МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН НЕ ҰТАМЫЗ?

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН НЕ ҰТАМЫЗ?15 ақпанда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыға келді. Алдымен журналистермен кездесіп, Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті. Сонымен бірге, көпшіліктің ойында жүрген сан сауалдарға жауап беру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру турасында жиналғандармен тілдесті. Аталған жүйенің енгізілуіне де аз қалды. Бұл мәселе төңірегінде газетіміздің 2017 жылғы 14 ақпанда («Айқын», №22) жарық көрген «Медициналық сақтандыру міндетті ме?» атты мақаламызда сөз қозғаған едік. Жаңа құрылған министрліктің жаңа басшысы мән-жайды жан-жақты түсіндіріп берді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) қатысты ақ­параттық-түсіндірме жұмыстары басталып кетті. Осыған сәйкес, жұмыс берушілер 2017 жылдың шілдесінен бастап – 1%, 2018 жылы – 1,5%, 2020 жылы – 2 % және 2020 жылы 3% көлемінде ақша аударып тұрады. Қызметкерлер төлейтін жарна болса, орташа жалақы мөлшерінің 2019 жылдан бастап – 1%, 2020 жылы 2% көлемінде болады. Көпшіліктің уайымы – айлық жалақыдан ұсталатын қаражаттың тағы бірге артқаны. Десе де, есептеп қарасақ, жылына шамамен 15 мың теңгеден аспауы тиіс. Есесіне, бірқатар медициналық процедуралар қор есебінен төленеді. Бүгінгі таңда дәрігерден кеңес алу үшін кірген адам ең кемі 5 мың теңге төлейтіні белгілі. Осы тұрғыдан алғанда аталған жүйенің артық­шылықтарын байқауға болады. Жеке кәсіпкерлер болса, ең төменгі жалақы мөлшерінен 5% көлемінде төлейді. Ресми түрде жұмыс істеп, табыс таппайтындар қайтпек? Олардың да жағдайы ескеріліп, ортақ мәміле табылғандай. Мұндай азаматтар екінші деңгейлі банктер арқылы төлем жасай алады. Яғни 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмыссыз тұрғындар медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін ең төменгі жалақы көлемінің 5 пайызын төлеп, қолдана алады. Демек жылына орта есеппен 35 мың теңгедей қаражатты медициналық сақтандыру үшін алып қою қажет болады. Сақтандырылмаған адамдар үшін кей қызметтер көрсетілмейді. Сол себепті, жүйеге тіркелу міндетті. Министрдің айтуынша, бүгінде бір адам үшін мемлекет орта есеппен 55 мың теңге көлемінде төлейді екен. Кейде ауыр оталар жасау керек болған сәттерде тіптен бірнеше миллион шығын кетеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан бөлек, осы саладағы бірқатар мәселелер де айтылды. Айталық, дәрі-дәрмек бағасының өсуін, стоматологиялық қызметтердің қымбат екендігін министр назарында ұстайтын болады. Соған сәйкес, алдағы уақытта екі жаққа да тиімді шаралар қолдануға тырысатындығын жеткізді. «Дәрілерді өзімізден көптеп шығарып, сол арқылы бағаны тұрақтандыру да жоспарда бар. Сондай-ақ дәрігерлердің жалақысы да – үлкен мәселе. Көлемі осындай болып қала берсе, мықты мамандардың айырылып қалуымыз мүмкін екендігін жақсы білеміз. Табысы орташа өзге елдермен салыс­тырғанда бізде айлық аз. Бірақ әзірге жалақыны көтеру қиын болып тұр. Десе де, назарымызда бар екенін айтқым келеді» дейді Елжан Амантайұлы. Денсаулықты сақтауға әркімнің-ақ таласы болуы тиіс. «Сақтансаң сақтайды» деген.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
– Осыған дейін 2015 жылы «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заң қабылданған еді. Соған сәйкес, жүйе жан-жақты зерттеліп, қарастырылды. Жарна көлемі, қатысушылар, жүзеге асырылу мерзімі секілді көптеген мәселелер талданып, қор құрылды. 1990 жылы осыған ұқсас жүйе енгізілмек болып, ол тәжірибенің сәтсіз аяқталғаны белгілі. Ендігі біздің міндетіміз – сол қателіктерді ескеріп, барынша пайдалы іс атқару. Бүгінде еліміздің әлеуметтік және экономикалық ахуалы өзгерді. Демек жаңа жүйе қабылдауға қолайлы кез туды. Халықаралық тәжірибелерді қарастыра келе, өзімізге лайықтап, қосымша заң жобаларын енгіздік. Алдағы аптада Үкіметке ұсынып көрмекпіз. Жарна көлемін де бастапқыда жоспарланғаннан гөрі азайттық. Ендігі жерде жеке ауруханаға, басқасына болсын келген адам өз қалтасынан төлемейді. Ол сақтандыру талаптарын сақтап, жарна төлегендіктен, шығынды қор жауып береді. Еш жерде жұмыс істемейтіндер, биржаға барып тіркелгендері дұрыс. Себебі, бүгінде біз олардың есебін шығаруымыз керек. Республикада шамамен 3 миллионға жуық жұмыссыз бар дейміз. Бұл – нақты дерек емес. Ауылдық жерлерде тіркеусіз жүргендері қаншама?! Сондықтан жер-жерге барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Елена БАХМУТОВА, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрайымы:
– Қор – денсаулық сақтауды қаржыландыруға қажетті құрал. Оның міндеті – барша қазақстандықтарды сақтандыру. Көмек керек болған сәтте медициналық қызметтерді тегін алуға мүмкіндік бар. Тіпті сіздің төлеген қаражатыңыздың көлемі де маңызды емес. Сол секілді бір жыл бойы сіз қызметті қолданбауыңыз да мүмкін. Ондай жағдайда ақша, әрине, қайтарылмайды. Дәрігерге қаралып, көмегіне жүгіне қалсақ, тапқан табысымыздан гөрі шығарған шығынымыз артып кетіп жатады. Осы жағынан ойланып қарасақ, сақтанғаннан ұтылмаймыз. Медициналық ұйымдарда осының арқасында бәсекелестік артады. Себебі, ендігі уақытта әр адам қай ауруханаға баратынын өзі шешетін болады. Қай жердің сапасы жақсы болса, келушілер көбейетіні белгілі. Аталған жүйенің тағы бір артық­шылығы осында. Қор активтері тек мақсатты түрде жұмсалады. Себебі, бұл – коммерциялық емес, яғни табыс табуды көздемейтін ұйым. Қаржылық тұрақ­тылықты сақтап тұру үшін қажетті резервтер құрылып, оны Ұлттық банк бақылауына алатын болады.

