Аурухана жетістігі - республикалық басылымда

"Пожарный и спасатель" журналындағы "Хирургия қанат жайды" атты мақала. Скачать файл: pozharnyy-spasatel.rar [3.64 Mb] (cкачиваний: 4)
16-11-2015, 13:05

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ АЯСЫ КЕҢЕЙДІЖуырда облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған пресс-тур аясында БАҚ өкілдері Қазалы ауданында орналасқан емдеу орындарымен танысып қайтты. 

Алдымен амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық аурухана жұмысымен таныстық. Жалпы ауданда халық саны 75 мыңнан асса, 65 мыңға жуық тұрғын осы орталық ауруханаға тексеріледі. Қазіргі таңда, амбулаториялық-емханалық қызметі бар ауруханаға орталық емхана, 1 қалалық құрылымдық бөлімше, 16 дәрігерлік амбулатория және 18 медициналық бекет қарайды. 
Өзге қалаларда оқуын жалғастырып келген, қайта тәжірибеден өткен дәрігерлер күрделі отаны (хирургиялық операцияны) облыстық медициналық орталығына, науқасты жолдама арқылы жібермей-ақ, өздері жасап келеді. Осы уақытқа дейін білікті дәрігерлердің шипалы қолы арқылы айына шамамен 60 отаға дейін жасалады екен. Ауруханада жүрекпен қатар жедел құрсақ ауруларына және эндоскопиялық оталар жасалады. Осындай отаның бірі біз барған күні өткізілді. Науқастың өт жолындағы тасты камерамен бақылау арқылы лазермен күйдіріп, алып тастады. Ота бөлмесіндегі науқас 1988 жылы туылған жергілікті тұрғын. Дәрігерлердің айтуы бойынша, бір ай көлемінде тексеріске келіп жүрген ол соңғы үш күнде қатты мазасызданып, талма алған. Жедел арада тексеру жүргізген дәрігерлер өт жолында тас жиналу диагнозын қойып, ота сәтті аяқталды. Ауруханадағы тағы бір ерекшелік бірнеше дәрігер бірігіп ем жүргізеді, яғни бірін-бірі толықтырып тұрады. Осы уақытқа дейін ота жасау барысында асқыну кездеспеген.
- Білікті мамандар Көбек Наршабай, Бақытжан Наршабаев, Пайзулла Қамысбай сынды ақ халатты абзал жандар талай науқастың орнына тұрып кетуіне атсалысты, - дейді бас дәрігер Нұрлан Кәрібаев.
Алматылық білікті мамандар жергілікті дәрігерлермен тығыз байланыс орнатқан. Олар бастапқы медициналық көмек деңгейінде науқастардың ауруларын анықтау және емдеу жолдары бойынша жергілікті дәрігерлерге дәріс оқыған. Олардың қатарында кардиолог, нефролог, гастроэнтеролог, пульмонолог, терапевт, травматолог тәрізді мамандар бар. Мұндай шеберлік сыныптары барысында жергілікті дәрігерлер емдеудің заманауи тәсілдерін үйреніп, тәжірибе алмаса алады. Бұндай іс-шаралардың медициналық көмекті дамытуға ықпалын тигізетіні анық. Өйткені жергілікті мамандар медициналық көмек сапасын жетілдіріп қана қоймай, маңызды және күрделі емдеулер мен оталардың қолжетімділігін арттырады. 
Қызмет сапасына айрықша мән беріп отырған денсаулық сақтау мекемесінің бірі – «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның филиалы – Қазалы темір жол ауруханасы.
Қазалы темір жол ауруханасы – Қазалы, Арал және Қармақшы аудандарының халқына қызмет көрсетіп келе жатқан үлкен емдеу орны. Тәжірибелі маман, білікті басшы Құбыл Ршымбетов басқаратын ұжымның еңбегіне ел риза. Мұнтаздай таза бөлмелер жатып емделуге барынша лайықты болса, денсаулық сақшылары келушілердің сырқатынан айығып шығуына шынайы қызмет көрсетіп келеді. 
