Шипалы қолды Садуақас

15 маусым – медицина қызметкерлерінің күні

Қазалы ауданындағы «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы – Қазалы темір жол ауруханасы қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталуы және озық технологиялар енгізуі бойынша облыстағы іргелі емдеу-алдын алу мекемелерінің бірі. Шалғай аудан тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ кейбір кеселдеріне сапалы ем алуға толық мүмкіндік жасалған.Ауруханада ел алғысына бөленіп жүрген ақ желең иелері баршылық. Солардың бірі – Садуақас Абибуллаұлы Ахмет.
Ол жоғары санатты хирург, 15 төсек орындық хирургиялық бөлімше меңгерушісі.Бір кездері Қарақалпақстан Республикасы Қоңырат ауданы «Жаңалық» ауылында дүниеге келген Садуақас сол жердегі №21 қазақ орта мектебін бітірді. Одан соң екі жыл әскери борышын өтеп, Германия елінде болды. 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының «емдеу ісі» бөлімін бітіріп, интернатураны хирургия саласы бойынша Ақтөбе темір жол ауруханасында өтті. Одан соң жиырма жылға жуық осы ауруханада үзбей қызмет етіп келеді.
Хирургиялық бөлімшеде Садуақастан басқа уролог Ерболат Жасанов, травматолог Амангелді Қанатов сынды әріптестері жұмыс істейді.6 мейірбике және 7 кіші буын медицина қызметкері бөлімшедегі науқастарға күтім жасап, ем-домын орындайды.С.А.Ахмет жылына 150-180-дей операцияны өз қолымен атқарады. Хирургияны қол өнері десек, ол маман хирургтен белгілі шеберлікті, үлкен тәжірибені, мол ізденісті талап етеді. Шұғыл операциялар қатарында  аппендэктомия, қарынның тесілген ойық жарасына, холециститке жасалатын операциялар бар. Сондай-ақ жоспарлы операциялар да атқарылады. 2002 жылдан бастап ауруханада эндовидеохирургия тәсілі енгізілді. Бұл әдістің ұтымды тұстары мол, сырқаттардың ауруханада жату мерзімі, операциядан соңғы асқынулар саны едәуір азаяды. Пациент операция жасалғаннан кейінгі 2-3 тәулікте отбасына қайтып орала алады.
Садуақас өз білімін ұдайы жетілдіріп отырады. «Құрсақ қуысы ағзаларының хирургиясы», «Хирургиялық кеселдер» тақырыбы бойынша үш рет Алматы қаласында, проктология, эндовидеохирургия салалары бойынша Ақтөбе қаласында білімін шыңдауы соның дәлелі. 2010 жылы Астана қаласындағы «Медицинадағы инновациялық технологиялар», 2013 жылы Алматыда өткен «Хирургиядағы жаңа  жетістіктер» тақырыбындағы ел хирургтарының съезіне делегат болып қатысты. Оның  2010 жылы аудан жағдайында жүрекке операция жасағаны бар. Сонымен қатар отыз бес жастағы ер адамның облыс хирургтері диагнозын қоя алмаған сан артериясының пышақпен жарақаттануын табысты емдеп шығарды.
Садуақастың жұбайы Жеңіскүл Досбергенова да бала дәрігері, осы темір жол ауруханасында жұмыс істейді. Екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. Тұңғышы Асқар М.Оспанов атындағы Ақтөбе медициналық академиясының төртінші курсында оқыса, одан кейінгі Исламы сол қаладағы медициналық колледждің бірінші курс стуленті. Қыздары Назерке, Елдана мектеп оқушылары болса, кенжесі Сымбат бала бақша тәрбиеленушісі.Көп сөзге жоқ, өз ісіне мығым Садуақас Абибуллаұлының еңбегі ескеріліп 2012 жылы ҚР Төтенше жағдай Министрлігінің «Құрмет Грамотасымен», үлгілі қызметі үшін аурухана тарапынан «Алғыс Хатпен» және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

С.Смағұлұлы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/news/shipaly_qoldy_saduaqas/2014-06-13-577

14-06-2014, 22:40

МЫҢ АЛҒЫС СІЗГЕ ХАЛЫҚТАН

Ұзақ жылдар аудан халқының денсаулығын сақтауда аянбай еңбек етіп келе жатқан "Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ-ның филиалы Қазалы темір жол ауруханасының бас дәрігері ҚҰБЫЛ РШЫМБЕТОВКЕ

Басқарып емдеу кешенін,
Ақ халаттылар мекенін.
Алладан кейін жар болған,
Гиппократ сынды көсемін.

Қарсы алып тіп-тік таңдарды,
Шаршаған жалғап арманды.
Жалт ете шығар жанардан,
Қондырып қайта жалғанды.

Көкіректері көреген,
Көңілге құйған көп өлең.
Қиналып келген жандарды,
Алладан кейін демеген.

Құдірет берген Жаратқан,
Шапағат қолдан таратқан.
Өмірдің балын тәп-әтті,
Тамсантып қайта жалатқан.

Табаннан келсе сыз өтіп,
Қисайса, мүше түзетіп.
Кірпігін қақпай таң асып,
Өмірді жүрген күзетіп.

Қонақтап қалса, көзге мұң,
Серпіген сөзбен өздерің.
Өзегін бере жаздаған,
Өмірі үшін өзгенің.

Үмітпен атқан таңыңыз,
Ізгілік тұнған жаныңыз.
Кірпік қақпаған күзетте,
Саптағы сарбаздарыңыз.

Кеселмен күн-түн алысқан,
Пендеге шипа дарытқан.
Даладай дархан жүректі,
Мың алғыс Сізге халықтан!

Алмагүл ҚАРЖАУБАЕВА

    "Тұран-Қазалы” газеті, 2 наурыз 2014 жыл

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   "Қазалы” газеті, 28 наурыз 2014 жыл  

28-03-2014, 22:22

Жүрек жылуы

Жүрек жылуыҚарқынды емдеу бөлiмiнiң аға мейiркешi, медбике-анестезист Елена Андреади медицина саласында 37 жылдан берi қызмет етiп келедi. Ол алғаш еңбек жолын 1976 жылы Қызылорда қалалық ауруханасында жансақтау бөлiмiнен бастаған. Отбасын құрып, 1980 жылы Қазалы стансасындағы темiржол ауруханасына жұмысқа орналасады.

