық және интероперабельділік үшін платформаны жеткізу сияқты сандық мәселелер талқыланады.

Вице-министр сонымен бірге, Медициналық ақпараттық жүйелерді «Қала, аудан орталығы» деңгейінде қамту 96,7 құрағанын атап өтті. Ал осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар О. Әбішев 2017 жылы 14 қыркүйекте ҚР ДСМ мен IBM компаниясы арасында Watson for oncology - жасанды интеллектті енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын ескертті. Оның сөзіне қарағанда, онкология және радиология ҒЗИ базасындағы пилоттық тестілеу кезінде онколог дәрігерлердің қатысуымен 13 нозология түрі бойынша 57 ем жүргізілген.

Дәргерлер жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 90 пайызы пилоттық тестілеудің тиімділігін көрсеткен.

Сонымен қатар, вице-министр электрондық денсаулық паспортының тиімділігі туралы айтты. Науқас туралы барлық ақпаратты бір репозиториінде сақтайтын электрондық денсаулық паспорты елдегі медициналық ұйымдарда науқасты қарау және емдеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Электрондық денсаулық паспортында әр адамныңдәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциясы, қарапайым диеталық жағдайға дейінгі барлық мәліметтер сақталады. Сонымен қатар, паспорт арқылы ұрпақ қуалайтын, яғни хронологиялық ауруларды, дұрыс тамақтану жүйесін, денсаулық сақтаудың барлық қағидасын білуге болады.

ҚР ДСМбаспасөз қызметі

http://www.syrboyi.kz/zedelnews/24639-medicinaly-elektrondy-yzmet-krsetu-formatyna-tolytay-kshed.html
18-09-2018, 04:48

МӘМС: САУАЛДАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП ДАЙЫН

МӘМС: САУАЛДАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП ДАЙЫН


Белсенді емес тұрғындар медициналық қызметтерді қалай алады? Осы және басқа да сұрақтар бойынша медсақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиал қызметкерлеріне жолығып біле аласыз.

Назарларыңызға сала кетейік, әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 15.00-ден бастап Қызылорда қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ғимаратында медсақтандыруға байланысты кеңестер беріледі.

Бұл жерден тұрғындар ТМККК /тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемі/ және МӘМС /міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру/ жайындағы медициналық пакеттер бойынша, оған қоса жұмыс жасамайтын тұрғындарға және экономикалық белсенді емес халыққа медициналық көмектер қалай көрсетіледі, жұмыс берушілер қандай қаражат арқылы аудырымдар жасалынып жатқаны және де тағы да басқа сұрақтарға жауап ала алады.

МӘМС: САУАЛДАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП ДАЙЫНҚазіргі таңда жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлердің айлық жалақысының 1,5 % мөлшерінде өзінің табысынан төлем жасап жатыр, яғни олар қызметкерлердің айлық жалақысынан аударым жасамайды.

2018-2019 жылы жеке кәсіпкерлер өздеріне жарна аудармайды, бірақ, қарамағындағы қызметкерлеріне жұмыс беруші болып табылып, сол жұмыс беруші ретінде 1,5% мөлшерінде аударымдар жасайды.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Әр аптаның сәрсенбінің сәтті күнінде сағат 15.00-18.00 аралығында Қызылорда қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы орталық ғимаратында филиал қызметкерлері сіздерді күтеді және де сіздерге осы МӘМС жүйесіне байланысты толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап береді.

https://syr-media.kz/news/5280-mms-saualdaryyza-zhauap-dayyn.html

4-09-2018, 09:03

МӘМС: Жаңа жүйенің тиімділігі неде?

МӘМС: Жаңа жүйенің тиімділігі неде?

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 80-ші қадамында айтылғандай, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі негізінде іске асырылуда.

«Міндетті әлеуметтікмеди­ци­­налық сақтандыру жүйесі» ту­ра­лы заң 2015 жылдың 16 қара­ша­сында қабылданды. Осы Заң аясында «Әлеуметтік меди­циналықсақтандыру қоры» КЕАҚ (әрі қарай Қор) құрылды. 2017 жылдың маусым айында аталғанқордың филиалдары еліміздіңәрбір облыстарында ресми түрде ашылды. Шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер жә­не азаматтық құқықтықшарт арқылы жұмыс атқаратындардан ауда­рымдар мен жарналартұрақ­ты аударылыпкеледі. Осы орайда жүйеге енгізілгенөзгерістер мен бүгінгіжұмыс барысы туралы «Әлеуметтікмедициналық сақ­тан­дыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиа­лының директоры Бақыт Исмаханбетовпен сұхбаттасқан едік.