Аурухана басшысы Құбыл Ршымбетұлы емдеу мекемесін заманауи құралдармен жабдықтау шарасының жылма-жыл жүзеге асырылып келе жатқанын айтады. Қазалы теміржол ауруханасы толықтай ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне тиесілі екен. Көптеген жандар маңдай тірейтін бірден-бір емдеу орны Үкімет Қаулысымен «тегін медициналық көмектің кепілді көлемі» шеңберінде халыққа қызмет етуде. Ауруханаға қарасты емхана мен ақылы бөлімшеде сапалы ем беріледі. Өз ішінен дәрі дайындайтын дәріхананың болуы да басты ерекшелігінің бірі. Мұндағы хирургия, терапия, гинекология, неврология, педиатрия бөлімшелерін тәжірибелі мамандар басқарады. Сондай-ақ физиотерапиялық емдеу кабинеті, қатты толқынды терапия, қол, мойын, массаж құрылғысы, самырсын саунасы, Су-Джок терапиясы көпшіліктің көңілінен шығуда. Жансақтау бөлімшесі орталықтандырылған оттегі беру жүйесімен, барокамера, инфузиялық шприц, сорғы аппараттары, басқа да озық технологиялармен жасақталған. Алдағы уақытта олардың қатарын тағы да қосымша құралдармен толықтыру межеленіп отыр. Ауруханадағы параклиникалық бөлімшелерде клиникалық-диагностикалық, бактериологиялық, биохимиялық, иммундық-ферментті зертханалар орналасқан. Компьютерлік томография облыс орталығынан жырақтағы аудан үшін өте маңызды десек жаңылмаймыз. Аудан бойынша 20 мыңнан астам тұрғын теміржол ауруханасының есебіне алынған. Онда тәулігіне 350 адамды қабылдау өткізіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес скринигтік тексеру тегін жүргізілуде. 
- Жамбас ұршығына гемипротез орнату сынды ауыр операция еліміз бойынша санаулы жерде ғана қолға алынған. Мұның өзінен теміржол ауруханасының деңгейі қаншалықты биік екенін саралауға болады. Оған қоса, дененікеспей эндоскопия аппаратымен ота жасалады. 2012 жылдың күзінен бастап іске қосылған компьютерлік томографиямен бірсыпыра сырқаттардың диагнозы анықталды. Облыста компьютерлік томографияны біздің аурухана ғана сатып алғанын айту ләзім. Кадр даярлау да күн тәртібінен түспеген. Бұған дейін аурухананың қаржысы есебінен жоғары оқу орнын бітірген 5 дәрігер еңбекке орналасқан болса, тағы 4 маман ЖОО-да тиісінше білімін алып жатыр. Болашақта мамандарды өз қаражатымызға оқытуды жалғастыра береміз. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасының перзенті Ақтөбе медициналық академиясында білім алып жатыр. Бәрінің қызмет орны дайын тұр. Бүйрегі істен шығып, алмастыруды күтіп отырған Арал, Қазалы, Байқоңырдың тұрғындары біздің ауруханадағы германиялық аппараттан тұрақты ем қабылдап жатыр, - дейді Құбыл Ршымбетов. Сондай-ақ, аурухана тарапынан «Дипломмен – ауылға!» шарасымен барған мамандарға аға буын дәрігерлер тарапынан кеңес беру, медициналық кеңестерге, конференция, семинарларға қатыстыру, білімін жетілдіру мақсатында курстарға жіберу шараларының жасалатыны айтылды. 
Ең бастысы, шалғайда жатқан ағайын компьютерлік томография арқылы ішкі ағзадағы дертті анықтау үшін облыс орталығына сабылмайды. Сәулелі диагностиканың жетілген түрі осы ауруханада ғана бар. Бұндай құрылғыны орнату үшін халықтың саны кемінде үш жүз мыңды құрау керек екен. Бас дәрігердің икемділігі мен біліктілігінің арқасында келген аппарат арқылы диагнозды уақтылы қойып, медициналық орталықтан нейрохирург шақырып, инсульт алған адамдарға ота жасалған. Алдымен қалаға сабылып, одан тыңғылықты тексеруден өтіп, одан соң ғана операция жасалатынын ескерсек, онда аурухана қызметкерлері бірнеше адамның өмірін ажалдан аман алып қалғанын сеземіз. 
Аурухананың ақылы бөлімінің жұмысы да жолға қойылған. Теміржол саласындағы мекемелер арнайы келісім-шартқа отырып, аурухананың қызметіне жүгіне алады. Яғни, мекеменің қаражатымен науқастанған жұмысшы, қызметкерлерге жолдама беріледі. Сонымен қатар, жекелеген тұлғалар да өз қалтасынан профилактикалық мақсатта емделуіне болады. Бұл бөлімге де озық үлгідегі аппараттар қойылған.
Бүгінгі күні Қазалы ауданындағы қос аурухана жұртшылықтың талғамынан табылып жүрген іргелі мекемелер. Нарықтың сынағынан сүрінбей қалыптасуына бас дәрігерлердің сіңірген еңбектері ерекше. Шалғай ауданға соңғы үлгідегі аппараттарды алдыртып, қабырғалы қауымның игілігіне жаратып жүрген бас дәрігерлерге халықтың айтар алғысы шексіз.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.    