Бүгiнде қызмет бабында медбике-анестезист ретiнде наркозға және тыныс алуға арналған құрылғыларды, инфузион және трансфузион заттары мен жүйенi дайындайды. Анестезиолог дәрiгерге көмектесiп, қарқынды терапия палатасында операциядан кейiнгi жатқызылатын ауруларды күтедi.
– Аталған бөлiмге айына шамамен 30-35 адам түсiп, емделедi. Оның көбiсiн күрделi оталардан кейiнгi науқастар құрайды. Емделушi жағдайының ауырлығына байланысты ем алу мерзiмi 3 немесе 9 күнге созылады. Тек комаға түсiп, аппаратқа жатқызылған сырқат қана бiр айға дейiн қаралады. Терапия, жүйке жүйесi, хирургия, балалар бөлiмдерiнен ауыр халде жiберiлген ауруларға барынша шипа жасап, қадағалаймыз. Мұнда түскен әрбiр науқастың дертiнен айығып шығуына бар жағдай жасалған. Оларға қолдан келген мүмкiндiктердi жұмсай отырып, жан-жақты күтiп-баптаймыз, – дейдi Елена.
Елена Константинқызы тәжiрибелi және жұмысты ұтымды ұйымдастыра бiлетiн қабiлеттi қызметкер. Ол жоспарлы және жедел оталардың алдында науқастарды дайындау және анестезиялау жұмыстары мен маңызды органдардың қызметiн реттеу үшiн жансақтау және қарқынды терапия шараларын жүргiзедi. Медбике-анестезист қызмет жасайтын жан сақтау бөлiмi заманауи демалу, наркоздық аппаратурасы мен кардиомониторлармен жабдықталған. Қазiргi заманғы әдiстердiң көмегiмен медбике-анестезист ота барысындағы және онан кейiнгi алғашқы мерзiмде гемостаз көрсеткiштерiн бақылайды.
Операция кезiнде анестезиологиялық көмекпен қамтамасыз ету жолында өкпенiң жасанды вентиляциясымен жалпы тамыр арқылы берiлетiн эпидуральдiк және жұлын-милық анестезияны қолданады. Қарқынды емдеу бөлiмiнде емделушiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында соңғы үлгiдегi наркоздi-тыныстану және жетекшi әлемдiк медициналық құрал-жабдықтар өндiрушiлерiнiң мониторлы аппаратуралары әкелiнiп, пайдаланылуда.
Ауыр жағдайда түскен науқастарға әрдайым интенсивтiк терапия мен реанимациялық көмек көрсетiледi. Осындай жауапты iстi абыроймен атқарып келе жатқан Елена Константинқызы ерен еңбегi үшiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгi "Аппаттар медицинасының темiржол госпитальдары” акционерлiк қоғамының "Құрмет грамотасын” алып, әр жылдары Қазалы аудандық темiржол ауруханасы атынан "Алғыс хаттармен” марапатталған.
Елена Андреади отбасында 4 ұл тәрбиелеп, олардан 3 немере сүйiп отыр. Аяулы ананың асқақ арманы – ұлдары мен немерелерi өмiрден өз орындарын тауып, елге пайдасын тигiзетiн азаматтар болуы.
Шыншылдықты басты ұраны етiп ұстанған кейiпкерiмiз барлық нәзiк жандыларды 8 наурыз мерекесiмен құттықтап, жан баласы ауырмай бiр-бiрiмен сыйласып, тату-тәттi өмiр сүре берсiн деген жүрекжарды тiлегiн жеткiздi.
 
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА,
аудандық «Қазалы» газетiнiң арнаулы тiлшiсi.

19-03-2014, 14:39

Жетiлдiрiлген медициналық құрылғылардың қызметiн ұсынамыз

Жетiлдiрiлген медициналық құрылғылардың қызметiн ұсынамыз«Апаттар медицинасының темiржол госпитальдары» акционерлiк қоғамының филиалы – Қазалы темiржол ауруханасы мен темiржол емханасына 2 американдық «FHILIPS HD7» 3D түрлi-түстi ультрадыбысты диагностикалық зерттеу аппараты алынып, аурухана мен емханаға келген пациенттерге жүрек қызметi мен iшкi ағзалардың жұмысын тексерiп жатыр.

Тәжiрибелi мамандар бұл құрылғымен жүректiң қан тамыр аурулары мен ишемиялық ауруларын, жүрек қақпақшаларының туа бiткен ақауларын, сондай-ақ, iшкi құрылыс ағзалары мен эндокриндi аурулар және екi қабат кезiндегi шарананың өсiп-дамуын бақылап, жүктiлiктiң мерзiмiн тексередi және ерлер, әйелдер жыныс мүшелерiнiң ауруларын анықтайды.
Жаңа аппаратқа темiржол ауруханасында жатып емделушiлер тегiн түсiрiледi, өзге аудан тұрғындарына аурухана және емханада ақылы түрде қызмет көрсетедi.
Сондай-ақ, темiржол ауруханасының реанимация бөлiмiнде жатқан науқастарға 2013 жылы АҚШ елiнен шыққан «TriageMeterPro» анализаторы әртүрлi жүрек ақауларын (миокард инфарктiсi, стенокардия, жүрек ишемиясы, т.б.) диагностикалау кезiнде сапалы нәтиже көрсетiп, трапинин маркерiн анықтап, жiтi коронарлы синдром және инфаркт миокардысын анықтауға көмектеседi.
2013 жылы Канада елiнен жасап шығарылған «EPOС» портативтi анализаторы арқылы адам өмiрiне маңызды деген 15 түрлi қан параметрлерiнiң өзгерiстерiн (яғни қан айналым жүйесiн, қан құрамындағы әртүрлi элоктролиттердi, қанның қышқылдық-сiлтiлiк жағдайын, т.б.) тәулiк бойы анықтауға қол жеткiзiп отырмыз. Аппарат аурухананың жансақтау бөлiмiнде орналасқан.
АҚШ-та жасалған «Immunochem–2100» иммун-ферменттiк жартылай автоматты анализаторы 2014 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жасауда. Бұл аппаратпен қан тамырдан аз мөлшерде қан алынып, шарананың iшкi жұқпалы инфекциясын, вирусты ауруларды, екi қабат кезiндегi жұқпалы вирусты ауруларды, ағзадағы гормондарды (ерлер, әйелдер), қалқанша бездiң гормондарын және А, В, С, Д гепатит маркерлерiн анықтайды. Темiржол ауруханасының лаборатория бөлiмiнде орналасқан аппаратпен I санатты дәрiгер лаборант Бибiсара Ашықбайқызы Ердалиева жұмыс жасайды.
Реографиялық «Мицар﷓Рео» аппараты 2012 жылы Ресейдiң Санкт-Петербург қаласында шыққан. Бас миы және аяқ-қол қан тамырларында кездесетiн әртүрлi патологиялық (тромбоз, тарылуы, тамыр бойындағы кедергiлердiң болуы, т.б.) ақауларды анықтауға көмектеседi.
 