 

Жадыра АҚҚАЙЫР

https://aikyn.kz/2017/02/16/4143.html
20-02-2017, 10:10

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МIНДЕТТI МЕ?

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МIНДЕТТI МЕ?Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында: «Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жекеменшіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керек. Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет» делінген. Елбасы тапсырмасына орай, ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталып кетті. Медициналық сақтандыру жүйесіне орай нақты қандай шаралар қолға алынды? Көпшілік бұл жүйеден хабардар ма? Бізді толғандыратын жайт – осы.

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МIНДЕТТI МЕ?

 

Бәрі неден басталды?

1 шілдеден бастап енгізілгелі отыр­ған міндетті медициналық сақтандыру жүйесі әлемдік қандай тәжірибеге орай жүзеге асырылып отыр? Білуімізше, Германия, Франция, Голландия, Швейцария, Бельгия елдерінде бұл жүйе бұрыннан бар. Еуропа елдерінде қалыптасқан озық тәжірибеге сүйене отырып, әзірленгені белгілі. Дамыған іргелі елдерде науқастардың дертін ерте кезден анықтау – бұрыннан бар үрдіс. Ол үшін көпшілік арнайы медициналық тексеруден өткізіліп отырады. Арнайы медициналық тексерістен өту – аурулардың асқынып кетпеуінің алдын алады. Бұл – бір жағынан дұрыс шешім. Егер еліміз денсаулық сақтау саласында осындай қадамға барса, ұтарымыз анық. Міндетті медициналық сақ­тандыру денсаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 1997 жылы литвалықтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толығымен өтті. Бұл жүйені дайындаған неміс маман­дары көрінеді. Әрбір литвалық өз кірісінің тоғыз пайызын медициналық сақтандыру қорына аударып отырады. Жұмыссыз жүрген жандар болса, оны мемлекет қамтамасыз ететін көрінеді.

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МIНДЕТТI МЕ?

Бұл жүйенің тиімділігі қандай?

Сонымен, бұл жүйенің тиімділігі неде? Мамандардың айтуынша, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған дәрігеріне барып, емделуіне болады. Медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы сол қордан бөлініп отырады. Бұған мемлекеттік емханалар ғана емес, жекеменшік емханалар да кіруге ниет білдіріп отыр. Бұл жүйе жүзеге асатын болса, сақ­тандыру қорынан қаржы шығарып, ем-дом алатын азаматтардың саны артады деген сөз. Мұның екінші жағы бар: емдеу мекемелері арасында бәсе­келестік туындамай ма? Ондай жағ­дайда, емханалар не істемек керек? Оған берілетін жауап біреу: яғни, кез келген мекеме қызметкері сапалы қызмет көрсетуге ұмтылады. Өйткені емделуші дәрігерді өзі таңдайтын болады.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі кезінде, сол кездегі министр Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылатын пакет туралы анықтама беріп өткен. Тамара Дүйсенова өз сөзінде: «Жұмыс берушілер өз жұмысшылары есебінен еңбекақы қорынан бес пайыз, жұмыс­шылар екі пайыз, өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етушілер көрсетілген табысынан жеті пайыз жарна төлейтін болады. Қазіргі экономикалық жағдайға байланысты жарналар 2017 жылдан бастап біртіндеп өседі және кор­поративтік жеке салықтарды есептеу кезінде шегерілетін болады» деген еді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мемлекеттің, жұмыс беруші мен өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың міндетті сақтандыру төлемдерінен құралады.