Бақыт Торғайбайұлы, өт­­­кен жылдың шілде айынан бас­­­­­­­тап жұмыс берушілер мен кәсіп­­­­керлер және азаматтық құ­қықтық шарт арқылы жұмыс жасау­шылар тұрақты түрде жар­на төлеуге кірісті. Бірқатар өзгерістер енгізілгенінен хабар­­­дар­мыз. Нақ­ты қандай өзгеріс­тер орын алуда?

– «МӘМС» заңына сәйкес әлеуметтікмедициналық сақ­тандыру қорына төленетін жарналармен аударымдар 5 түрлі форматпенжүргізіледі. Олар: әлеуметтік қорғал­маған азаматтарға мемлекеттіңжарнасы; жұмыс берушініңәрбір жұмысшыға аударатынаударымдары; жұмыскерлер жарналары; жеке кәсіпкерлер жарналары (2 ЕТЖКдан) және Белсенді емес тұрғындар (1 ЕТЖКдан).

2017 жылдың шілде мен жел­тоқсан айларында жұмыс берушілер жұмыскерлеріне ай­лық табысының 1% көлемінде өз пайдасынан төледі, ал жеке кә­сіпкерлерсол жылғы ең тө­мен­гі айлық жалақының 2 есе­леген мөлшерінің 5%-і көле­мінде және азаматтыққұ­қықтық келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратындарға айлық табы­сының 5%-і көлемінде жарна мен аударымдараударып отырды. Әлеуметтік қорғалмағаназа­маттарға мемлекетжарнаны 2020жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен екі жылды қоса алғандағы орта айлық жала­қы­ның 4% көлемінде 14 санат бойын­ша ай сайын аударыпотырады. Аударылған аударымдармен жарналар Ұлттық банкте сақ­талады және Қордың ресми сайтындаашық көрсетілім табады.

МӘМС жүйесініңзаңына то­лықтырулармен өзгерістер енгізілуінесебепкер болған елі­міздегіәлеуметтік мәрте­бесініңмемлекеттік ақпараттық жүйелердеөзектендірілмеген белсенді емес халықтардың санағынабайланысты болып келді. Соған сәйкес тек МӘМС жүйе­сіндегікөрсетілетін меди­циналық қызметтердің енгізілуіекі жылға кейінгешегерілді, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады және аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерлерінде де өзгерістер болды. Атап айтқанда, 2018-2020 жылдарға белгіленгенМӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшеріжұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төлемейдіде, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшін) екі еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізіндееңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттарең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет 2020 жылы жеңілдігібар санаттар үшін мемлекеттік статистикаорганы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4% көлеміндежарна аударады («МӘМС» заңының 26-бабы 2;3 тармақтарыбойынша), жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынаналынатын жарнаны ұстап қорға аударыпотырады(2020ж – 1%, 2021ж – 2%).

Айта кету керек, қазіргі кезде арнайы Денсаулықсақтау заңына және Міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру заңдарынаөзгерістер мен толықтырулар жасау жағдайлары қаралуда. Сол себептен МӘМС жүйесінің толық жұмыс жасауынакедергі келтірген белсендіемес тұрғындар жыл соңына дейін нақтыланса, онда жүйе 2019 жылдың 1 қаңтарынаненгізіліп кетуі мүмкін. Осы уақытта тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлемі пакеті және Медициналықсақтандырудың медициналық пакеттеріннақты бекіту жұмыстарыжүргізілуде.

Қордың қазіргі жағдайы туралы айтып өтсеңіз.