«АПАТТАР  МЕДИЦИНАСЫНЫҢ  ТЕМIРЖОЛ
ГОСПИТАЛЬДАРЫ» АКЦИОНЕРЛIК  ҚОҒАМЫНЫҢ
ФИЛИАЛЫ ҚАЗАЛЫ  ТЕМIРЖОЛ   АУРУХАНАСЫ.


"Қазалы” газеті

21-01-2014, 14:37

ТӨЛ БАСЫЛЫМЫН ТӨРГЕ ОЗДЫРҒАН ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР

ТӨЛ БАСЫЛЫМЫН ТӨРГЕ ОЗДЫРҒАН ҚАЗАЛЫЛЫҚТАРЖазылу мерзімінің басталғанына көп уақыт өткен жоқ. Алайда ауданда 2014 жылдың І жартыжылдығына «Сыр бойына» 3500 адам жазылып үлгерді. Қалыптасқан дағдымен қазалылықтар бұл жолы да ұйымшылдық танытты. Ең қуаныштысы, оқырмандардың арасында тек бюджеттік қызметкерлер ғана емес, жастар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, депутаттар да баршылық. Белсенді оқырмандарымыздың қатарынан білім (басшысы Ерболат Қалнияз, әдіскер Сейілхан Бердібекұлы), мәдениет бөлімі (Толыбай Жүсіп), денсаулық саласы (басшылары Серік Ізбасов, Қуаныш Әзіров, Құбыл Ршымбетов, облыстық мәслихат депутаты Құлпыбай Ысқақ), ішкі істер бөлімі (Алмас Бегалиев, Шынтас Бекетов), орталық кітапхана (Мамық Үржанбекова), «Мусаев» базары (Айгүл Мусаева, Ұрқия Ахметова), Оразғали Бекбанов басшылық жасайтын ардагерлеріміздің үлкен шоғырын, Шынар Жеңсікбаева жетекшілік жасайтын «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының ұжымын, Әліби Әбиев бастаған аудан кәсіпкерлерін, облыстық мәслихат депутаты Самұрат Имандосов басқаратын «Рза» АҚ, аудандық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеевтің «Сыр маржаны» ЖШС ұжымдарын кездестіресіз.
Теміржолшы оқырмандарымыздың көшін аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Әлмағамбетов басқаратын «Локомотив жөндеу» зауыты бастап тұр. «Экономикамыздың тірегі» атанған осынау теміржолшылар аудандағы кез келген жаңалықтан қалыс қалмайды.
Газет-журналдың таратылуымен ауданда негізінен «Қазпошта» мекемесі айналысады. Аудандық пошта байланыс торабы (басшысы Жайлаубай Нұрбаев, баспасөз нұсқаушысы Әлияш Шманова) көпшіліктің сеніміне селкеу түсірмеуге тырысады. Әрі жеміссіз емес.
 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
Қызылорда облыстық "Сыр бойы” газеті, 30 қараша 2013
http://www.syrboyi.kz/akparat/692-tl-basylymyn-trge-ozdyran-azalylytar.html
30-11-2013, 22:53

Ақсақалдық алғысымды айтамын

Ақсақалдық алғысымды айтамынҚазан айының аяғына таман қатты сырқаттанып, Қазалы стансасындағы тораптық темiржол ауруханасының хирургия бөлiмшесiнде жатып, ем алдым.
Адам жанының арашашысы атанған ақ халатты абзал жандардың жылы сөзi мен шипалы емiнiң арқасында денсаулығым жөнделiп, қалпына келдi.
Бұл күндерi отбасы, туған-туыстарыммен аман-есен қауыштым, көңiл күйiм жақсы. Ауруханада ем алған кездерi бөлiмшедегi денсаулық сақшыларының мәдениеттi де қалтқысыз қызметтерi сырқатымнан тез айығуыма септiгiн тигiздi. Хирургия бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Сәдуақас Ахметов пен дәрiгер Ерболат Жасановтың жүрек жылулары дертке дауа болғандай. Бұл екi азаматтың да жүздерiнен әрдайым қазақы мейiрiм мен имандылық нұры төгiлiп тұрады.
Сонымен бiрге мейiркеш Yрпатшаға, тазалықшы Айкүмiске, жансақтау бөлiмiнiң мейiркештерi Гүлсара, Мира, Мәдинаға сүйiктi басылымым - "Қазалы" газетi арқылы ақсақалдық батамды беремiн. Шипагерлiк кәсiптерiнен берекет тауып, абыройлы бөлене берiңдер!
 
Шаңғытбай ЖЕТКЕРБАЕВ,
еңбек ардагерi.
Әйтеке би кентi.
 