 

Сақтандырудың екі түрі бар

Мамандар сақтандыруды екіге бөліп қарастырады. Оның бірі – негізгі сақтандыру түрі. Оған мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Бұл еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болмақ. Мемлекет өз міндетіне медициналық қызметтердің түрін алып отыр. Мәселен, жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиацияны, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ем көрсетуді, төтенше жағдайға көмек көрсету және алдын алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады. Екіншісі – міндетті медициналық сақтандыру. Бұған негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын болады. Оған амбулаторлық-емханалық кө­мектер, ауру­ха­нада жатып емделу, жо­ғары технологиялық көмектер кіреді. Бұл – міндетті сақтандыру жүйесіне тіркелген азаматтар үшін тиімді жоба.
Бұл жүйені енгізудің басты мақсаты не? Мамандардың айтуынша, ден­саулық сақтау жүйесін қаржыландыру тұрақтылығы, тұрғындарды қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесінде медициналық ұйымдар бәсекелестігін құруға бағытталған жаңа экономикалық қатынастарды дамыту, нарыққа бағытталған басқару жүйесін енгізу және медициналық көмекті ұйымдастыру, тұрғындардың үнемі өсіп отырған сұраныстарын қанағаттандыру үшін денсаулық сақтау жүйесінің бәсекелестігін және қаржылық тұрақтылығын құру. Ең бастысы, тұрғындардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін ояту. Бұл үшін бюджеттік ұйымдар медициналық қызметкерлерін бәсекеге қабілетті болатындай жалақымен қамтамасыз етулері қажет.


Зәуреш АМАНЖОЛОВА, Мәжіліс депутаты:

Медициналық қызмет сапасы артады
Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру жүйесімен қатар, денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруі тиіс деп айтылған болатын. Адам капиталының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосатын – осы міндетті медициналық сақтандыру қорына өту болмақ. Мұның ең тиімді тұсы – адамдардың өз денсаулығына жауапкершілігі артады. Сонымен бірге, жұмыс істейтіндер де,мемлекет те жауаптырақ бола түседі. Екіншіден, бүгінде медицина саласын түгелдей мемлекет қаржыландырады. Бұл– біз үшін үлкен шығын. Медицинамыздың даму қарқыны да көңіл қуантады. Әсіресе, кардиология, транс­плантология салаларын атап өту керек. Десе де, оларда жасалатын оталардың қатты қымбат екендігін де ескеру керек. Соның барлығының шығынын мемлекет көтереді. Бұл қордың мемлекет қаржысын үнемдеуге көмектесетін тұсы – осы. Үшіншіден, медицина қызметкерлерінің жауап­кершілігін көтеру де – басты мақсат. Өйткені бәсекелес орта пайда болады. Мемлекеттік болсын, мемлекеттік емес болсын мекемелер қазір аккреди­тациядан өтіп, осы сақтандыру компаниясында қызметтерін атқарады. Аурухананың қай түрін таңдау – адамның өз еркінде. Соған орай қаражат та сол таңдалған мекеменің есебіне аударылады. Міне, бә­секелесетін орта туындайды дегеніміз де осыған байланысты. Өзіне адам тарту үшін қызмет көрсету сапасын көтеруге тырысатын болады. Бәрін айт та, бірін айт, бастысы – медициналық қызметтің әрі сапалы, әрі қолжетімді болғаны керек.


Жәнібек ЖӘЛИЕВ, Республикалық электронды денсау­лық сақтау орталығының маманы:

Табысы төмен адамдар жиі ауырады
Қазақстандағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» Францияның үлгісін енгізгелі жатыр. Францияда 75% халықтың табысы жоғары, яғни олар сақтандыру қорына көп ақша төлейді, ал25% халқы та­бысы төмен, яғни сақтандыру қорына аз ақша төлейді. Енді сол сақтандыруға жиналған барлық қаржының 82%-ы жоғарыда айтып өткен 25% табысы төмен азаматтарға жұмсалады. Өйткені табысы төмен халық табысы жоғары азаматтарға қарағанда жиі ауырады. Ал75% табысы жоғары азаматтарға сақтандыру қорының 18% қаржысы ғана жұмсалады. Өйткені табысы жоғары адамдар аз ауырады, өздерінің денсаулығын күтеді немесе ауырған жағдайда жекеменшік емханалардың қызметін қолданады. Сонымен, бай адам кедей үшін, дені сау адам ауру адам үшін ақша төлейді. Осыдан-ақ қоғамдық әділдікті көруге болады. Төленіп жатқан қаражат «Зейнетақы қоры» секілді әр азаматтың жеке шотына жиналмайды, кім қанша төлесе де «ортақ қазанға» жиналады. Мемлекетке түсетін тағы бір пайда – жеке табыспен айналысатын такси жүргізушісі, ауылда өз шаруаларымен айналысып, күнін көріп отырған азаматтар өз табыс көзін тіркеп, салық төлейтін болады. ҚР-да осындай 2 миллиондай азамат бар екен. Осы­лардың бәрінен мемлекетке ақша түседі де,сосын денсаулық сақтау саласына жұмсалатын ақшаның бюджет тек 10-20%-ын ғана бөлуі мүмкін. Қалған қаржы Сақтандыру қорынан жұм­салатын болады. Біздің қоғамда адамдар өз денсаулығына жауапсыз қарайды. Дұрыс тамақтанып, қытай мен америкалықтар сияқты спортпен шұғылдануды екінші кәсіп ретінде әдетке айналдыру керек. Сонда ауру саны азаяды, мемлекеттің ақшасы да үнемделеді.


