Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру екенін айтты.
«Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды», – деді президент коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте. Айтуынша, вирусқа қарсы күресте аға буын, бірақ ең жаманы балалар зардап шегіп жатыр.
«Бұл қауіптен өзіңді және жақындарыңды қорғаудың жалғыз жолы – вакциналау. Әлемдік медицина әзірге басқа әдіс ұсынған жоқ, жақын келешекте де ұсынуы екіталай. Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс», – деді Тоқаев.
Ол үкіметке кеңесте көтерілген мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Қабылданған шаралар туралы бір ай ішінде баяндауды сұрады.
МӘМС: Қызылорда облысы халқының 82,2%-ы сақтандыру мәртебесіне ие болды
Елімізде мiндеттi әлеуметтiк мeдицинaлық сaқтандырy жүйeсi енгiзiлгелi оң өзгeрiстeр байқaлaды. Хaлық бұрын aқылы болғaн медицинaлық көмектi тегін aлып, емхaнаны, дәрiгердi еркін таңдайды. Сақтандыру қоры арқылы жеке меншік клиникаларға да тексерулеріне болады. Ол үшін азаматтар сақтандыру жүйесіне тіркелгенін қайдан біледі? Тeгiн көмек алу тұрақты жұмысың болу керек пе? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын «Әлeумeттік медицинaлық сaқтандыру қoры» КЕАҚ Қызылoрда облыcы бойыншa филиaлының дирeкторы Бaқыт Исмaғамбетовтен сұрaп бiлдiк.
- Бақыт Торғайбайұлы, МӘМС жүйесінде қызылордалықтардың қанша пайызы сақтандырылған?
– МӘМС жүйесінің толыққанды жүзеге асуына кедергі келтіріп отырған бірінші үлкен мәселе – өңіріміздегі сақтандырылмаған азаматтардың үлес салмағының әлі де жоғары болуы. Республика бойынша 18 млн тұрғыңның 15 миллионнан астамы, яғни 81% cақтандырылмаған. Ал Қызылорда облысында 800 мың тұрғынның тек 654 мыңы (82,2%) сақтандыру мәртебесіне ие болып, соңғы қатардағы орындарға жайғасты. Меже бойынша 2020 жылдың соңына өңір тұрғындарының 87% сақтандырылу қажет еді, алайда бұл орындалмай отыр. 2021 жылғы 1 сәуірдегі ахуал бойынша аймақта МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар 141 мыңнан астам адамды құрап, медициналық көмекті толыққанды алу мүмкіндігінен айырылып отыр. Оның 41 мыңдайы - жұмыс істейтіндер, алайда жұмыс берушілер әлдебір себеппен жарна төлемейді.
- Төлемегенi үшiн aйыппұл салына мa?
- Салынады. Заңда төлеушiнің аудaрымдaры мен жарнaларын уaқытылы аудармағaны үшiн жaуaптылығы қарacтырылған. Яғни аудaрымдар мен жaрналардың уaқытылы аудaрылмаған сомaларын мемлекеттiк кірiс оргaндары өндiріп алaды. Сонымен қатар, төлеушi олaрды ҚР Ұлттық Бaнкі бeлгілeген қaйта қaржылaндырудың 1,25 есeлeнген рeсми мөлшeрлемесi мөлшeрінде мeрзімi өткен әрбiр күн үшiн есeпке жaзылған өсiмпұлмeн біргe қордың шотынa аудaруға тиiс екенi турaлы көрсетiлгeн.
- Сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін қалай анықтайды? Қор туралы ақпаратты қайдан алады?
- SаqtаndyrуВоt телеграмм бот арқылы да нақтылаyға болады. Еgov.kz сайтына кіріп ЖCH нөмiрiн теріңiз немесе аймақтық XҚK0-ға, медицинaлық ұйымғa барып, мeдицинaлық ақпарaттық жүйедегi мәртебеңiздi тексeру қaжет. Егeр жеңiлдік жасaлған он бес санаттың бірiне крiсеңіз, сiз автoмaтты түрдe MӘMC қатыcушысы болaсыз.
Ал қор халықпен кері байланыс жүйесін бір ізге қойған. Облыс тұрғындарын MӘMС жүйесі жайлы ақпараттандыру жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Былтырдан бері «QoІdau-24/7» мобилді қосымшасы әзірленген-ді. Бұл қосымшаның маңыздылығы - МӘМС жүйесіне байланысты толық ақпарат алуға және де медицина мекемесінің қызметіне шағым қалдыруға болады. Мобилдік қосымшаны қолдану үшін, GoogІe Plaу Market/АPP Store) арқылы «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеп, жүйеде тіркелу қажет. Қосымшaның ақпараттық материалдары мен видеороликтері де жасақталған. 1406 call орталығы мен Qoldau 24/7 мобилді қосымшaсы aрқылы облыс бойынша 2020 жылы 169 шағым түссе, жыл басынaн берi 75 aрыз-шaғым түстi, барлығы уақытында қанағаттандырылып шешілді. Оның ішінде сақтандырылған азаматтарға МӘМС пакетіне тиесілі қымбат диагностикалық қызметтерді алу қор есебінен тегін бола тұра, оларға ақылы негізде жолдама берілген азаматтардың құқықғы филиалдың араласуымен орнына келтірілді. Өз есебінен төленген қаражаттары қателік жасаған медициналық мекеме тарапынан азаматтарға қайтарылып беруіне мүмкіндік туды.