"Қазалы” газеті

13-11-2013, 15:09

Елбасының әлеуметтік маңызды жобасы жемісті іске асырылуда

Елбасының әлеуметтік маңызды жобасы жемісті іске асырылуда Елімізде адам өміріне қауіп төндіретін жол көлік оқиғалары жиі орын алатыны және артып отырғаны жанға батады. Әсіресе, республикалық маңызы бар жолдарда жол апаттары тыйылар емес.
Мұндай қайғылы жағдайларда зардап шеккендерге көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің маңыздылығы аса зор. Елімізде өткен жылдан бастап республикамыздың күре жолдарының айтарлықтай қауіпті учаскелерінде күре жолдық медициналық құтқару пункттері жұмыс істей бастады. Күре жолдық пункттер зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған. Бүгінде олардың маңыздылығы күннен-күнге арта түсуде.

Бұл жобаны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Елбасы Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмасына және Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ жолдардағы жарақаттар мен өлім-жітімді азайту, жол көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында қолға алуда. Ол өте жауапты да қарқынды жұмыс. Медициналық пункттердің мақсаты да белгілі. Бұл – адам өмірін ажал аузынан алып қалуға бағытталған әлеуметтік маңызды жоба, яғни медициналық көмекті алғашқы сағатта көрсету, «алтын уақыт» үрдісін сақтай отырып, зардап шеккенді құтқара алатын жақсы мүмкіндікке қол жеткізу.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік және коммуникация, Ішкі істер министрліктерімен «Күре жолдық медициналық құтқару пунктінің жауапты аймағында жол көлік оқиғалары кезінде өзара іс-қимыл тәртібі туралы» 4 жақты бұйрығы әзірленіп бекітілді, онда күре жолдық пункттердің жол көлік оқиғалары кезінде жол полициясы бөлімшелері, жол-пайдалану пункттерінің кезекші қызметтері мен медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылы және хабарласу кестесі белгіленді.

Мүдделі министрліктермен күре жолдық медициналық құтқару пункттерін құруға лайық республикалық маңызы бар жолдардың айтарлықтай қауіпті учаскелері белгіленді.
Бүгінгі күні елімізде он екі күре жолдық медициналық құтқару пункті қолданысқа енгізіліп, толыққанды іске кірісті. Олар Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстарында орналасқан.

Алматы облысында «Жаңа Арна», «Тарғап», «Үшарал», «Күрті», Қарағанды облысында «Ақшатау», «Балқаш», «Сарышаған», «Ақсу-Аюлы», Оңтүстік Қазақстан облысында «Төрткөл», Жамбыл облысында «Шығанақ» және Ақмола облысында «Макинск», «Анар» күре жолдық медициналық құтқару пункттері жұмыс істеп жатыр. Пункттің жалпы ауданы жүз қырық төрт шаршы метр. Әр күре жолдық медициналық құтқару пункттері қажетті медициналық жабдық, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар амбулаториялық медициналық модульден, реанимобильдерді орналастыруға және байланыс торабы, диспетчерлік бекет пен тұрмыстық аймақ кіретін медициналық құтқару қызметтік модулін жайғастыруға арналған гараждан тұрады. Сонымен қатар тікұшаққа арналған алаң қарастырылып жатыр. Әр күре жолдық пунктінің тікелей телефоны жұмыс істейді.  
Пункттерде 5 адам: дәрігер, фельдшер, диспетчер және екі құтқарушы қызмет етеді. Реанимобильдер де сатып алынды. Олар құтқару және медициналық жабдықтардан тұрады. Көлік 5-6 зардап шегушіні эвакуациялауға мүмкіндік береді.

Күре жолдық медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасына қызмет ету аясынан 50 шақырым радиустағы учаске бекітілгеніне қарамастан кей кездері ұзақ қашықтықтарға да шұғыл көмек көрсетулерге шығады. Олардың қызметі тек жол көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге ғана емес, сондай-ақ шұғыл көмекті қажет еткен адамдарға да көмек көрсету болып табылады.
Мысалы, ағымдағы жылы Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург күре жолында орналасқан «Ақшатау» күре жолдық медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы Ресейден Қырғызстанға бағыт алған толғағы жеткен жүкті әйелді босандырып алса, Алматы облысындағы «Тарғап» күре жолдық медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы Алматы облысы Горный кентінде цемент бункеріне түсіп кеткен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуге атсалысқан.
Статистикаға жүгінетін болсақ, күре жолдық медициналық құтқару пункттері бүгінгі күнге дейін орын алған 806 төтенше жағдайға, оның ішінде 697 жол көлік оқиғасына шығып, 2037 зардап шеккенге, оның ішінде 98 балаға медициналық көмек көрсеткен. 755 адамды, оның ішінде 57 баланы ауруханаға жеткізген.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, білікті және жедел қызмет ететін бригада қызметкерлерінің ұйымдасқан жұмысының арқасында көптеген адамдардың өмірін сақтап қалу мүмкін болды.
Республикалық маңызы бар күре жолдарда «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің және күре жолдық медициналық құтқару пункттерінің телефон нөмірлері көрсетілген жол бойындағы ақпараттық қалқандар орнатылды.

Сондай-ақ жол қозғалысы қатысушыларын ақпараттандыру мақсатында күре жолдық пункттердің орналасу орындары мен байланыс телефондары жазылған ақпараттық парақшалар әзірленіп таратылды. Олар жол көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы көмектің дер кезінде көрсетілуіне үлкен септігін тигізбек.

Құрылысы жоспарланып жатқан кезекті 14 күре жолдық медициналық құтқару пунктінің орналасу орындары Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарында белгіленді. Ал болашақта, яғни 2015 жылға дейін барлығы 40 пункт құрылатын болады.
Қорыта айтар болсақ, күре жолдық медициналық құтқару пункттері ел игілігі үшін қызмет атқаруда және болашақта да солай болмақ. Осылайша, Елбасы Н.Назарбаевтың әлеуметтік маңызды жобасы ойдағыдай іске асырылып, маңыздылығы арта түспек.  