Әділхан АБДУЛЛИН, ҰОС ардагерлер госпиталінің директоры:

Бұл – тиімді жүйе
Міндетті медициналық сақтан­дыруға қатысты біздің ұйымда Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Семей ядролық полигонынан зардап шек­кендер, Ауғанстан, Чернобыль ардагерлеріне тегін медициналық көмек көрсетіледі. Яғни, барлығы мемлекет тарапынан төленеді, ме­дициналық сақтандыру ұйымдас­тырылады. Сол құжатпен олар кез келген жеке не мемлекеттік мекеме­лердің қызметін қолдана алады. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы айтсақ, жұмыс істейтін адамдар үшін кәсіпорындар төлейтін болады. Жұмыс істемейтін­дерге, мәселен, балалар, зейнеткерлер, мүгедектерге мемлекет қолдау көрсетеді. Әлеуметтік маңызы бар бірқатар ауру түрлеріне, айталық туберкулез, СПИД ауруларына Үкімет ақша аударады. «Тегін нәрсенің құны жоқ» деп жатады, бірақ билік ба­сындағылар барлығын жан-жақты талдап, сараптайтын болса, меди­циналық қызмет сапасын біршама көтеруге мүмкіндік туады. Бұрын Ресейде дәрігер болып жұмыс істеген едім. Сол уақытта медициналық сақтандыру іске қосылған болатын. Оның тиімділігін, пайдасын білемін. Енді сол нұсқа біздің елімізге келіп жатыр. Сапаның артуына себепші болатынына сенемін.


Жарна төлеуден кім босатылады?

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жарна төлеуден босатылатын азаматтар да бар. Олардың қатарында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерімен қатар, «Батыр ана» атағын алғандар, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар да бар. Сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, интернат мекемесінде оқытылған тұлғалар, кәсіптік-техни­калық білім беру мекемелерінің күн­дізгі бөлімдерінде, жоғары оқу орын­дарында оқып жатқан студенттер де жар­на төлемейді. Бала күтімімен отыр­ған аналарымыз, жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған азаматшалар, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау орган­дарының қызметкерлері, уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторындағы азаматтар босатылады. Мамандар міндетті медициналық сақтандыру арқылы қызмет сапасы артатынын, медициналық материал­дық-техникалық базаның жақсара­тынын айтады.

Түйін:

Өткен ғасырдың 90-жылдары еліміз батыстық үлгіге иек артып, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшкісі келгені белгілі. Алайда сол кездері құрылған медициналық сақтандыру қор жұрттың үмітін ақтаған жоқ. Нәтижесінде Үкімет сәтсіз аяқталған қордан да, аталмыш жүйеден де бас тартқан еді.
Әрі ол жылдары міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жү­зеге асыруға әлі ерте болатын. Экономикалық ахуалдың қиын­ды­ғы да бұл салаға септігін тигізбей қоймады. Жұмыссыздық ден­де­­ген кезеңде, мемлекеттің де қорға жарна аударуға мүмкіндігі аз болды.
Қазір заман басқа. Қиындықтар артта қалды. Халықтың денсаулығын ойлайтын кезең жетті. Елге ыңғайлы жоба болса, ешкім бас тарта қоймайтыны анық. Бастысы, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерді әзірлеуде кемшіліктер жібермеу. Бұның бәрі кейбір олқы тұстардың оңтайлы шешіліп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің тиянақты атқарылуына мол мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

Гүлзина БЕКТАС, Жадыра АҚҚАЙЫР

https://aikyn.kz/2017/02/14/3756.html
15-02-2017, 10:14

Денсаулық саласының қызметі жақсарды

Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғалия Байменова өткен жылы салада атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, негізгі жұмыстар «Денсаулық» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Өткен жылы салаға 32,9 млрд теңге бөлінген. Жалпы өлім-жітім себептерінің 52 пайызын құрайтын аурулардың 5 негізгі нозологиясы бойынша Жол картасы әзіәрленіп, бекітілген. Осының негізінде емханаларда жаңадан 89 мамандандырылған кабинет ашылған.

–Өңірде кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында «Жоғары медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары» бекітілді. Кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін 60 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге өткен жылы облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің гранты бөлінді. Қайта даярлау курсы бойына 135 қажетті маман оқытылды. Бұл осы жылы неанотолог, травматолог, онколог сияқты өте қажетті мамандардың тапшылығын жапты,– деді А.Әлназарова.