- Мемлекет басшысы коронавируспен күресте медицина қызметкерлерін қолдау міндетін қойды. Қызылордалық медқызметкерлерге қаншалықты көмек беріліп жатыр?
- Үкімет медицина қызметкерлерiне төленетiн төлемдердiң мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін айлық алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 2020 жылдың наурыздан 2021 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облысының 24 306 медицина қызметкеріне еңбекақысына қосымша үстемеақы төледі. Ал, биыл үстемеақы үшін республикалық бюджеттен жалпы 2 275,61 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күнге дейін 1 584,0 миллион теңгесі төленді.
- Коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырғаннан кейін оңалтудан өтудің жолы қандай?
- Ең алдымeн, өзiңіздiң eмдeyшi дәрiгерiңiзгe хaбaрлaсыңыз. Eмхaнaдaғы дәрiгeр оңaлту дәрігерiнiң немeсe мультидисциплинaрлық топтың Кeңeсінe жолдaма бeрeдi, олaр жaғдайды бағaлaйды жәнe қaлпына кeлтiру шaралaрының қажеттi курсын тaңдайды. Олaр тыныс aлуды қaлыпқа келтiруге, асқынулaрды азaйтуға, өмiр сүру сaпасын aрттыруға және мaзасыздық пен депрeссия бeлгілeрiн жеңілдетуге бағытталған.
Көрсетiлiмдер болғaн кeзде оңaлтудaн үйдe eмдeлген және мeдицинaлық ұйымдaрға жүгінбeген азaматтар дa өте алaды. Олaр үшiн әрекeттер aлгоритмi бірдeй.
Айтa кету кeрек, медицинaлық оңaлту функционaлдық бұзылу дәрежесiне бaйланысты стaционaрлық және aмбулаториялық жaғдайда да жүргiзілуі мүмкiн.
- Аймақта MӘMС жүйeсіне қaнша мeдициналық ұйым тiркeлген?
- Биыл әлeуметтiк мeдицинaлық сaқтандыру қорының филиaлымeн алпыс емханамен келiсiм-шарт жaсaлды. Оның iшiнде отыз жеке меншік клиника бар. Қалғаны мемлeкeттiк мeдицинaлық ұйымдaр.
Қызмeт көрсетушiлeрмeн 65,82 миллиард теңгеге шарт жaсaлды. Оның iшiндe 42,81 млрд тeңге тeгін мeдицинaлық көмeктің кeпілдiк берiлгeн көлeмі шeңбeрiнде, 23,01 миллиард тeңге МӘMС қaржысы құрaйды. Сонымeн қaтар аймaқтaғы он төрт медициналық ұйымда коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар үшін 585 төсeк-орын дайындaлды.
- Медициналық сақтандыру бойынша қандай клиникалар жұмыс істейтінін қайдан көруге болады? Халықта емхананы таңдау құқығы бар ма?
- ТMККК және MӘMС бойынша мeдицинaлық қызмeт көрсeтетiн медицинaлық ұйымдaрдың тiзiмімeн Әлeумeттік мeдицинaлық сaқтaндыру қoрының рeсми сайтындa тaнысуғa болaды. Әркiмнің дәрiгер мeн eмханaны eркiн тaңдaуға құқығы бaр. Тiркeу нaуқaны кезiндe мeдицинaлық мекеменi жылынa бiр рeт еркiн тaңдaу құқығы бaр. Сондaй-aқ егeр адaм тұрaқты немeсе уақытшa тұрaтын, жұмыc iстейтiн нeмесе оқитын жeрiн ауыстырсa, бaсқа eлді мeкенгe көшсe немeсе өзi жaтaтын eмхана қaйта ұйымдaстырылсa aуыстыруғa болaды.
- Ол емханаларға бақылау бар ма? Әсіресе жеке клиникалар. МӘМС өз клиеттерін заң бұзған медициналық ұйымдардың алдында қорғай ала ма?
- Қордың медициналық қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізу бөлімінің мамандары науқастардың құқығын қорғайды. Кез келген денсаулық ұйымы алдына келіп тұрған науқаспен жақсы қарым-қатынас орнатуға міндетті. Ақы төлегеніне не төлемегеніне қарамастан. Біз өз тарапымыздан медициналық ұйымдармен келісім-шарт жасар алдында аккредиттеуден өткен ұйымдарға басымдық береміз. МӘМС оларға сапалы қызметі мен көлеміне қарай қаржы төлейді.
ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық қызмет көрсетушілер халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді.
Халыққа медициналық көмек көрсету кезінде биыл Қызылорда облысы бойынша 16,6 мыңдай түрлі кемшілік анықталды. Медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 158 млн теңгеден асты. Ұйымдардағы жиі кездесетін қателіктер «емдеу-диагностикалық іс-шаралардың, қызмет көрсетудің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, ережелерден/ клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуы және пациенттердің деректерін денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне дәйексіз, уақтылы емес, толық емес және сапасыз енгізуі болып отыр. Қор сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және MӘMС пакеті бойынша қор филиалымен келісім-шартқа отырған медициналық мекемелер атқарған қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жүйелі түрде жүргізіп отырады. Сондықтан бізге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда қордың call-орталығына 1406 телефонына, Қордың сайтына, «Qoldau - 24\7» мобилдік қосымшасы арқылы немесе Telegram-бот «SaqtandуruВot» хабарласуға болады. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.