«Сыр бойы» газеті 22 қыркүйек 2015 жыл.
                                         

25-09-2015, 12:40

Ұлттық хирургия орталығының дәрігерлері - Қазалыда

Ұлттық хирургия орталығының дәрігерлері - ҚазалыдаҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығының дәрігерлері терапия саласының мамандары мен травматологтарға шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлады Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Онда бастапқы медициналық көмек деңгейінде науқастардың ауруларын анықтау және емдеу жолдары түсінідірілді.Шеберлік сабағына  кардиолог, нефролог, гастроэнтеролог, пульмонолог, терапевт, травмотологтар қатысып, жетілдіру дәрістерін тыңдады.
 Одан соң орталық дәрігерлері аудан тұрғындарын қабылдап, кеңестер берді. 
 Сондай-ақ, Ұлттық хирургия орталығының бас дәрігері Жеткерген Әнесұлы аудан әкімі Н.Шамұратовтың қабылдауында болды. Оның айтуынша, мұндай шеберлік сағаттары барысында жергілікті дәрігерлер емдеудің заманауи тәсілдерін үйреніп, тәжірибе алмаса алады.
  Мұндай іс-шаралардың медициналық көмекті дамытуға ықпалын тигізетіні анық. Және жергілікті медицинаның сапасын жетілдіруге мүмкіндік беріп, маңызды және күрделі емдеулердің  қолжетімділігін арттырады.

    Ұлттық хирургия орталығының дәрігерлері - Қазалыда
Ұлттық хирургия орталығының дәрігерлері - Қазалыда
 
 
Автор: Елубай Әуезов   
http://inform.kz/kaz/article/2815889

8-09-2015, 00:13

«Денсаулық жолы - 2015» пойызы Қызылорда облысына келді

«Денсаулық жолы - 2015» пойызы Қызылорда облысына келді Астана. 26 тамыз. Baq.kz - «Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 24 және 27 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылына, Қазалы ауданының Водокачка, Жалаңтөс ауылдарына және Шиелі ауданының 4 ауылына, сонымен қатар Жаңақорған ауданының шалғайдағы ауылдарына барады.
Кампания құрамына терапевтер, кардиологтар, фтизиаторлар, онкологтар кіретін және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары бар жұмылдыру топтарының қолдауымен ұйымдастырылатын болады.
25-27 тамыз аралығында ЖМК Ақтөбе облысының Айтеке би ауданына барады. Медициналық көмек жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтарға көрсетіледі.
27 тамызда жылжымалы медициналық кешен Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылына барады.
Профилактикалық тексеру мен кеңестік-диагностикалық көмек көрсету мақсатында ШҚО Тарбағатай ауданының дәрігерлері жұмыс істейтін болады.
Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акция өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.
 
ФОТО: ҚР ТЖК баспасөз қызметінен

http://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/densaulik-zholi-2015-poiizi-kizilorda-oblisina-keldi-70564

26-08-2015, 21:40

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайды

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайды29 Шілде 2015

 

«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамы филиалы Қазалы темір жол ауруханасында медицина саласының қызметкерлері «Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Өз жұмысын осыдан бірер ай бұрын бастаған қоғамдық бірлес­тіктің мақсаты облыстағы медицина қызметкерлерінің беделін арттыруға бағытталған идеяларды, жобаларды, бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру, дәрігерлер мен аяжандардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу, оқу-клиникалық орталығын ашу, медицина қызметкерлерінде туындаған түйткілді проблемаларды шешуге атсалысу, құқықтық кеңес беру, жеке және дәстүрлі емес медицина қызметінің дамуына ықпал етужәне олардың құқықтарын қорғау, қазіргі заманғы озық технологияларды енгізуге ықпал ету болып табылады. Қоғамдық бірлестікке Қызылорда облысында тұратын медицина қызметкерлері, бұл жарғыны мойындайтын және қоғам жұмысына қатысатын ынталы адамдар мүше бола алады. Мүшелікке қабылдау кезінде медициналық мекемеде жұмыс істейтіндігі жөніндегі анықтама, медициналық жоғары және орта оқу орнын бітіргендігі туралы диплом мен жеке куәліктің көшірмесін тапсыру қажет.