Медициналық ұйымдар тарапынан халық санағы бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде медициналық ұйымдарға тіркелген азаматтар саны 27355 адамға көбейген. Осыған байланысты, скринингтік тексепруден өтетін адам саны 10 мыңға көбейген. Жалпы, есепті мерзімде скринингтік тексеруден өтуге жоспарланған халықтың 99,8 пайызы тексерумен қамтылып, анықталған аурулар саны 23,3 пайызға өсіп отыр.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің ауқымы кеңейіп, республикалық бюджеттен қосымша 1,5 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 42 пайызға, нейрохирургиялық операциялар саны 27 пайызға, буындарды эндопротездеу саны 2,5 есеге өскен.

Ашылған офтальмохирургиялық орталыққа жергілікті бюджеттен 90 млн теңгеге жоғары диагностикалық құрал-жабдықтар алынып, 2015 жылмен салыстырғанда жасалған ота санының екі есе өсуіне мүмкіндік берген.

Осындай атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы сәби өлім көрсеткіші 10,1 пайызды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға төмендеді. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 2015 жылмен салыстырғанда 13,3-ке төмендеген.

Есепті кезеңде медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 232 арыз-шағым түскен, оның 192-сі қаралып, 13-і өз еркімен қайтарып алынған және 27-сі басқа мемлекеттік органдарға жолданған. Ал 2015 жылы 190 арыз-шағым түскен еді. Бұл туралы брифингте аталған департамент басшысының міндетін атқарушы Ғалия Байменова хабарлады.

Өткен жылы денсаулық сақтау субъектілеріне барлығы 92 тексеру жүргізілсе, оның 59-ы, яғни, 64 пайызында бұзушылықтар анықталған.

–Әдеттегідей, арыз-шағымдардың мазмұны сапасыз емдеу болып табылады. Сонымен қатар, өткен жыл ағымында МӘС-ке(медициналық әлеуметтік сараптама) негізсіз жолдау туралы ЕӘҚККД-нен 50 сұраныс хат түсіп, тиісті жұмыстар жасалды. Ең көп арыз-шағым акушерлік-гинекологиялық қызмет саласы бойынша тіркеліп отыр, яғни, 26 пайызын құрауда. 2015 жылмен салыстырғанда хирургиялық қызмет бойынша негізді арыз-шағымдар 5 есеге өсті, ал педиатриялық қызмет бойынша 2,5 есе азайды,– деді Ғ.Байменова.

http://syrboyi.kz/zedelnews/9455-densauly-salasyny-yzmet-zhasardy.html
31-01-2017, 09:51

САЛА МАМАНДАРЫ ПОЛЬШАДА ОҚЫП КЕЛДІ

САЛА МАМАНДАРЫ ПОЛЬШАДА ОҚЫП КЕЛДІҚызылорда облысының медициналық және фармацевтикалық саласындағы 135 маман қайта оқытылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Өңіріміздегі кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында «Жоғарғы медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары» бекітілген болатын. Оған 60 млн теңге бөлінді. Осы мақсатта аймақ үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау үшін облыс әкімінің гранты бөлінген.
САЛА МАМАНДАРЫ ПОЛЬШАДА ОҚЫП КЕЛДІ– Қайта даярлау курстары арқылы аса қажетті мамандықтар бойынша 135 дәрігер қайта оқытылды. Осы арқылы биыл неанотолог, травматолог, онколог сияқты өте қажетті мамандар тапшылығы шешілді. Сонымен қатар, кадрлық резерв құру және қайта даярлау үшін денсаулық сақтау саласының 15 маманы Польшада оқытылды. Өткен жылы барлық дәрігерлердің 59,4%-ы білімдерін жетілдірді, — дейді Ақмарал Шәріпбайқызы.
Айта кетейік, өткен жылы 81 жас маман облыстың денсаулық сақтау саласына тартылып, оның 60%-ы БМСК ұйымдарына жіберілді. Қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95%-ға жетіп отыр.


http://syr-media.kz/news/sala-mamandary-polshada-o-yp-keldi/

30-01-2017, 17:36

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ– ЗАМАН ТАЛАБЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ– ЗАМАН ТАЛАБЫДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Парижде өткен Жоғарғы деңгейдегі саяси форум мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыДенсаулық сақтау саласы бойынша комитетінің отырысына қатысты.