- Сұхбатыңызға рақмет.
Гүлшара Әбдіқалықова медициналық нысандарды аралап, індетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың күшейіп, індеттің таралу деңгейінің артуына байланысты бірқатар медициналық мекемелерді аралап, дайындығын саралады.
Алдымен аймақ басшысы жұқпалы аурулар ауруханасына барып, қызметін бағдарлады. Биылғы жылдың 5 айында жұқпалы аурулар ауруханасына 959 науқас түсіп, 875 азамат індеттен айыққан. Қазіргі таңда ауруханада 185 науқас ем қабылдап жатыр. 200 төсек орынға лайықталған ауруханада дәрі-дәрмектің қажетті қоры қалыптасып, оперативті мамандар жұмысы жолға қойылған.
Облыс әкімі соңғы уақытта өңірдегі вирус деңгейінің күрделеніп, үнділік Дельта штамм белгілерінің таралуы себепті сақтық шараларын қатаң түрде күшейтіп, науқастарды емдеуде қосымша төсек-орынды әзірлеп, алгоритмдерді жедел іске қосу қажеттігін қаперге салды.
«Қазір вирустың мутацияланған белгілері анықталуда. Өкінішке орай, Дельта штаммы біздің өңірде де көрініс тауып жатыр. Індетті жеңу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, тұрғындарды белсенді түрде екпе егу жұмыстарына шақыруымыз қажет. Егде азаматтарды, балаларды вирустан қорғау үшін медициналық ұйымдар қажетті шараларды қарқынды түрде іске асыруы қажет», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Бүгінде облыста індет жұқтырған 7392 адам тіркелсе, оның 92 пайызы жазылды. Ал, пневмониямен ауырған 1338 науқастың 1194-і емделіп шықты. Бұл ретте стационарларда 570 төсек-орын ұйымдастырылды. Егер індет күшейген жағдайда инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын қорын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сонымен бірге 518 орын орталықтандырылған оттегімен жабдықталған. Қазіргі уақытта 262 науқас инфекциялық стационарларда ем алып, жүктемесі 46 пайызға жетсе, 29 науқас реанимациялық төсек орындарында ем қабылдап, жүктемесі 33 пайызды құрады. Сонымен бірге, өңірде 138 дәрігерлік мобильдік топ үйден ем жасап, науқастарға уақытылы жетіп, қажетті ем-шара жүргізуде.
Мұнан кейін өңір басшысы «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмек қоймасына барып, медициналық препараттар қорын бақылады. Гүлшара Әбдіқалықова жауапты сала басшыларына өңірде дәрілік заттарды жеткізуде айтарлықтай проблема болмау қажеттігін тапсырды. Бүгінде «СК-Фармация» ЖШС құны 371 миллион теңгені құрайтын дәрі-дәрмек қоры бар. Әсіресе, коронавирусқа қарсы дәрілер жеткілікті мөлшерде әкелінген. Науқастарға қажетті дәрілер медициналық нысандар мен дәріханаларға тұрақты жеткізілуде.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова екпе егу кабинеттерінің жұмысын саралау үшін Қызылорда қаласындағы №3 емханаға да барды. Мұнда тұрғындарға вакцина салуға қажетті бірнеше егу кабинеті ашылып, мобильді дәрігерлердің жұмысы жолға қойылған. Вакцинация кезеңі басталған уақыттан бері емханадан 13 мың аса тұрғын екпенің бірінші компонентін, 8350 адам екінші компонентін салдырған. Вакцинаның екінші кезеңін алу белгіленген тәртіппен жалғасуда. Емхана жұмысын саралаған облыс әкімі емхананың бас дәрігеріне екпе алу процедурасы кезінде тұрғындардың шоғырлануын болдырмас үшін күту залдарын реттеп, жұмысты үйлестіруді тапсырды.
Бүгінде екпе егу жұмыстарын қарқынды іске асыруда өңірде 106 егу кабинеті ашылған. Оған 133 мейірбике мен 89 дублер тартылған. Ал, вакциналарды сақтауға 40 тоңазытқыш 179 термоконтейнер және жаңа 20 белсенді термоконтейнер жасалған. Медициналық нысандарды аралау барысында облыс әкімі көпбейінді балалар ауруханасына аялдап, нақты ахуалды таразылады.
Өз кезегінде Гүлшара Әбдіқалықова аурухана басшылығына бірқатар тапсырмалар берді. Соңғы кездері балалар арасындағы аурушаңдықтың көбеюі себепті аурудың алдын алу жұмыстарын әлде де күшейтуді міндеттеді.
Айта кету керек, облыста екпені I компоненті бойынша 171 370 доза егілсе, II компонент бойынша 92 095 доза салынды. Қалған дозалар кестеге сәйкес жүргізілуде.
Автор:
Вакцина алмаған медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіле бастады
Вакцина алмаған қызметкерлер 31 желтоқсанға дейін ақысыз демалысқа жіберіледі.
Италияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған медицина қызметкерлерін жұмыстан шеттете бастады. Бұл туралы Sky TG24 телеарнасы хабарлады.