Қоғамдық бірлестікжанынан«Сыр медицинасы» атты облыстық медициналық басылым жарық көре бастады. Қазақ және орыс тілдерінде шығатын сегіз беттік газет айына екі рет оқырманның қолына тиеді. Онда медицина қызметкерлерінің мақалалары, осы саладағы айтулы оқиғалар мен жаңалықтар, медицина мамандығының майталмандары туралы материалдар жарияланатын болады.

– Құрметті әріптестер үнемі демесек те көп жағдайда халық науқас көз жұмған жағдайда не болмаса өзге де келеңсіздік туған сәтте дәрігерлер қауымын, яғни сіз бен бізді күстаналап жатады. Реніштерін білдіріп, қоғамда түрлі теріс пікірлердің қалыптасуына себепші болады. Заң орындарына шағымданып, әділдік іздейді. Осы орайда дәрігердің де құқығын қорғап, сөзін тыңдайтын бір жанның болғаны дұрыс ғой. Міне осы себепті де біз қоғамдық бірлестіктің жұмысын қолға алдық. Сіздерді алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын,- деді қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мұхтар Беисов.

Кездесу барысында облыстық онкологиялық орталық дирек­торының орынбасары Кәрібай Төлеутайұлы «Көзбен көріп, қолмен сипап, қатерлі ісікке күдіктенуге болатын науқастардың алғашқы белгілері» тақырыбында баяндама оқыса, «Сыр медицинасы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі Серікбай Смағұлұлы психологиялық тренинг сабағын жүргізді. Сонымен бірге «Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Беисов «Апаттар медици­насының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамы филиалы Қазалы теміржол аурухансының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовтың кеудесіне «Сыр медицинасының үздігі» төсбелгісін тақты.

 

Суретте: «Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Беисов Құбыл Ршымбетовке «Сыр медицинасының үздігі» төсбелгісін тапсыруда.

 

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

«Қазалы» газеті

https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-82615

17-08-2015, 15:23

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 19 маусымда Қазалы ауданында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ардагер-дәрігерлер және жаңашыл медиктерге арналған мерекелік шара өтті, - деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Салтанатты шарада аудан әкімі Бахыт Жаханов: «Медицина саласындағы өзгерістерді, тың жаңалықтарды халыққа кеңінен түсіндіріп, насихаттай білуіміз керек. Ол үшін барлық күш жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Ауру азабының дертіне шипа табу, көкейіне үміт отын жағу тек сіздердің ғана қолдарыңыздан келеді. Сондықтан халық денсаулығын сақтау мен нығайтуда, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеуде сіздерге артар сенім мен жауапкершілік жүгі аса жоғары. Осы қиын да жауапты еңбектегі толымды табыстарыңыз үшін баршаларыңызға зор алғысымды білдіремін», - деп бірқатар сала қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл мақсатта былтырғы жылы аудандық ауруханаға 2 млрд-тан астам қаржы қаралған. Осы бөлінген қаржылардан материалдық техникалық жабдықтар, 8 санитарлық автокөлік және жаңа заман талабына сай медициналық аппараттар алынды. Сонымен қатар емханалардың ішкі, сыртқы жөндеу жұмыстары, абаттандыру, су жинау, жылу жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау саласын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында көптеген істер қолға алынды. Осы бағытта ауданымызда биылғы жылға дейін 12 дәрігерлік емхана, 7 медициналық пункт заман талабына сай жаңа ғимарат салынып,  құрал-жабдықтармен жаңартылды. Сондай-ақ, әр түрлі деңгейде эндовидеоскопиялық хирургиялық аппаратпен көптеген ота жасалып, қаншама науқастардың өмірін сақтап қалуға қол жеткізді. Сондай-ақ, компьютерлік томография бөлімшелерін ашудың арқасында ауруды ерте анықтауға мүмкіндік туды. Осы жаңа жүйе бойынша аурудың алдын алу, халықаралық стандарттарға сай емдеу тәсілдерін енгізу нәтижесінде жалпы аурушаңдық көрсеткіші 2,9 пайызға төмендесе, ана өлімі мүлдем тіркелмеген. Және туберкулез аурушаңдығы азайып, індеттік ахуал жақсара түсті.
Келер жылы ауданда заманауи 150 орындық аурухана салу жоспарлануда. Сондай-ақ, барлық емдеу нысандарына жаңадан материалдық-техникалық құрал-жабдықтар, заман талабына сай медициналық аппараттарымен қамтамасыз етілу жоспарлануда.