– Әлеуметтік медициналықсақтан­ды­ру қорыныңмақсаты – кепілден­ді­­ріл­ген тегін медициналықкөмек па­ке­­ті­нің қаржы операторы, ал жақын бо­ла­шақта медсақтандыру пакеті бойынша стратегиялық сатып алушы ретіндеже­ке­меншік сектордықызмет көрсетуге көбіректарту, сол арқылы медицина нары­ғында бәсекелестікті күшейту. Өйт­кені, бәсеке бар жерде сапа болады. Осы мақсатта өткен жылдың қыркүйекайында Қор аталғанбағдарлама шеңберінде қызмет көрсетуге ниетті денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорынжасаған болатын. Дереққорға енгізілгенмедициналық мекемелер 2018 жылға халыққа «Тегін ме­дициналық көмектіңкепілдендірілген көлемі» бойынша көмек көрсететіндер. Еліміз бойыншамемлекеттік тапсырыс­ты орындауғаниетті, әрі әлеуетіжетеді де­ген 1600-ден астам денсаулықсақтау субъектісі дерекқорғаенді. Оның 49 про­центі – жекеменшікклиникалар. Бұл же­ке­меншік ұйымдардың қор бастамасын қол­­дап, медициналыққызмет көрсетуде бел­­сенділіктанытқанын көрсететін негізгідәйек.

Облыс бойыншаайтар болсақ, Қордың дерекқорынақазіргі таңда 83 ме­дициналықмекеме тіркелді, оның 49-ы – жеке клиника, бұл былтырғыжылмен са­­лыстырғанда 2 есеге артық. Қазіргіуа­қытта облыс бойынша 36 млрд теңгеге 65 ме­дициналықмекемемен келісімшарт жа­салды. Оның 34-і, немесе 52%-і жеке­мен­шік клиникалар үлесінде. Биыл кепіл­ден­ді­рілген көмек пакеті шеңберінде қызмет көр­сететін жекеменшікклиникалар саны өт­кен жылмен салыстырғанда 30 %-ке артты.

Өткен жылы Қор тұңғыш рет меди­циналыққызметтерді жеткізу­шілермен, соның ішінде емханалармен жұмыс істеуді қолға алған болатын. Оларменбекітілетін келісімшарт сомасы тіркелген тұрғындарсанына тәуелді. Жыл басынанбері елімізде кейбір емдеу мекемелерінің азаматтаратынан тіркеу жөніндежалған өтініштер жазып, оларды өздеріне тіркегенітуралы, сондай-ақ, тіркеуденешбір негізсіз бас тарту фактілерітуралы шағымдар түсті. Қазір Қор мамандарыосындай шағымдар негізіндежан-жақты жұмыс істеуде. Алайда мәселенітүбегейлі шешу үшін азаматтардың құжаттарынқабылдау тәртібін өзгертіп, процестіадам факторларының қатысуынсызықпал ету керек. Сондықтанқазір осыны ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттікқызметтер реестріне енгізу туралы ұсыныс дайындалып жатыр. Жоғарыдаайтылған жағдайларды ескере отырып, тіркеу ережесінеде толықтырулар енгізу көзделуде. Әрине, жаңа қызметтерді іске қосуға біраз уақыт қажет. СондықтанҚор осы бағыттажұмыс басталған кезде қосымша хабарлайтынболады. Оған дейін азаматтарды емханағатіркеу тәртібі бұрынғыша: egov.kz порталы немесе емханалардың тіркеу бөлімі арқылы жүргізіле бермек. Бұдан басқа, қазақстандықтарға сақтандырутөлемдері жайлы мәліметалуға мүмкіндік беретінжаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханағатіркеу процесін жетіл­діру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, бұл бағыттаазаматтар МӘМС жүйесінеқатысу және төленгенжарналар туралы мәліметтіхалыққа қызмет көрсетуорталықтары арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақ. Мысалы, қазір осыған ұқсас қызметтерді «электрондыүкіметтің» egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлыққолтаңба қажет. Цифрлыққолтаңбасы бар кез келген азамат «жеке кабинетке» кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтапбіле алады.

Тегін медициналық көмектің ке­піл­дендірілген көлемі пакеті (ТМККК) пен МӘМС жүйесінің меди­циналық пакеттері туралы жан-жақты түсіндіре отырсаңыз.