Вакцинадан бас тартқан медицина қызметкеріне бос орын бар болған жағдайда әріптестерімен және пациенттермен жақын байланыста болмайтын жұмыс ұсынылады. Егер басқа жұмыс табылмаса, бұндай қызметкерлер 31 желтоқсанға дейін ақысыз демалысқа жіберіледі.
Тиісті ережелер Италия министрлер кеңесі 1 сәуірде қабылдаған коронавируспен күреске бағытталған декретте белгіленген. Құжатқа сәйкес барлық медицина қызметкері міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцинациялануы қажет. Бұл міндеттеме мемлекеттік, жекеменшік медициналық және әлеуметтік құрылымдарда, сонымен қатар дәріханаларда жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі мамандарына қатысты. Италияның кәсіби қауымдастығы мен ауруханалар барлық дәрігер, медбике және басқа да қызметкерлердің аты-жөндерін тиісті органға ұсынған.
Денсаулық сақтау органдары сәуір айында медицина қызметкерлерінің әрқайсысына вакцинация туралы құжатты ұсыну туралы немесе вакцинациядан бас тарту себебі көрсетілген анықтаманы ұсыну туралы хабарлама жіберген.
Телеарнаның мәліметі бойынша хабарлама алғандардың басым бөлігі екпе алуға келмеген көрінеді.
Қырағы жандарға құрмет
Жұма күні Қазалы ауданы әкімдігінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Денсаулық сақшыларының басын қосқан мерекелік жиында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Бұдан кейін ұзақ жылдар бойы медицина саласында жемісті еңбек еткен бірқатар сала үздіктеріаудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық емхананың дәрігері Әсия Ізтілеу Ұлттық медициналық ассоциациясының «Алтын дәрігер» медаліне ие болды.
Сонымен қатар, Қазалы ауданаралық ауруханасы мен Қазалы теміржол ауруханасының ұжымдарына «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хаты» табысталды.
Шарада Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева мен Қазалы теміржол ауруханасының мейіркеші Елена Андреади әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтап, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.
Кәсіби мерекеде зор құрметке бөленген сала мамандары өз қуаныштарын жасырған жоқ. Олар алдағы уақытта да денсаулық сақтау саласында талмай еңбек ете беретіндіктерін жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
https://qazaly.kz/kogam/20375-yray-zhandara-rmet.html
Атқарар ісі ауқымды
Тіс аурса, іш ауырса дәрі беріп, жанды емдейтін дегдар жандар терапевт дәрігерлерді көбі біледі. Медицина саласының басты мамандығы болып табылатын дәрігерлердің бұл түрі ағзаға әсер ететiн ауруларды анықтап, емдеумен бірге, хирургия, гинекология, педиатрия және анестезиология сынды салалардан хабары бар әмбебаптылықты талап етеді. Осындай жұмысты жауапкершілікпен атқарып, ел ықыласына бөленіп жүрген Қазалы теміржол ауруханасының терапия бөлімі шағын болғанымен, атқарар жұмысы ауқымды бөлім.
20 терапиялық, 10 кейінгі оңалту орындарымен қамтылған бөлімде аталмыш санатқа кіретін түрлі науқастарға көмек көрсетіледі. Терапевт дәрігер, реабилитолог дәрігер, 4 мейірбике, 1 оңалту бөлімінің қызметкері, кіші медициналық қызметкерлер, шаруашалық бөліміне жауапты маманнан тұратын бөлім бастапқы және өңделген адамдарға жауапты. Ішкі органдардың барлық бұзылысының ем шарасын тағайындайтын мұндағы жауапты жандар үнемі ізденіс пен тыңғылықты жұмыс жүйесіне уақыттарын арнаған. Алғаш науқас деңгейін анықтайтын терпевтер емделушінің сипатын анықтап, асқынған немесе басқа да клиникалық көріністері болса, тиісті бөлімдерге жолдайды. Бұл күнделікті суықтау, асқыну, түрлі жетіспеушілік ауруларымен бірге, инсульт, инфарктен кейінгі, ота жасалғаннан соңғы ауырлықты қалпына келтірумен айналысатындар қызметіне жүгінушілердің моторикасын дамтып, тірек қимыл аппаратының бұзылысы, тіл мүкістігінің дұрысталуына ықпалын тигізеді.
Пендемия кезінде бөлім жұмысы жаңаша сипатта жалғасқан олар ауруханаға түскен әрбір науқасты «Қызыл аймақ» жүйесі арқылы қабылданып, сынамалар алып, диагнозын анықтауда жедел әркетке көшуде терапиялықтар тындырымдылықтарымен танылуда. Карантин уақытында, «СOVID-19», өкпе қабынуымен ауырған науқастардың кейінгі әлсіреуінен туындағын түрлі себептерден айығуға сеп болған. Бөлім басшысы, отыз жылға жуық тәжірибесі бар білікті дәрігер Бақыт Айжарықованы сөзге тартқанымызда: «Қазіргі таңда бронхит, өкпе демікпесі, өкпе қабынуының салдарынан әлсіреу, өкпе, жүрек астмасы, қан қысымы көбейген. Бұрын бұл аурулар түріне көбіне егде жастағы адамдар, ішінара орта жастағылар шалдығатын болса, қазір ауру белгілері анықталып, олар жасарып бара жатқаны белгілі болып отыр. Сондай-ақ асқынулар тез өріс алады. Осылардың барлығын ескере отырып, шұғыл шешім қабылдауға дағдыландық. Бөлім емделушілерінің күнара бас дәрігер, бас дәрігердің орынбасары бақылап, танысып отырады», – дейді. Өзінің төл мерекесін басқосуда емес, науқастар төсегінің жанында қарсы алатын ақ халатты жанның сөзінен басты баға – емделушінің сана саңлауындағы сәулесінде сығалаған үмітіне сенім ұялатып, жарқын өмірге қайта оралуына септесу екенін топшыладық.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
https://qazaly.kz/kogam/20319-atarar-s-auymdy.html
Жүйке жүйесіне жауаптылар
Салауатты әрі бақытты өмірді дәрігердің көмегінсіз елестету мүмкін емес. Халықтың “Бірінші байлық – денсаулық” деген тәмсілі де осыны меңзесе керек.