Ержан Сағиұлы Ысқақов,
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры

http://aikyn.kz/articles/view/28930

28-08-2013, 12:09

Күре жол бойы құтқару бекеттері адам өмірі мен денсаулығының кепілі

Күре жол бойы құтқару бекеттері адам өмірі мен денсаулығының кепіліАдам баласының басты байлығы денсаулығы десек, сол денсаулықты күтіп ұстаумен қатар айтып келмейтін апаттардан, оқиғалардан болатын жазымызшқа, бейнетке әрқашанда дайын болу керекпіз. Бұл сақтықты мемлекет тарапы мықтап қолға алып, Төтенше жағдайлар министрлігі жанынан медицина құтқарушыларын жасақтады.
«Жазым қайда аяқ астында» демекші қандайда бір үлкен жағдай орын алып, адам жараланып жатса алғаш жететіндердің, онымен әрі қарай айналысатындардың бірі осы апаттар медицинасы қызметкерлері. Білімді де білікті дәрігерлерден құралған мекеме қызметкерлері ұдайы оқу жаттығудан өтіп, тәжірибелерін дамытып отырады. Соның бірі төтенше жағдайлар министрлігінің «Тамғалы тастағы» өткен оқу жаттығуғы. Аталмыш шараға Сыр өңірінен барғандардың бірі ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы басшысы Әсия Сүлеймен қызы Сүлейменова барып қайтқан болатын. Осы және өзге да сауалдарды қою мақсатында Әсия Сүлеймен қызына жолыққан болатынбыз
 

- Әсия апай, жақында төтенше жағдайлар министрлігінің үлкен ауқымда өткізген жиынына барып келдіңіз. Әңгімені осы сапарыңыздан бастасақ.

- Осы жылдың 13 мамыры мен 25 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы облысы, Іле ауданы, «Тамғалы тас» шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында өткен «Қазқұтқару-2013» іс-шарасына қатысып, ТЖМ және Ұлттық медициналық Ассоциациясы ұйымдастырған «Апаттар медицинасы ықпалдастық арқылы» халықаралық ғылыми конференциясына, «Төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық және психологиялық көмек көрсету» тақырыбында конференцияға қатыстым. Конференцияның мақсаты Төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру, жетілдіру, дамыту болды.
Конференцияға Америкадан, Балгария, Германиядан, Туркиядан және Ресейден меймандар келіп, көптің көңілінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Мәселен Германияның апаттар медицинасы институтының президенті, академик Бренд Дамрес, Ресейдің НИИ директоры балалар хирургі, таравматолгі президенті Рошал Леонид пен жалпы Ресейлік «Защита» апаттар медицинасы президентінің орынбасары Сахно Иван, Түркияның доктор медецинасы наукі, профессері Турхан Софуоглу мен Тургут Арпаджы және өзіміздің еліміздің маңдайалды ғалымдары академик Ормантаев қатысып, адам өмірі мен денсаулығы үшін ауадай керекті ой пікірлер мен ұсыныстар, ғылыми жұмыстар мен жобаларды оқыды.
Мақалаларын газет, журналдардан оқып, теледидардан ғана көріп қалатын бір ғана академик Рошальдың өзінің әрбір айтқан әңгімесі мен мәлметтері біз үшін жерге шашылып түскен жаһұттай болды. Әлемнің қандай жерінде болса да үлкен оқиғалар орын ала қаласа дайын отырған тобымен бірге сол мезетте жолға шығып кете беретін академиктің айтуы бойынша оқиғада зардап шеккен адамдардың өмірі мен денсаулығы, оны құтқаруға барған құтқарушыларға тікелей байланысты дейді ол. Міне, осы мақсатта әлем елдері барынша жағдайлар жасап жатыр.
Біздің еліміздің де осы саласын көтеру мақсатында Елбасы үлкен жұмыстарды қолға алып, халық саулығы мен өмірін сақтауда теңдессіз жұмыстар атқарып жатыр. Бұл жөнінде өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылда. Осы бағдарлама ішінде Күре жолдық медициналық құтқару пункттерін салу тайға таңба басқандай көрсетілген.
Яғни, «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруға, басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге» күш салатындығы туралы да айтылған.
Міне, осы жарлық аясында күре жолдық медициналық құтқару пункті ел көлемінде құру жұмысы басталып кетті.

- Күре жолдық медициналық құтқару пункті жайында толығырақ айта кетсеңіз. Бүгінге дейін қаншасы құрылды, қай жақта құрылып жатыр. Біздің аймақта құру қашанға жоспарлануда дегендей?

- Бұл медициналық кұтқару пунктінде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу үшін, барлық көмек көрсетіледі. Шұғыл құтқару жұмыстары үшін реаномобиль және санитарлық авиациямен толықтай жабдықталған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асып отырған әлеуметтік жобаның аясында 2015 жылға дейін елімізде 40 күре жолдық медициналық құтқару орталығы бой көтермек деп жоспарланып отыр.
2012 жылы 12 күре жолдық медициналық құтқару пункті салынса, 2013 жылы 14 күре жолдық медициналық құтқару пункті, 2014 жылы 14 күре жолдық медициналық құтқару пункті салынып бітеді.
Айта кетейік, 2011 жылдан бері медициналық-құтқару бекеттері Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ашылып жатыр. Осы уақытқа дейін олардың қатысуымен апатқа ұшыраған 1377 ересек адамдар мен 55 балаға көмек көрсетілді. Оның 525 ересек адамы мен 35 баласы арнайы пункке жеткізілді.
Күре жол бойындағы құтқару пунктіне берілген арнайы машинаныі ішінде барлық медициналық құрылғылардың түрі бар. Тіпті солар арқылы ота жасап, қан құйып, ранимациялық шаралар қолдана береді. Сонымен қатар тікұшақтармен де қамтылмақ.

- Бұл арнайы топқа жол бойындағы болған оқиға жөнінде хабар түскеннен кейін, қанша уақытта жетуге тиісті?