– Тегін медициналықкөмектің кепілдендірілген көлемі Мемлекет басшысыныңбиылғы Жолдаудағы тапсырмасынегізінде оңтайландырылып жатыр. Тегін медициналық көмектіңжаңа нұсқасы әрбір адамға шұғыл және алғашқымедициналық көмек көрсетуге, қоғамдықмәні бар аурулардымемлекеттік бақылауға алуға негізделген. Ал, тегін меди­циналық көмектіңкепіл­ден­дірілген көлемі паке­ті­нің жаңа үлгісіменқатар енгі­зілетінміндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру пакеті оның кем-кетігін толықтырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлт саулығының іргетасынқалауға ықпал етпек. Яғни, шұғыл көмек пен мем­лекет тарапынанреттеуді талап ететін саланың бәрі тегін медициналықкөмектің кепілдендірілген көлемі пакеті есебіненжүзеге асырылады. Ал, кепілдікберілген тегін көмеккекірмейтін қосымша қызметтерМӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі.

Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік маңызы бар аурулар да, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шең­берінде динамикалық бақылауға алынатын науқастар да ала алады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейтін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар қазіргі кезде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС жүйесінің медициналық пакеттері кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Тегін меди­ци­налық көмектің кепілдендірілген кө­ле­мі жаңа үлгісіндегі меди­циналық паке­ті бойынша барша азаматтарға жедел жәрдем және санитарлық авиация, бастапқы медициналық-санитарлық кө­мек, шұғыл жағдайларда ста­ционарды ал­мас­тыратын және стационарлық кө­мек пен паллиативті көмек кіреді. Ал, әлеу­меттік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде консультативті-диагностикалық қызмет, ам­бу­латорлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жос­парлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек және туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту жатады.

МӘМС (сақтандырылғандарға ар­нал­­ған) жаңа үлгісіндегі меди­ци­на­лық пакетіне консуль­тативтік-диаг­нос­тикалық көмек, ересектерді про­фи­лактикалық тексеруден өткізу, бала­ларды мамандандырылған деңгейде тексеру, бағасы қымбат зертханалық қызметтер кіреді.

Сұхбаттасқан

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

http://www.syrboyi.kz/suhbat/23778-mms-zhaa-zhyen-timdlg-nede.html

22-08-2018, 06:06

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

Қызылорда облысының 15 емдеу алдын алу ұйымдары заманауи телемедициналық қондырғылармен жабдықталды. Ол үшін облыс қазынасынан 21 208,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2006 жылы облыстық медицина орталығына орнатылған телемедициналық қондырғылар, облысқа қарасты 7 аудандық ауруханалармен және Астана мен Алматыдағы ғылыми орталықтармен байланыса алатын еді. 12 жылдан астам науқастардың денсаулығын саралауға қызмет көрсеткен қондырғылар техникалық тұрғыда көнере бастады. Шет елдің және ірі ғылыми орталықтармен байланысудың шектеулі болуы, тіпті облыстағы өзге де салалық емдеу ұйымдарымен байланыстың болмауы кедергілер тудыра бастады. Тығырықтан шығудың мақсаты қойылды. Ол үшін 2018 жылдың 1 тамызына дейін салалық 6 емдеу және 8 аудандық ауруханалар базасында соңғы үлгідегі телемедициналық қондырғыларды орнату.

Бүгінгі күні жоба өз мәресіне жетті. Облыстық медицина орталығы, онкология, туберкулезге қарсы диспансер, перинаталды орталық, балалар ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханасы, қалалық аурухана заманауи бейне камералар, мониторлар және өзге де қажетті құрылғылармен жабдықталды. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық ауруханалары мониторлар және өзге де қажетті құрылғылары жаңартылды. Ендігі кезекте, телемедициналық байланыс арқылы аталған емдеу ұйымдары өз ара және өзге де ғылыми орталықтармен жылдам әрі үзіліссіз тікелей байланыса алады. Медицинаның соңғы жетістіктерін пайдалану, жылдам ақпарат алысу, науқастарды қозғамай кеңес алу, мамандардың жұмыс орнында тұрып білімін көтеруі, тәжірибе алмасуы қажеттілігі артатын болады.

Медицина – сәт сайын дамып отыратын ғылым. Ғылымның дамуы техникалық өзгерістерге әкеледі. Техниканың соңғы жетістігі – науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Облыстың емдеу ұйымдарына орнатылған телемедициналық байланыс – халықтың игілігі үшін жасалған шара.

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ
ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

https://syr-media.kz/news/4606-zhaa-telemedicinaly-ondyrylar-oyyldy.html

25-07-2018, 10:07