Жоғарыда аталған форумға 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында ЭЫДҰ қатысушы елдері мен дамушы елдердің денсаулық сақтау министрлері мен жоғарғы деңгейлі өкілдері, белгілі академиктер мен сауда одақтарының өкілдері болды.
Алексей Цой ЭЫДҰ Денсаулық сақтау саласы бойынша комитеті отырысының аясында өткен сессияда «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың ролін реформалау» атты баяндамасында қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде арнайы еңбек нарығын құруға, оның ішінде кадрлық ресурстарды толтырудыңсапалы болжамын жасауға, орта және жоғарғы медициналық білімі бар мамандарды даярлау мәселелерін қайта қарастыруға, кәсіби білімнің сапасына қойылатын талапты арттыру қажеттілігі бар екенін атап айтты.
«Еңбек нарығы мен адам ресурстарын дамыту болжамы мен бақылауын тиімді жүргізу, Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды жоспарлау мен басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу мақсатында денсаулық сақтау саласы кадрлық ресуртарын жоспарлау мен болжаудың тиімді әдістерін енгізу мен оны әзірлеумен айналысатын Кадрлық ресурстар обсерваториясы құрылды», – деп хабарлады Алексей Цой.
Сонымен бірге, вице-министр денсаулық сақтау саласы кадрлық әлеуетін жетілдіруге С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде ашылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша (әрі қарай – МСАК) географиялық шалғайдағы кеңсесі де ықпал ететінін атап айтты.
«ДДСҰ МСАК бойынша географиялық шалғайдағы кеңсесі 53 ДДСҰ қатысушы-мемлекеттерді үйлестіретін Еуропалық аймақ пен Орталық Азиядағы БҰҰ-ның алғашқы ірі кеңсесі болып табылады. Оның ашылуы жергілікті кадрларды, сонымен қатар, ДДСҰбарлық Еуропалық аймақ мамандарын оқытуға, халықаралық санаттағы сарапшыларды шақыра отырып МСАК кадрларын қайта даярлау мен дайындауды жақсартуға мүмкіндік беретін болады», – деді ол.
Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйесі кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану мен оны бақылау мақсатында барша кәсіби белсенді мамандарды қамтитын Денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарының кәсіби регистрі құрылуда. Халықтың сұранысына сай жоғарғы сапалы, қолжетімді қызметтерді көрсете алмау қаупін төмендетуге, кадрлық ресурстарды басқару тиімділігін арттыруға негізделген Денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарын басқарудың ұлттық корпоративтік саясаты әзірленді.
«Жаңа шарттар кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан, Қазақстан еліміздегі медициналық ЖОО үшін әлемнің үздік 500 ЖОО қатарына кіретін АҚШ, Италия, Швеция, Польша университеттерін стратегиялық әріптестер ретінде шақырады», – деп мәлімдеді Алексей Цой.
Вице-министр шетелдік әріптестеріне Қазақстанда негізгіәлеуметтік мәні бар, елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 негізгі нозология (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудіңбіріктірілген үлгісі кезең кезеңімен енгізіліп жатқанын хабарлады.
Электрондық денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық және қазақстандық бірқатар стандарттарының негізінде Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру менинтероперабелдік платформасы енгізілмек. Ол республиканың барша азаматтарының электронды денсаулық паспортын, денсаулық сақтау саласы қызметкері мен пациенттің жеке кабинетін, денсаулық сақтау саласы бірегей мәліметтер қорын енгізуге мүмкіндік береді.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

https://aikyn.kz/2017/01/19/1060.html

28-01-2017, 13:41

БІР МИНУТТЫҢ ҚАДІРІ

 

БІР МИНУТТЫҢ ҚАДІРІКейіпкер кейпіне енгенде

Өң мен түстің ортасында өмір үшін жанталасып жатқан қаншама науқастың халі мен олардың аяқтан тұрып кетуін тілеп отырған жұрағаттың жанын ұғынып, медицина саласы қызметкерлерінің уақытпен санаспай жасайтын жұмыстарын, адам өмірін аман сақтаудағы орасан еңбегін көзбен көру ойда жүрген. Осы орайда Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық медициналық орталығының арнайы рұқсатымен күнделікті ресми қалпымды бір күнге ОМО-ның жансақтау бөліміндегі анестезиолог-реаниматологтың формасына ауыстырдым.

 

ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕГІ

«ЖАҢА ҚЫЗМЕТІМ»