Автор: Елубай Әуезов
http://inform.kz/kaz/article/2788391
 
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді - Қызылорда облысы (ФОТО)

20-06-2015, 14:24

Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)

Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
          Ардақты ақ халатты абзал жандар!
          
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, қадірлеген. Елеулі еңбектеріңіз ерекше құрмет пен сенімге ие. Себебі сіздерді әрқашан жоғары жауапкершілік, халыққа қызмет жасау,көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге даяр тұру сияқты қасиеттер ерекшелендіріп тұрады.
          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіптеріңіздің беделін арттыру, тиімді еңбек етуге қажетті барлық жағдайларды туғызу үшін көп жағдай жасауда. Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды. Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық –алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту мақсаты қойылды.
          Дәрігерлер қауымының өңіріміздегі денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесін реформалауға үлкен талпыныс жасалуда. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған  100 нақты қадамы соның айқын көрінісі. Ондағы ортақ мақсатымыз медициналық көмекті қолжетімді, дәрігерлік қызметті сапалы ету. Емдеу мен диагностика жасаудың тың технологиялары енгізіліп жатыр.
    Өткен жылдың соңында, биыл  күрделі аппараттар: екі УДЗ аппараты, стоматологиялық аппарат, екі ота жасау столы, оның біреуі R- негативті стол, екіншісі «С –дуга» рентген диагностикалық аппараты, өкпені жасанды демалу аппараты, тропонин анықтау аппараты, екі гематологиялық анализатор алынды.
           Осы орайда Қазалы теміржол ауруханасы бойынша көптеген іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда,  компьютерлік томограф аппаратымен 3 мыңнан астам тексерулер, эндовидеохирургиялық комплекс арқылы 47 лапароскопиялық ота, лизинг жолымен алынған «С –дуга» рентген диагностикалық аппараттың көмегімен бірнеше травматологиялық-диагностикалық зерттеулер, УДЗ аппаратымен стационарлық науқастарға ақысыз қызмет көрсетіліп,2014 жылы 4779 зерттеулер, оның ішінде 55 эхокардиография, 2015 жылдың 5 айында 1929 кардиография жүргізілді, бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға гемодиализ бөлімінде 5 аппаратпен 200 мыңға жуық емшара жасалды. Жансақтау бөліміне өкпені жасанды желдету аппараты, пульсоксиметрлер, жіті коронарлық синдромдарын, инфаркт белгілерін ерте анықтайтын тропанин экспресс-әдіс анализаторы және 15 параметрлі биохимиялық анализаторлары, ингаляциялық наркоз аппараттары қолданылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қабылдау, жансақтау, терапия бөлімдері мен ЭКГ-кабинетіндегі 3 және 6 арналы 4 электрокардиографпен жұмыс істеуді әрбір кезекші мейіркеш меңгерген. Арнайы дайындықтан өтіп, қажетті аппаратурамен қамтамасыз етілген тәжірибелі маман-нейрохирургтар компьютерлік томографтың көмегімен науқастардың бас ми қан тамырларының ауруларын анықтап, күрделі нейрохирургиялық оталар жасады, барокамера, плазмаферез жұмысы жалғасын табуда.
          Физиотерапиялық бөлімше қосымша жаңа типті биоптрон, аяқ- қол- бас уқалайтын массажерлер, мойын-кеуде-бел омыртқаларын созғыш, Бернар тогы, электроұйқы, акупунктура және оттегі коктейль аппаратураларымен қамтамасыз етілген.  
          Сонымен бірге аурухана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөлінуде. Биылғы жылдың өзінде 48 маман, оның ішінде 13 дәрігер және 35 мейіркеш қайта даярлықтан және білімін жетілдіруден өтті.
Атап айтатын болсақ қайта даярлықтан өткен мамандар: нейрохирург (ересектер, балалар), гирудотерапевт, трансфузиолог, дерматовенеролог, эндокринолог, эндоскопист, УДЗ дәрігері, балалар невропатологы, дәрігер балалар хирургы, дәрігер педиатр.
Білімін жетілдірген мамандар: дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер стоматолог, дәрігер хирург, кардиолог (ересектер, балалар), жалпы тәжірибиелі дәрігер, дәрігер терапевт, жүректі УДЗ, баланың туа бітті ақауларын УДЗ арқылы зерттеу дәрігері, барокамера маманы, пациентті қолдау және аудит қызметі маманы, инженер, есепшілер және орта буын қызметкерлері- физиотерапия мейірбикесі, хирургия мейірбикесі, классикалық массаж, бактериологиялық зертханашы, жалпы тәжірибелі мейірбике, жалпы тәжірибелі фельдшер, акушерка, ЭКГ мейірбикесі.
Мекемедегі 42 дәрігердің 50,5 пайызының, 160 орта буын медицина қызметкерінің 31,4 пайызының біліктілік санаттары бар.