Қазіргі күні елдегі ақхалатты жандардың біліктілігін медицинасы дамыған елдердегі мамандарының қабілетімен теңестіруге әбден болады. Себебі күн өткен сайын алдына көмек сұрап келген адамның сырқатын жазып, көңілін көншітіп жіберетін дәрігерлердің саны артып келеді.
Солардың қатарында халықтың алғысына бөленіп жүрген Қазалы теміржол ауруханасының қызметкерлері қос невропатологты айта кеткенді жөн көрдік. Олар Шолпан Қарақұлқызы мен Райхан Қорғанбекқызы. Бұл мінездері жайдарлы ақхалатты арулар теміржол емханасында орналасқан неврологиялық кабинетте өз қызметтерін ұсынады.
Шолпан Өтеулі осыдан 9 жыл бұрын еңбек жолын аудандық ауруханадан аймақтық терапевт болып бастаған. Бір жылдан соң Қазалы теміржол ауруханасына дәрігер невропатолог қызметіне ауысады. Ол біліктілігі мен толысқан тәжірибесінің арқасында теміржол ауруханасының неврология бөліміне бөлім меңгерушілігіне тағайындалды. Қазіргі уақытта осы қызметті абыройлы атқарып жүр. Елге сыйлы мамандығына байланысты жыл сайын кәсіби деңгейін көтеру мақсатында білімін жетілдіру курстарына оқуға барып тұрады. Практикалық семинар мен конференцияларға ұдайы қатысып отырады. Соның арқасында бүгінде Шолпан I санатты дәрігер невропатолог қатарында. Өз жұмысын аса сүйіспеншілікпен атқаратын дәрігердің айтуынша, отбасындағы жағдай атқарып отырған ісіңе әсер етеді екен. Ал оның өмірлік жолдасы Нұртуған әрдайым қолдау көрсетуден жалыққан емес. Бүгінде Нұртуған Әбдімәлікұлы екеуі үш баланы тәрбиелеп отыр.
– Аурухана ұжымы тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту негізінде нысаналы көрсеткіштері бойынша біршама табысқа қолжеткізіп келеді. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 68,8-ден 72 жасқа өсті. Бүгінде 10 төсек бөлінген неврология бөлімінде бел мен бас ауруы мазалаған сырқаттанушыларды қарамағымдағы 6 қызметкермен бірлесе жүйелі ем жүргіземіз. Азанғы уақытта бір мезгіл ауруханада қызмет көрсетсем, түстен кейін емханада келген науқастарды қабылдаймын, – дейді Шолпан Қарақұлқызы.
Шолпанның әріптесі Райхан Қорғанбекқызы Арал қаласының тумасы. Он жылдық тәжірибесі бар жас Қазалы теміржол ауруханасында қызметтік жолын жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде бастаған. 2015 жылы Алматыдағы үздіксіз білім беру университетінде “Неврология” ісі бойынша білімін жетілдірген. Осы жылдан бастап балалар және ересектер невропатологы болып жұмыс істейді. ІІ санаттағы дәрігер ересектер мен балалардағы неврологиялық аурулар мен түрлі неврологиялық асқынудың алдын алу және реабилитациялық ем тағайындаумен айналысады. Абыройлы қызметпен қатар 4 баланың тәрбиесін жауапты атқарып келеді.
Райхан Қорғанбекқызы отыратын теміржол емханасындағы неврологиялық кабинет түрлі үнпарақпен безендірілген. «Денсаулық бұрышы», «Инсульттің алдын алу туралы» ақпарат, «Бел омыртқаның иілуіне және қатаюына арналған жаттығулар», «Инсульттан кейінгі емдік шара туралы» және басқа да көрнекті құралдар ілінген. Осындай сырқатпен келгендерге дәрігер ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізеді.
– Ауырып келген науқастарға кеңестер айтылып, ем беріледі. Күніне дәрігерлік бақылаудан 30-дай науқас өтеді. Келгендерге кеңестер беріліп, аурудың түріне қарай ем тағайындалады. Кабинетте салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жемісті қызметтер атқарылады, – дейді Райхан Қорғанбекқызы.