Несін жасырайын, облыстық медициналық орталықтың реанимация бөліміне бару үшін 15 минут адасқаныма сенесіз бе? Жол білместіктен бұрын, аурухана есігінен кіргеннен бастап қателік жібермеу керектігін ұғындым. Өйткені мұнда қаншама адамның тағдырмен күресіп жатқанын білеміз. Ауруханадағы жансақтау бөлімі­нің жұмысы сырт көзге бір сарынды болып­ көрінеді. Іс жүзінде, бұл ойыма өзім де қарсы шықтым. Бөлімге кіргеннен бастап, қос қолдың инфекциясын «өлтіріп», киімді түгелімен ауыстырдық. Бұл, біріншіден, қатаң сақталған санитарлық талап, екін­шіден, бұлжымайтын ереже. Мен барғанның өзінде жұмыс уақыты әлдеқашан басталып кеткен. Қызу жұмыс, қарбалас тірлік, медициналық құрал-жабдықтардың тарсылдаған дауысы мұндағы біраз жайттан хабар береді. Сондықтан біраз күтуге тура келді. Оған қуанбасам, түк те ренжіген жоқпын. Өйткені бізде біреуді күтетін, әр ісімізге мүмкіндік беретін уақыт бар. Тырп етпестен төсекке таңылып жатқан әр науқа­с үшін осы уақыттың өзі тапшы, қымбат.Жұмыстың басы палата аралаудан баста­лды. Түрлі нақтамамен түскен науқас­тардың барлығы арнайы аппараттың кө­мегімен тыныс алып, ес-түссіз жатыр. Жандарында қажетті ем-домдарын дайындап, жүгіріп жүрген мейірбикелер мен дәрігерлер. Бәрі де адам өмірін арашалап қалу үшін арпалысып жүр. Оларға қолғабыс етіп тұрған «ақылды» аппараттар да жоқ емес. «Vacuson40», «Savina 300», «Bionet», «NIHON KOHDEN», «Hamilton – G5» секілді арнайы құрылғылар арқылы емделушілердің жағдайын қалпына келтіру үшін бар жігерін жұмсайды олар. Соңғы үлгідегі аппа­раттардан бөлек, мұнда қолданыл­ғанына­ 15 жылдан асып, тозығы жетіп тұр­ған электронды құрылғылар ауыстыруды қажет етіп тұрғандығы әңгіме арасында айтыл­ды. Десек те, қолдағы бар құрылғының көмегімен жансақтау бөліміне түскен ахуалы ауыр науқастардың біразының беті бері қарайды. Тілге тиек ете кетейік, аталмыш бөлімде пациенттер туралы барлық ақпарат, оларға жасалған ем-дом, бақылау парақшасы компьютерге енгізіліп отырады. Мұны кереуетке таңылып жатқан науқас­қа таңертеңнен бері қандай препараттың тағайындалғаны мен қолданылғаны жөніндегі маңызды құжат десек те болады. Алда­ғы уақытта әрбір палатаға осы бағдарлама енгізіледі деп жоспарлануда.

 

ОТАҒА КУӘ

БОЛАМЫН ДЕП...

Науқастардың жалпы жағдайын бағдарлап болған соң ота жасау бөліміне бет алдық. Мұнда да бекітілген тәртіп қатал. Меди­циналық форма киіп жүрсең де, ота үстеліне кірер алдында арнай­ы киім тағы киесің. үстіміздегі көк киімнің сыртында ақ желең, оның сыртынан бір реттік қана киюге рұқсат еті­летін арнайы желең, шашыңды жауып тұратын қалпақ, аяқкиім сыртынан да гигиеналық қап­шық киіледі. Сонымен ОМО-ның штаттан тыс бас анестезиологы Әуезхан Құрмантайұлының жанын­а ілесіп, ота жасау бөлімі­не бас сұқтық. Барлық талап­тарын сақтаға­ныммен, ота үстеліне жақындау­ға дәтім шыдамады. Бірақ, жұмысым осы болғандықтан бісміллә айтып, мүмкін­дікті қалт жібермей, алғашқы отаның куәгеріне айналдым. Өз ісіне жауапкершілікпен, ыждағат­тылықпен қарайтын хирургтар мен олардың көмекшілері нау­қастың жүрек қақпақшаларын ауыс­тыру үстінде. Құдайым-ау, бұған дейін «операциядан шықтым»­, «жүрегіме операция жасатт­ым» дейтіндердің сөзінен ешқандай әсер алмайтын едім. Ту сыртынан қарап тұрып, зәре-құтымқалмады. Екі қадам аттаған күйімше қалдым. Кері шегі­ніп, шығып кеттім. Келе­сі палаталардағы қызу жұмыстың қарқынын көргенім дұрыс шығар деген оймен сонда бас сұқтым. Мұнда да ота. Не керек, қаз-қатар тізіліп тұрған палаталарда бос тұрған ота үстелі жоқ. Адамға бой үйретуге көп уақыт керек емес екен, алғашқысынан кейін травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық оталарды көргеннен кейін көзім де үйренді, көңілім де кері тепкен­ жоқ. Осылай ойлағанмын, отаның қалай жасалатынына қызығушылығым артып­, алдыңғыларына қарағанда ұзақтау телмірдім экранға. (Экран демекші, қазіргі кезде отаның біраз бөлігі соңғы технологиялық тәсілмен, яғни лазерді түрде жасалады.) Түтіктер, инелер, қысқыштар, тісті іскектер, тістеуіктер, қайшы, қалақшалар мен трубкалар секілді қажетті кесетін, қадайтын, қысатын, шолғырлайтын құрал-жабдықтар қолданылды. Бірер минуттан соң айналамды түгелдей экран басып кетті. Мұнысы несі деп таңырқап тұрғаным сол еді, әлгі экраным аударылып бара жатқандай сезілді. Сол кезде барып ұқтым, басымның айналғанын. Соның әсерінен ішкен-жегенімді сыртқа шығара жаздадым. «Сабыр­ түбі – сары алтын» дейді емес пе? Дәлізге шығып, өз-өзімді сабырға шақырып­, ағзадағы тітіркену реакциясын бақылауғ­а алдым. Әйтеуір мишығымның қимылды­ үйлестіру мен тепе-теңдікті сақтау­қызметі­нің нәтижесінде тез арада қалпыма түстім. «Жығылған жұдырыққа тоймайды» дей ме, одан кейін де бірнеше отаға кіруге мүмкіндік алдым. Анестезиолог-реаниматолог, хирург, мейірбикелер, санитарлық тазалықшы секілді мамандардың қатысуымен өтетін ота сәтті аяқталысымен, науқас «Наркоздан ояну бөлмесіне»­ әкелінеді. Бұл аралықтың өзінде науқастың өміріне жауапты мамандардың ат­қаруы тиіс қыруар жұмысы бар.