- Күре жол бойындағы құтқару пункті құтқарушылары өзі орналасқан нүктеден 50 км. қашықтықтағы оқиғаға барады. Одан арғысын өзге нүктелерге не ауруханаларға хабарлайды. Ал осы 50 км ішінде болатын болса аусыммен кезекшілікте тұрған дәрігерлер дабыл келіп түсісімен бір минутта уақытты құр жібермей арнайы машинамен жолға шығады. Одан алыс болса тікұшақпен көтеріледі немесе соған жақын жердегі ауруханаларға хабарлайды.Талап бойынша құтқарушылар оқиға орнына ең кем дегенде 22 минутта жетуі керек. Бұл «Алтын сағат» деп аталады. Ал арада 60 минут өтіп кетсе, онда көмек «орташа» деңгейде болды деп бағаланады. Егер 90 минут немесе одан да ұзақ болса онда көмек өте төмен деңгейде болды деп айтуға болады.
Жедел жеткен топ оқиға орнындағы адамдардың жарақаты ауыр екенін анықтаса, орталықтан арнайы тік ұшақ шақырады. Арнайы тік ұшақ та медициналық көмек көрсеуге арналған жабдықтармен жабдықталған.

- Күре жолдық құтұқару пункті тобында қанша адам болады?

- Күре жолдық пункттердің тиімді жұмыс жасауы үшін 5 адам: 1дәрігер, 1фельдшер, 1 фельдшер-диспетчер және құтқарушы, жүргізуші- құтқарушыдан тұратын қызметкерлердің оңтайлы құрамынан құрылған. Медициналық пункт құрамына құтқарушыларды қосу себебі шұғыл медициналық көмек көрсету мен құтқару жұмыстарын өткізу зардап шеккендердің өмірлерін құтқару бойынша шұғыл жұмыстардың бірыңғай кешені болып табылуы керек. Бұл құтқару жұмыстарын өте жылдам жасауға, сондай-ақ зардап шеккендерді оқшаулау бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетуге және тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, «алтын уақыт» үрдісін сақтай отырып, емдеу мекемесіне эвакуациялауға мүмкіндік береді. Күре жолдық пункттердің екі жататын және үш отыратын зардап шегушіні эвакуациялауға мүмкіндік беретін, көліктік реанимациялық жүйе кешенімен, иммобилизациялық шиналар жиынтығымен, құтқару құрал-жабдығымен жабдықталған медициналық реанимобильдері бар.
Бұл көлікте апат орнынан адамдарды алып шығу үшін құтқарушыларға керекті құралдармен қамтылады. Яғни, көлік апаты кезінде зардап шеккен адамды көлік ішінен босатып алу үшін құралдар керек етеді. Осы кезде арнайы кесетін, қиятын құралдарды пайдаланады. Міне, осы үшін топта дәрігерлермен қоса құтқарушыларда еріп жүреді.

- Бүгінде жұмыс жасап жатқан жол бойы құтқарушылары жұмысы қалай болып жатыр. Сіздер олармен байланыстасыздар ма?

- Әрине, біз олардың атқарып жатқан жұмыстарынан құлақдар болып отырамыз. Сараптама жасаған дәрігерлердің мәлімдеуінше жол бойында жарақат алғандар алғашқы сағат ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетілгендіктен бұрынғымен салыстырғанда қайтыс болуы немесе мүгедек болып қалу қаупі 2 есеге кеміген.
айталық, өздеріңіз білесіз, 2011жылғы 20 желтоқсаннан бастап Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының күре жолдарында медициналық құтқару пункттері жұмыс істей бастады. 2012 жылғы 14 тамыз бойынша олардың бригадалары 255 оқиғаға шығуды іске асырған. 513 зардап шегушіге, оған қоса 22 балаға медициналық көмек көрсетілген. 231 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жатқызылған.
Қарағанды облысындағы «Ақшатау» күре жолдық медициналық құтқару пунктінің де атқарған жұмыстары орасан. Оларда дер кезінде көмекке барып, қанша адамның өмірін сақтап қалды
Жалпы ел көлемінде 2013 жылға қарай жол көлік оқиғасы нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2 898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету, 2013 жылға қарай жол көлік оқиғасынан зардап шегушілерді 2009 жылғы деңгейден салыстырғанда (14 788 адам) 8 %-ға, 2015 жылға қарай 10 %-ға қысқарту көзделіп отыр.
Ал келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқартуды мақсат етуде.

- Осы жол бойы құтқару пунктерінің Қызылорда облысы аймағында қаншасы салынады және қазірде қаншасы қолға алынбақ?

- Негізі Қызыорда облысы үстінен өтетін Батыс-Қытай, Батыс-Европа дәлізі бойынан 4 құтқару пункті түседі деп белгілеген. Соның екеуі биыл іске қосылмақ. Оның біреуі Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы маңынан түссе, екіншісі Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылы тұсынан салынады. Қазірде 0,30 гектар жер дайын тұр.
Айта кету керек бұл пунктер тек ғана техногендік және жол көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге ғана емес, жақын жатқан ауыл адамдарына шұғыл медициналық көмек көрсете береді.

- Жолаушылар жол көлік оқиғасы орын алған кезде нені ескере бермейді деп ойлайсыз?

- Ең бірінші үлкен трасса бойына шыққан уақытта көбіне жүргізушілер көлікті шамадан тыс жылдамдықпен жүргізу адам өміріне қауіпті екенін ескере бермейді дер едім. Ал оқиға орын алғаннан кейін оқиғаға қатысқан адамдар психологиялық тұрғыдан дайын болмай шығады. Әрине, соққы, қан көру деген өте қиын жай, есіңнен адасауың әбден мүмкін, алайда өз-өзін тез жинап алу керек. Өйткені оның өзін өзі қолына алғаны өзі және өзгелер өмірі үшін қымбыт. Себебі есін жиған адам дереу 112, 136 номерін теріп құтқарушыларға хабарласу керек. Содан соң өзге есін жинай алмай, көмек керек болып жатқан адамға алғашқы жәрдем көрсетуге көшуі міндетті. Алайда көп адамдар сол қарапайым алғашқы көмек шарттарын біле қоймайды.
Тіпті кейде жолдан шығып кетіп жатқан көлікті көрген кейбір жүргізушілер тоқтағысы да келмей, мүсіркеп бір қарап өте шыға беретіні бар. Ал егер ол сол жерде аз ғана уақытын қиып, қанша асығып келе жатса да тоқтап, оларға барса, бағасы жоқ өзгеріс болуы мүмкін. Яғни, оның бір қоңырауы қанша адамның өмірін алып қалуы мүмкін. Сондықтан «кемедегінің жаны бір» демекші жол бойында бір-бірімізге көмектесуден ерінбейік.