Ұлт жоспарында қойылған басты міндеттердің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу болатын. Сондай-ақ жаңа жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмекті бірінші кезекте қаржыландыруға басымдық берілген. Бұл бағытта аурухана ұжымы қызу жұмыс жүргізуде. Емхананың жұмыс кестесінде созылмалы аурулары бар науқастарға шақырулар артылды, стационарлық көмекті тұтыну төмендетіліп, жоспарлы емдеуге жатқызу саны ұлғайтылған.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
https://qazaly.kz/kogam/20317-zhyke-zhyesne-zhauaptylar.html
Жаңашылдыққа иек артқан ұжым
Мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші әлеуметтік мәселелерінің шешімін тауып, халықтың әл-аухатының айрықша маңыз табуымен бағаланады. Қоғамның басты байлығына саналатын адам құндылығын сақтап, олардың салауатты өмір сүруіне атсалысатын аудандық медицина саласында өзіндік орны бар ұжым «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кәсіби мерекелері қарсаңында әдейілеп ат басын бұрдық.
Тазалық пен жылулық сезілетін орында тәртіп басты талап екенін ұғыну қиынға соқпады. Арнайы рұқсат алып, санитарлық талапты барынша сақтап барған тілшілік топтың бірнеше қайтара тексеруден өтуіне тура келді.
«Адам жаны ауырған жерінде» дейді халық даналығы. Аса жауапкершілікке толы дәрігер мамандығын игеру көп еңбектену мен күш-жігерді жұмылдыруды қажет етеді. Дәрігер болатын маман алдымен халқының жанашыры, үлкен жүрек, темірдей жүйкенің иесі болуы шарт. Бұл ұжымның басты ұстанымы. Өздерін 1904 жылы Қазалы уезінде ашылған алғашқы амбулаторияның дәстүрлі жалғасы деп санайтын орын елдегі түрлі өзгерістерге байланысты жаңаша түлеп, өзгеру арқылы, уақыт ағымына ілесе білген.
2000 жылы «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы атанса, бертін келе «Апаттар медицинасының теміржол госпиталдары» АҚ филалы болса, 2018 жылдың сәуірінен «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС болып жұмыстарын жандандыруда. Қазалы ауданымен бірге іргелес жатқан Арал, Қармақшы аудандарының науқастарына қызметін ұсынатын медициналық мекеме сапалы емдік, профилактикалық медициналық көмек көрсетумен айналысады.
Базалық-техникалық жағдайы талапқа лайықталған аурухана 140 орынға есептелгенімен, консультациялық қызмет көрсетуде 350 адамды қабылдауға қауқарлы. Дегенмен оған қарамай, «COVID-19» пандемиясында денсаулық сақтау ұйымы медицина қызметкерлеріжоғары жауапкершілікпен, кәсіби біліктілікпен еңбек қарқынын арттырды.
Ауруханада хирургия, травмотолия, гинекология, неврология, нейроинсульт, реанимация, ақылы қызмет, күндізгі бөлім және балалар бөлімі бар. Сондай-ақ параклиникалық: клиника-диагностикалық, бактериалогиялық, биохимиялық, иммун-ферменттік зертхана, функтуациялық диагностика жүргізу, физиотерапия сияқты түрлі бөлім қызметін ұсынады.
Талапқа орай медициналық көмек көрсету әдістері дамып, жаңарған тұста жұмыс сапасын арттыру қолдау тапқан. Мәселен, заманауи компьютерлік томограф, УДЗ, плазмаферез, лазер аппараты, гастрофиброскоп, барокамера, маммаграфия, ультрадыбысты доплерограф, электрокаридиограф, электронды гемотологиялық анализатор сияқты жаңашыл жабдықтар ауру себептерін жылдам анықтап, емді оңтайландыруға өз үлесін қосып келеді. Мамандардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу бағытында тұрақты жұмыс жоспарлары жолға қойылған. Дәрігерлер республиканың жетекші орындарында, шет елдерде сынақтан өтіп, тәжірибелерін толықтырып қайтады.
400-ден аса адам жұмыс істейтін ұжымда ауызбіршілік пен ұйымдастырушылықты жолға қоюымен, сала озаттары санатынан көрініп келеді. Ұжым ісін ілгерілеткен ақ халатты жандар: жоғары санатты балалар дәрігері, бас дәрігердің емдеу ісі жөнідегі орынбасары А.Дәрібай, жоғары санатты балалар дәрігері, ана мен бала бөлімінің басшысы Ш.Байбазарова, үздік хирург Сәдуақас Ахмет, дәрігер реанимотолог Ж.Қуанышбаев, бірінші санатты невропотолог дәрігер Т.Жиенқұловтың озық тәжірибесі аудан, облыс, республика көлеміне кеңінен таныс.
Уақыт сұранысына иек артып, ұйымдастыру шеберлігімен шыңдалған, білікті басшы, «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Сыр медицинасының үздігі», «Алтын дәрігер» белгісінің иегері Құбыл Ршымбетов басқаратын ұжым мерейлі күнін толымды табыспен қарсы алған, дәрігерлік анты мен абыройы алдында адал мамандар шоғырланған мекеме.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
https://qazaly.kz/kogam/20315-zhaashyldya-iek-artan-zhym.html
Салауатты өмірдің сақшылары
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау – адамзат алдындағы үлкен жауапкершілік. Себебі ақхалаттылар адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, алдына келген науқастың жасына, жынысына, тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.