    «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асуда. Тіркеудегі халық саны 21788 дейін өсті, 3 жалпы тәжірибелік дәрігерлік, 5 терпевтік, 4 педиатрлық және 3 өндірістік аймақтар халыққа қалтқысыз қызмет етуде.
«Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жұйесі» бағдарламасы бойынша осы жылдың 5 айында аурухананың 100 төсектік  тәуліктік бөлімінен 1554 науқас, ал стационар алмастырғыш көмек бөлімінен  650 науқас емделіп шықты.
          Аурухананың материалдық-техникалық базасын одан ары нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аурухана, емхана  негізгі ғимараттарының сыртқы қабырғалары 1500 ш.м. сыланып, әрленіп және кафельденді, бөлімшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, қол жуғыш крандары ауыстырылып,бөлімшелерге ыстық су кіргізілді, екі сұйық отынмен жылытылатын жылу қазандығы және үш автоматты кір жуғыш машина жаңадан орнатылды.
           Мекеменің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.
           Алдағы уақытта да халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын және мекеменің материалдық-техникалық базасын одан ары жақсарту бағытындағы іс-шаралар өз жалғасын табады. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» бағдарламасына сәйкес кіші кәсіпкерді қолдау аясына байланысты емханаға қосымша диагностикалық ғимарат салынып беріледі, флюорокабинеттерге сандық флюорографиялық аппараттар орнатылады, отоларингология, офтальмология және гинекология кабинеттеріне диагностикалық-емдеу комплекстік аппараттары қойылады, мамандарды қайта даярлау және олардың білімін жетілдіруге қаржы бөлінеді, негізгі және шаруашылық ғимараттарының жөндеу жұмыстары жалғасады.
          Әріптестеріміздің көп жылғы қажырлы еңбектерінің нәтижелері жоғарғы басқару, жергілікті атқару және саяси-қоғамдық органдары тарапынан ескеріліп, медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 28.05.2015 жылғы № 400 бұйрығымен филиал директорының орынбасары Дәрібай А.А. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, 13 қызметкер, оның ішінде: Байбазарова Ш.К.- аймақтық дәрігер педиатр, Сейтмамбет Қ.Қ.- реанимация бөлімінің мейірбикесі, Мырзагулова Г.Т.- балалар бөлімінің мейірбикесі «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік қоғамының құрмет грамотасымен, Утеулиев Ж.- дәрігер стоматолог, Ерниязова З.- жалпы тәжірибиелі дәрігер, Алмагамбетова  Р.- қабылдау бөлімінің жауапты мейірбикесі, Уриналиева Г.- емхана бөлімі хирургия бөлмесінің мейірбикесі  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен,  Куанышбаев Ж.- дәрігер анестезиолог реаниматолог, Сырымбаева Ф.- есепші Қызылорда бөлімшелік теміржолшылар  кәсіподағының  құрмет грамотасымен марапатталып,  Досбергенова Ж.- аймақтық дәрігер педиатр, Орманова С.- емхана мейірбикесі Қазалы ауданы әкімінің алғыс хатына, Елюбаева И.- неврология бөлімінің жауапты мейірбикесі, Оржанова Г.- емхана бөлімінің аймақтық мейірбикесі «Нұр Отан» партиясының алғыс хатына ие болды. Сонымен бірге аурухана әкімшілігі мен кәсіподағы тарапынан  35 қызметкер 5000-15000 тенге аралығында ақшалай сыйлықпен, 15 қызметкер құрмет грамотасымен, 40 қызметкер «Қазалы» газетінің басылымына тегін жазылумен марапатталды.   
          Құрметті әріптестер!    
          Біздің биылғы кәсіби мерекеміз Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, еліміздің Конституциясының 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты тарихи маңызды оқиғалардың қарсаңына тұспа-тұс келіп отыр.                                                       
          Біздің әрқайсысымыз өмір мен денсаулықтан артық құндылық жоқ екенін түсінеміз. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік Сіз бен бізге жүктеледі.
          Қазақта «Тәні саудың жаны сау» аталы сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылады. Бұл жолда Сіздер аянбай тер төгіп келесіздер. Сіздердің шипалы қолдарыңыздың арқасында өмірден күдер үзген талай науқас жарық дүниеге қайта оралды. Бүгінгі мерекеде осындай игілік нұрын сеуіп, халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сөзсіз Сіздердің толассыз қызметтеріңіздің өлшемінде қуанышымен қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Алдағы уақытта адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін Сіздерді халыққа қалтқысыз еңбек етеді деп сенемін.
           Барлық медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімді кәсіби төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, баянды бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат, отбасыларына береке-бірлік,  амандық тілеймін. Игілікті істеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы үшін аянбай жасап отырған қызметтеріңіз баянды болсын.
          