- Әсия апай, өзің басшылық етіп отырған ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының жұмысына көшсек.
 - Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесі күнделікті ақпарат алып, облыс көлемінде төтенше жағдайда халыққа дер кезінде жедел медициналық көмектің көрсетілуін қадағалайды. Төтенше жағдай туралы түскен ақпараттарды Денсаулық сақтау басқармасына, Төтенше жағдай департаментінің «Біріңғай шұғыл кезекші-диспетчерлік пунктіне», Республикалық «Апаттар медицинасы орталығына» жедел хабарлама, мәліметтер беріп отырады.
Сонымен қатар филиал Денсаулық сақтау басқармасы, Санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау мекемесі, Төтенше жағдай департаменті және ТЖД бағынысты мекемелерімен, Ішкі істер департаменті, Ұлттық қадағалау комитеті департаменті және т.б. бірлесіп жұмыс жасайды.
2013 жылдың І-жартыжылдықта филиалға тіркелген мәліметтер саны- 324 (2012 ж-295 ), зардап шеккендер – 415 (2012ж-637 ). Оның ішінде: ТЖ саны–48 (2012-47), зардап шеккендер–52 (2012-45), оның ішінде– 5 бала (2012ж-11), қайтыс болғандар және қаза тапқандар-30 (2012 ж-26), оның ішінде -5бала (2012ж-4). Шұғыл әрекет ету бригадасының барлық шығу саны -30 (2012 ж- 35), оның ішінде ТЖ шығу-3 (2012-5) қала ішінде, басқа да шақыртулар (КШОЖ, ТОЖ, оқу-жаттығу, жарыстар) – 24 (2012 ж- 10), жалған шақырту-2. Қызылорда облысы бойынша шұғыл әрекет ету бригадасы 2013 жылғы І-жартыжылдығына 30 шығулар болды, көмек көрсетілгендер саны-14.

- Сіздерде жалған шақыртылулар бол ма?

- Әрине, шақыртылулардың барлығына жедел түрде баруға міндеттіміз. Талап бойынша орындалып келеді. Алайда сол шақыртылулардың ішінде жалғандары да кездесіп жатады. Мәселен 2013 жылы 28 наурыз күні сағат 13.00-де ТЖД кезекші диспетчерлерінен филиалдың кезекші диспетчеріне 12.55 сағатта облыстық прокуратора ғимаратында қара жәшік табылғандығы туралы мәлімет түсті. Оқиға орнына филиалдың шұғыл әрекет ету бригадасы дер кезінде шығып, нәтижесінде жалған шақырту болып шықты. Мұнымен арнайы мекемелер айналысып, кінәлә дер кезінде іздестірілді. Мұның арты жақсылыққа апармайтыны анық.

- «Жаттығуда қиналсаң, майданда жеңіске жетесің» демекші әр саланың өз жаттығуы болады.

- Түсіндім, бұл салада да ұдайы іс тәжірибелік жаттығулар өтіп тұрады. Мәселен ҚР ТЖМ, ТЖД және ҚР «Апаттар медицинасы орталығы» ММ бекітілген жоспарына сәйкес «Көктемгі кезеңде тасқын жағдайының қолайсыз күшеюі кезінде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша құтқару және басқада шұғыл жұмыстарға дайындық және оны жүргізу» тақырыбында 2013 жылғы 15 наурыз күні «Көктем-2013» Республикалық Командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты. «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы 11 наурыз 2013 жылы № 12-Ө бұйрығын шығарып, дайындығы туралы баяндама жіберілді.
Оқу жаттығу барысында кезекші фельдшер-диспетчер «Азан-111», «Үзіліс-222», «Барыс-333» шартты белгілерін хабылдағаннан кейін 2-3 минут аралығында алынған шартты белгілерді растап 1PS №1 үлгісіне сәйкес оперативтік штабқа жіберіп, алынған шартты белгіні емдеу алдын-алу мекемелерге жіберді. АҚ және ТЖ медициналық қызметінің ТЖ бойынша комиссиялары құлақтандырылып, дайындыққа келтірілді. Басқа да төтенше жағдай кезіндегі қызмет атқаратын қызметтермен қарым-қатынас орнатылды. Сағат 10.30-11.30 аралығында «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру» ММ ғимаратында Қызылорда облысының төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою комиссиясының жиналу мәжілісіне филиал басшысының міндетін атқарушы А.К.Салқынбаева қатысып, баяндама жасады. Атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар РАМО, ТЖД электронды түрде жіберілді.
Сонымен қатар түрлі семинар кеңестер болып тұрады. Айталық І жартыжылдықта филиалдың медициналық қызметкерлері арасында техногенді және табиғый ТЖ кезіндегі шұғыл алғашқы медициналық көмек тақырыбында 6 семинарлық сабақ өткізілді. Мәселен, 2013 жыл 1 наурыз күні Азаматтық қорғаныс күніне орай ТЖД-мен бірлесе отырып облыстық білім беру басқармасында 744 мектеп оқушыларымен «Өрт кезінде, күйік алған кездегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбында интерактифтік сабақ өткізілді. Сол сияқы 29 қаңтар айында ТЖД –нің авариялық құтқару жасақтар арасында : «Күшті әсер ететін улы радиоактивті заттармен және биологиялық қауіпті құралдармен зақымдалу кезінде, сондай-ақ қан ағу, сыну,буын шығу, күйік және өзге де оқыс жағдайлар кезінде өз-өзіне және өзара көмек көрсету» тақырыбында семинарлық сабақ болды.
Сәуір айында «Өркениет» медициналық колледжінің студенттеріне «Ашық есік» күні өткізілді. Онда Мемлекет басшысының 2011ж 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге калаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өтілген тапсырмасын орындау мақсатында және ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» жарлығы жайында кеңінен түсіндірілді.

- Айтып келмейді. Сондықтан апат бола қалған жағдайда өзіңіз айтпақшы адамдар көбіне абдырып қалады. Тіпті кейде не істеу керектігін білмей сасқалақтайтындар бар. Бұдан арылуымыз үшін не істеуіміз керек?