Ғалымжан Тәжібаев – Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер-рентгенолог қызметін атқарып жүрген үлгілі маман. Ол 1992 жылы Ақтөбеден мединститутты бітіріп, дәрігерлік қызметін бастаған. «Емдеу ісі» мамандығымен білім алғанымен, физиотерапияны да қатар меңгеріп, адам жанын сақтауға барын салып жүрген ол: «Бұл мамандықты таңдауыма анам себеп болды. Сол кісіні өзіме үлгі етіп, дәрігер болғым келді», – дейді.
Қарашаңыраққа шаттық сыйлап, тәрбие мен адамдықты ұрпағының бойына сіңірген ана өз ұлына өмірлік ұстаз да бола білген Рахиля Ермағамбетова акушер-гинеколог боп қазалылықтарға талай жыл қызмет етіп, зейнетке шыққан.
1993 жылдан бастап денсаулық сақтау саласына күш-жігерін жұмылдырған. Осы жылдар ішінде тәжірибесі толысқан, жауапты, өз мамандығын қадірлейтін мақтаулы дәрігерге айналған. 2005-2010 жылдары Байқоңырдағы әскери медициналық госпитальға озық маман ретінде арнайы шақырылған. Осында қалыптастырған дағдысы мен қарым-қабілетін туған жеріне арнауға бел шешкен азамат қазіргі теміржол ауруханасындағы адал қызметін жалғастырады.
«Басты мақсат адам болу, бір мамандықты игеріп, елге қызмет етсем» деген ойды арқалаған азаматтың өмірлік жары да адам жанының арашашысы. Бақыткүл Жалымбет аудандық перзентхананың акушері. 1984-1987 жылдары Орал қаласындағы медициналық училищеде білім алып келген жас маман бітірген уақытынан осы күнге дейін бір мекемеде 30 жылдан астам уақыт еңбек етуде. Өзі де денсаулық сақтау саласында жүрген ол күні-түні қызметте жүретін жарының жанынан табылып, отбасында да жарасымды тірлігімен үлгі болып отыр.
Бақыткүл Оразғалиқызы «Ұл-қыздарымыздың таңдауына тосқауыл қоймадық. Екі қызым мұғалімдік жолды таңдады.
Ұлым Өркен қазір С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде 5 курста білім алып жатыр. Әзірге медицинаның нақты қай саласына баратынын шешкен жоқ. Қайсысы болса да қолдаймыз», – дейді.
Тәжібаевтар жанұясы салауатты өмір салтын ұстануымен де көпке таныс. Ерлі-зайыптылардың хоббиі – теннис ойнау. Бір отбасынан шыққан денсаулық сақшыларына енді тағы бір ұрпақ қосылмақ. Гиппократтық, адамдық антына адал боп, науқастың жаны мен тәнін емдейтін жандарға амандық тілейміз.
Дина БӨКЕБАЙ
https://qazaly.kz/kogam/20314-salauatty-mrd-sashylary.html
Екпе салдыру енжарлықты көтермейді
Дәрігер – адам жанының арашашысы. Мұндай халыққа қадірлі мамандық иелерінің қатарында есімі құрметпен аталып жүрген санитар дәрігер Сержанқожа Берденов. Санитарлық эпидемиология бағытына жарты ғұмырын арнап, абырой биігіне көтерілген азаматқа арнайы барып, жолыққан едік.
– Еңбек жолыңыз Қазалы медицинасымен бірге өрлеп, дамыды. Дәрігерлікке қашан келдіңіз?
– Жалпы өткен ғасырдың ортасына дейін Қазалыда қазақ ұлтты дәрігерлер болмаған. 1960 жылдардан бастап жаңа буын қосылды. Бірінші болып ауданға Байзырахман Жұмағұлов деген дәрігер келген.
Мен 1965 жылы санэпидстанцияға басшы боп тағайындалдым. Оған дейін Нағима Омарова деген қыз болған еді. 1965 жылдан бастап Мақат Жансейітов, Қызыл Жексенұлы, Нұрқасым Сейітбаев, Нұрсұлтан Мұратбаев сынды дәрігерлер ауданда тұңғыш болып осы салаға келді. Бұл кісілердің барлығы да Қазалы медицинасының гүлденуіне өзінше үлес қосты.Қазіргі кезде де жақсы қызметімен көзге түсіп жүрген Көбек Наршабаев, Бақытгүл Әлішова есімдерін ерекше атағым келеді.
– СЭС деп атап жүрміз. Байқасам, бұл мамандық “қоғамдық денсаулық сақтау” деп аталады. Коронавирус әлемді шарпыған кезде осы мамандыққа сұраныс артқандай...
– Өткен жылы әлемді каронавирус басталғанда маман табылмады. Оның ішінде адамды емдеймін деп қанша дәрігер ауруханаға қонып, өзіне вирус жұққанын байқамай қалды. Олардың қатарында білікті дәрігер Іскендір Жұмағазиев те бар.
Күнделікті көзге көрінетін аурулар жоғалғалы бұл мамандық керек емес сияқты көрінгенімен, адамның туғаннан-өлгенге дейін сапалы өмір сүруіне не ішіп, не кию керек, ауасы, суы қандай болу керек болса, осының бәрін зерттейтін біздің сала. Мамандыққа сұраныс артқан шақта жақсы кадрлар тапшылығы байқалды.
– Әңгімеміздің ауаны пандемияға ауысты. Бұл бағытта ел ішінде екпеге күмән көп. Аурулардың алдын алушы маман ретінде бұл туралы пікіріңіз қандай?