Құрметпен, Құбыл Ршымбетов,
«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік қоғамының филиалы- Қазалы теміржол ауруханасының директоры
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
Филиалда медицина қызметкерлері күнінің атап өтілуі (фото)
19-06-2015, 14:59

Заманауи рентген аппаратымен толықты

Заманауи рентген аппаратымен толықтыСоңғы жылдары ауданымыздағы емдеу мекемелері заманауи құралдармен жабдықталып жатыр. Бұрын қазалылықтар компьютерлік тексерулерден өту үшін өзге өңірлерге баратын болса, қазір бұл мәселе шешілді. Бүгінгі таңда білікті мамандар еңбек ететін «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік коғамының филиалы Қазалы теміржол ауруханасы науқастарға ем-дом жасап, көптің көңілінен шығып жүр.

Жақында ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі ҚұбылРшымбетов басқаратын аурухана оңтүстік кореялық заманауи рентген аппаратымен толықты. Енді травматолог дәрігерлер түрлі дәрежедегі сынықтарға отаны ауданымызда да ешбір кедергісіз жасай береді. Бір айта кетерлігі, құны 40 млн теңге тұратын мұндай аппарат, республикамыздың өзге аудандарында жоқ екен.

Аталмыш рентген аппараты науқастарды қазіргі заманға сай әдістермен емдеуге арналған. Емделуші аппаратқа қаралған соң кескіндемесі бірден копьютерге түседі. Бұдан былай медицина қызметкерлері бұрынғы ескі аппарат шығарған пленкаларды тасымалдап, уақытты текке кетірмейді. Жаңа рентген аппараты электрондық нұсқа арқылы файлды қажет жерге дереу жібере алады. Науқастардың бүгінгі күн талаптарына толық сәйкес келетін қондырғы арқылы ем алуына мүмкіндік туды.

Жоғары категориялы дәрігер, травматолог-ортопед Аманкелді Қанатов соңғы үлгідегі шығарылған заманауи құрал-жабдықты пайдаланып, Қызылорда қаласынан келген азаматқа ота жасады. Науқас осыдан екі ай бұрын қолын сындырып алып, дәрігерлердің көмегіне сүйінген болатын. Алайда, салынған сүйек қисық бітіп, қолдың нерв тамырларын қысқан. Білікті маман жоғары категориялы Сәдуақас Ахмет, уролог Ерболат Жасановпен бірге жаңа рентген аппаратының көмегімен сынған қол сүйектерін қайта қалпына келтірді.