- Апаттық жағдайда алла адамның басына салмасын. Дегенмен сақтықтар қорлық жоқ демекші тағыда қайталап айтатыным апаттың алдын алу керек. Ең бірінші жүргізушілердің асықпай көлік жүргізуін, жол ережесін білгені жөн. Табиғи, техногенді төтенше жағдайлар кезінде қалай сақтану керектігін үйрену керек. Сонымен қатар әрбір адамды қандайда бір оқиға алуы мүмкін екенін психологиялық тұрғыдан дайындау керек. «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші мектептегі балаларға егжей тегжейлі түсіндіруді нығайтқан дұрыс. Тіпті жұмыстағы адамдарға да жаттығулар жүргізіліп отырылу шарт. Мәселен су алғанда, үскірік аяз, боран болғанда, күн шамадан тыс ысып кеткенде, көлік оқиғасына душар болғанда не істеуге т.б, үйреніп отыру керек. Мұндай жаттығулар, түсіндірмелер қазірде жүріп жатқанымен көпшілік оған көңіл бөле қоймайды.

 - Оқырмандарға айтар ұсыныс-пікіріңіз.

- Мен бір ғана нәрсе айтар едім, әркімнің өз денсаулығы, амандығы өз қолында. Сондықтан қандай іс еткендеде талаппен жүрген дұрыс. Ал Алланың жазуына шара не, тек ол үшін бір бірімізге жақсы тілектер тілеуіміз керек.

- Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет
 
Сәкен Алдашбаев
"Сыр дидары” газеті
24 Шілде 2013

26-07-2013, 12:04

"Алғыс хатпен" мадақталды

"Алғыс хатпен" мадақталдыМедицина қызметкерлері Күні қарсаңында 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік емдеу мекемесі» атанған  

 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі Құбыл Ршымбетов басқаратын «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ филиалы - Қазалы теміржол ауруханасы «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының» «Алғыс хатымен» мадақталды.
Біз де ел құрметіне бөленіп жүрген ұйымшыл ұжымның әрқашан абырой биігінен көріне беруіне тілектестік білдіреміз.
 
АУДАНДЫҚ «ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ.



19-06-2013, 15:00

“Денсаулық пойызы” Қазалыдан өтті

“Денсаулық пойызы” Қазалыдан өттіЖақында Республика бойынша Оңтүстік, Солтүстік, Батыс өңірлерге үш бағытта жылжымалы емхана жолға шықты. Бұлар «Денсаулық», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» пойыздары. Медициналық қызметпен аз қамтылатын елді мекендер тұрғындарына арнайы жіберілген пойыздарды ҚР Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар Министрліктері және «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамы бірігіп ұйымдастырған. «Денсаулық пойызы» оныншы мамыр күні Қазалы ауданының «Ойынды» бекетінде тоқтап, күні бойы жұмыс істеді. Қызмет көрсету барысын көру мақсатында арнайы барғанымызда дәрігерлерге көрінушілердің көп екендігін байқадық.

- Қармақшы ауданындағы «Ордазы» бекетіннен бастап біздің дәрігерлеріміз қызмет жасауда, - деді Қазалы аудандық теміржол тораптық ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетұлы.
- Төретам стансасында екі күн болдық. 500-дей адам көрінді. Yлгермей қалғандары қаншама. Майлыбас стансасында жақын маңдағы малшылар ауылынан, қызылқұмдағы «Сарбұлақ» елді мекенінен көптеген адамдар келді. Ал, Ойындыда Құмжиек, Басықара, Жалаңтөс ауылдарынан екі жүздей адам тексерілді. Ордазыдан Ойындыға дейінгі аралықта мың жарымнан астам адамды қамтыдық, яғни 16 мыңға жуық көрілім болды. Себебі бір адам барлық тексеруден өтеді. Көздің қысымы мен көруі, бастың, қолдың, жүрек-қан тамырларының жағдайы, рентген, УЗИ, ФГДС, электро эндоскопия, ЭКГ, биохимиялық, клиникалық талдаулар жасалады. Осы жұмыстарды атқару үшін жиырма дәрігер, отыздай медбике жұмылдырылған. Олардың сапында хирург, терапевт, кардиолог, рентгенолог, акушер-гинеколог, невропатолог, окулист, уролог, травматолог, стоматолог, педиатр, лор, эндоскопия, УЗИ, лаборант дәрігерлер бар. Бәрі де білікті мамандар.
«Денсаулық пойызының» медициналық қызмет көрсету жағын басқаратын Сейілхан Артықбаев:
- Бұлардың бәрі де маманданған дәрігерлер. Диагнозды дереу анықтап, тиісті ем қолданады немесе емделу жолдарын көрсетеді. Қаралған адамдардың есебін Денсаулық сақтау Министрлігіне күнделікті беріп отырамыз. Осы арқылы әрбір науқас келешек өзінің қайда, қандай деңгейде емделетінін біледі. Ал, қажетті жағдайда көріну кезінде ем қолданылады. «Денсаулық пойызы» он бірінші мамырда Бекбауыл бекетінде жұмысын жалғастырады. Одан соң Қамыстыбас, Сексеуіл стансаларының халқы күтіп отыр.
Негізінен профилактикалық шараларды мақсат еткен «Денсаулық пойызы» елдің алғысына бөленді. Қалаға баруға уақыт таппайтын немесе құнт қыла бермейтін жырақтағы тұрғындар жылжымалы емхана қызметкерлеріне дән риза.
Халықтың көкейінде бір ғана тілек қалды. Ол - ендігі  жылы келетін «Денсаулық пойызы» асықпай, жүрісін баяулатып, алыстан жаяулатып келетін тұрғындарды түгел қамтыса.
Иә, Денсаулық Министрлігі «Денсаулық пойызының» жұмысын үйлестіреді деген үміттеміз.
 
Жетіскен МӘКЕНАЛЫ,
аудандық «Қазалы» газетінің арнаулы тілшісі.





"Қазалы” газеті

14-05-2013, 15:03