– Халық әлеуметтік желіден алған неше түрлі жалған ақпараттарға сеніп, вакцинадан бас тартуда. Шын мәнінде, оны жай адам емес, медициналық білімі барлар ойлап тапқан. Ол ауру туғызбайтын, өлген микробтардан жасалады. Осы жағынан ауданда санитарлық түсіндірме жұмыстарын кеңейту керектігі уақыт талабы.
Вирус жұқпалы болғандықтан, екпе салдыруда енжарлық танытау керек. Яғни, адам өзінің, одан кейін айналасының амандығы үшін екпе салдыруы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұрыннан бар.
– Ертеректе Қазалыда осындай эпидемиялар жиі орын алатын еді?
– Әрине, бұрын медицина саласы цифрланбаған, екпе жайлы күнделікті ақпараттанбаған кезде де дифтерия, шешек, оба, қызылша, тырыспай, холера сияқты вирустық аурулар көп болған. Тәжірибемнен айтсам, соның ішіндегі дифтерияны тек екпе арқылы жоя алдық.
Өткен ғасырдың 70-жылдары жаппай сары ауру эпидемиясы жүрді. Сол уақытта Қазалыда 60 мындай халық болса, олардың үштен бірі аталмыш аурумен ауырды. Санға шаққанда 20 мың тұрғын. Ол тұста сары аурудың екпесі жоқ болатын. Бірақ су, қол арқылы жұғатындығын ескеріп, жұмысшы топты бөліп, барлық суды тексеріп, тазаладық. Іш сүзегі де сонымен қатар келіп, кішкентай балалардан айырылдық. Сондықтан ел болашағы үшін екпе салдыруға тиіспіз.
– Тәуелсіздік алғаннан кейін санитарлы эпидемиологиялық станцияның жұмыстары қалай өзгерді?
– Алғаш 1966 жылы басшы боп келгенімде мұнда кәсіби база жоқ еді. Екі кабинеттен тұратын станциямыз болды. Кадр жетіспеушілігі айқын білінетін. Кейіннен мемлекеттен көңіл бөлініп, жұмысшы топ құрамы 50-60 адамға жетті.
1984 жылға дейін осында бас дәрігер боп қызмет атқардым. Одан ары қарай санитар врач болып, 2008 жылы зейнеткерлікке шықтым. Тәуелсіздік жылдары экономика нашарлап, барлық жерде емхана, кадр қысқарды.Эпидемиолог мамандығы керек емес деп табылып, ЖОО-да жабылып қалды. Әдетте санэпидстанцияның жұмысы көзге көрінбейді. Дәрігерлер науқастанған адамды емдесе, біздің міндет аурудың алдын алу. Ішіп жатқан тамақ, су, балабақшадағы тазалық барлығы да тұрақты тексерісімізде болатын. Шыны керек, сол кездері санэпидстанцияға үкіметтің көзқарасы дұрыс болмады. СЭС-тің құқықтары азайып, түрлі тексеріске, салық салуға тікелей прокуратураның бақылауымен ғана бара алатын болды. Яғни, бұрынғыдай өздері барып тексермейді.Тек белгілі бір тұрғын дүкендегі затқа шағым түсірсе, соны ғана қарайды. Жұмыс істеп жатыр деген аты болмаса, кадрлық тұрғыдан нашарлап кеткен-ді. Қазір қайтадан көңіл бөлінуде.
– Тексеріс қандай бағытта болатын?
– Бізде төрт сала бар. Олар: тамақ құрамы, ас ішу орындары, дүкендерге қарайтын тамақтану гигиенасы, халыққа ортақ су, моншаға жауапты коммуналдық гигиена, балалар және еңбек гигиенасы болатын. Адам өмірінің ұзақтығы мен сапасы – біздің саладағы басты тақырып.
– Бір тарапында Арал, келесісінде Байқоңырмен шектесетін біздің ауданның экологиялық жайы мәз емес. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығына экологиялық фактор қалай әсер етеді?
– Тәуелсіздікке табан тіремей тұрып, Байқоңырдың лас кәріз жүйесінің суын ішкенбіз. Жиі-жиі министрлікке шағымданып, тексеріп отыру арқылы тоқтаттық. Ол суды ішу жалғасқанда, қазалылықтар азайып қалар еді. Қазіргі Сарбұлақтан ішіп отырған судың санитарлық тазалығы жақсы.
Экологиялық факторға келсек, біздің адамдардың иммунитеті мықты. Бұл төрт түліктің ағын ішіп, табиғи тағамды тұтынуға тікелей байланысты. Өмір сүру ұзақтығы, негізінен, адамның өмір сүру салтының көрінісі.
Қазір дүкенде неше түрлі бояу, қоспа қосылған тағам көп. Жоғарыда айтқан құқықтық шектеулерге байланысты оны күн сайын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Меніңше, дұрыс тамақтану мен осы судың өзгеруі бізді құтқарып қалды. Әлі де экологияның қармағындамыз. Бірақ ұзақ өмір сүремін деген адам дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстануы керек. Бұл жақсы нәрсе ойлап, көңілді жүруге де байланысты. Уақытылы ұйқы, тамақтанудың адам өміріндегі маңызы зор.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Әңгімелескен Дина БӨКЕБАЙ
https://qazaly.kz/zanalyk/suhbat/20190-ekpe-saldyru-enzharlyty-ktermeyd.html