Бұл туралы ота жасаушы травматолог дәрігер Аманкелді Қанатовпен тілдескенімізде: «Техниканың дамыған кезеңі. Жарақаттардың көбі жол-көлік апаттарынан болып жатады. Көктем-қыс мезгіліндегі көктайғақтың кесірі тағы бар. Бұған абайсызда алған жарақатты қосыңыз. Кейбір жарақаттар жеңіл болса, кейбірі аса ауыр. Бірақ, сырқаттың күрделілігіне қарамай, ем жасау керек. Науқастың қатарға қосылуы үшін барымызды саламыз. Күрделі оталарды жасау кезінде заманауи техникалардың көмегі көп тиеді»,- деп ағынан жарылды.

Жеңісбек Айымқұлов

«Қазалы» газетінің тілшісі.

 

Заманауи рентген аппаратымен толықты

 

12-06-2015, 12:58

Медициналық «Жәрдем» пойызы

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының бастамасымен ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, емдеу-диагностикалық пойыздарын құру жобасын іске асырды. Жобаны жүзеге асыру 2010 жылы «Денсаулық» емдеу-диагностикалық пойызын іске қосудан бастау алды. 2011 жылдың басында «Жәрдем» екінші медициналық пойызы өз жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты-еліміздің шалғай аймақтарының тұрғындарына медициналық жәрдемді қол жетерліктей ету және ірі көлемдегі төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету болып табылады.
Жақында осы «Жәрдем» пойызы Арал ауданы, Сексеуіл кентіне келген болатын. Медициналық «Жәрдем» пойызының басшысы - Бокубаев Аяпберген Жеткергенұлы. Жалпы пойыздың қызмет көрсету құрамында 15-жолсерік, 2-дизелист, 1-электро-механик, пойыз мейрамханасында 6-аспазшы, 2-ішкі және 2-сыртқы күзетшілер қызмет атқарады.
Арал ауданы бойынша медициналық «Жәрдем» пойызының бас дәрігері –Артықбаев Сейлхан. Пойыздың медициналық қызмет көрсету құрамында барлығы 27 қызметкер жұмыс жасады, оның ішінде 11-дәрігер,15-мейірбике және 1-компьютер бағдарламашысы /программист/бар. Сонымен бірге, медициналық пойызда невропатолог, терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, флюрография,
эндоскопия, ЛОР, педиатр, окулист, стоматолог, УЗИ дәрігерлері және биохимиялық, клиникалық лаборатория қызмет атқарды.
Ағымдағы жылдың 28-31 наурызында Арал ауданы Сексеуіл кентінің 933 тұрғынына медициналық қызмет көрсетіледі. Тұрғындар, негізінен, қан қысымы, жүрек ауруы және көз ауруы туралы көбірек шағымданған.
Аталмыш пойыз 1 сәуірден бастап аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті. 5-6 сәуір аралығында Арал ауданы, Көнту елді-мекенінің тұрғындарына қызмет жасады. Осы ретте елді мекеннің  130 тұрғынына пойыздың медициналық қызмет түрлері тегін көрсетілді. «Жәрдем» кеңес беру-диагностикалық пойызының бас дәрігері Сейлхан Артықбаевтың айтуынша, ондағы дәрігерлер осы уақыт аралығында жалпы Арал ауданы бойынша 1849 адамға медициналық көмек көрсеткен.

Айгүл Нұрманова
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

"Ел тілегі" газеті
 
Медициналық «Жәрдем» пойызы
21-04-2015, 01:16

Медициналық «Жәрдем» пойызы Қызылорда облысында

Медициналық «Жәрдем» пойызы Қызылорда облысындаАстана. 9 сәуір. Baq.kz – «Жәрдем» медициналық пойызы 28 наурыздан бастап 6 сәуірге дейін аралығында Қызылорда облысындағы Арал аймағының 1849 тұрғының қабылдады.
Медициналық арнайы пойыз өз жұмысың Арал ауданының Сексеуіл кентінен бастады. Осы жерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ-ның жоғары білікті мамандары кенттің және жақын арада орналасқан елді мекендердің 933 тұрғынына дәрігерлік көмек көрсеткен.
Осы аймақта дәрігерлік теміржол көлігінің соңғы аялдамасы - Көнту кенті. Осында да келген тұрғындар дәрігерлік қызметінің барлық қажетті бағыттары бойынша көмек алды.
Медициналық пойызда невропотолог, терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, флюрография, эндоскопия, ЛОР, педиатр, окулист, стоматолог, УЗИ дәрігерлері және биохимиялық, клиникалық зертхана қызмет атқарды.
9-04-2015, 16:48