 

ЖАҚҰТ

Медицинаның қыр-сырын ұға қоймайтындар үшін барлығы оңай әрі жеңіл көрі­неді, шынтуайтына келгенде жүгі ауыр. Таздың тарағы, мергеннің садағы алтын болса, дәрігерлердің қолы – жақұт. Осыған көзім жетті.

- Ота жасалмас бұрын науқасқа наркоз егіледі. Ол орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады. Түптеп келген­де,­ күрделі хирургиялық операциялар кезінде­ ауру сезімін болдырмау мақсатында салынады. Наркоз берер алдында нау­қастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі қабылдатады, мұны премедикация кезеңі деп атайды. Айтып отырған наркоз арнайы аппараттардың көмегімен беріледі. Анестезиолог-реаниматолог мамандар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат арқыл­ы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын қадағалап, оттегі мөлшерін өлшеп отырады. Отаның ұзақтығы 20-25 минуттан басталып, 8-9 сағатқа дейінгі уақытты қамтиды, - деп тереңінен түсін­дірді бас анестезиолог Әуезхан Сатмағамбетов.

Сонымен, бір науқасқа ота жасау процесі тамамдалды. Жылжымалы кереуетте жатқан науқасқа жауапты адамдар «Наркоздан ояну бөлмесі» деп аталатын арнайы палатаға әкелді. Науқастардың наркоздан кейін есін жиюына медицинада 36 жыл еңбек тәжірибесі бар анестезиолог-реаниматолог Жұмағали Батталұлы жауапты. Жылына 5500 адамға ота жасалса, соның тең жартысына жуығына осы бөлменің білікті мамандары қызмет көрсетеді. Қолымызға ине алып, науқастарға инфузиялық ерітінді құйып, оларды жасанды тыныс алу аппаратына қоспасақ та, білікті мамандардың жанында жүгіріп жүріп-ақ жансақтау бөлімінің расымен де адам жанын сақтап қалу үшін аянбайтын еңбегін көрдік. Жоспарлы түрде күніне жасалатын оталардың жалпы саны 50-ден асып кететін кездер болады екен. Ал тәжірибелік тұрғыдан түйсіну үшін барған күні 25 жоспарлы ота жасалынуы тиіс. Бұл жұмыс таңертеңгі 8-ден басталып, кешке дейін жалғасады. Аурухана бекіткен ережелерге сәйкес, ота жасау аз ғана уақытқа тоқтатылып, медициналық құрал-саймандарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Айтпақшы, халық арасында «дәрігерлер қарамайды, жылдам келе қоймайды» деген ренішті пікірлер қалыптасқан. Мұның да жауабын осы бөлімде жүріп таптым десем әбден болады. Операцияның екі түрі болады. Жоспарлы және жедел жасалатын ота. Апта­ның дүйсенбі күнінде ота жасау бөлі­мінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуіне байланысты ешқандай ота жоспарланбайды. Тек соқырішек, оқыс оқиға салдарынан ауыр жарақат алған және халі ауыр деңгейде келіп түскен нау­қастарға кезек күттірместен, жоспарсыз, жедел түрде ота жасалады. Бұл жұмыстардың барлығы бөлім мамандарының және ота жасау бөлімінің меңгерушісі Әлия Исае­ва, ота жасау бөлімінің аға мейірбикесі Гүлмира Еділбаева және дәрігерлердің ортақ шешімімен орындалады. Сондай-ақ, жансақтау бөліміндегі Жаңатай Нәбиұлы, Жұмағали Батталұлы, Бейбіт Бижанұлы, Әуезхан Құрмантайұлы, Нұрлан Тоқжұма­ұлын облыстық ауруханада 40 жыл табанды қызмет еткен, медицина саласына үздіксіз еңбегі сіңген Шадияр Нұрым­бетовтың шәкірттері десек, ешкім сөз таластыра­ қоймас.

 

«ДОКТОР, АМАН АЛЫП

ҚАЛЫҢЫЗШЫ...»

Шынын айтайын, дәрігерлердің жұмысына кедергі жасағымыз келмеді, барынша тырыстық. Өйткені дертіне дауа, жанына сауға іздеген қанша науқас осы ақ халатты­ны асыға күтіп жатыр. Оларға барған кезде­ мен де іздеріне ілесіп аламын, құдды бәрін тындыратын адам секілденіп. Олай етпесем де, адам жанының арашасына айналып, бәйек болып жүгіріп жүрген медицина мамандарының, оның ішінде жансақтау бөлі­міндегі қызметкерлердің еңбегін елге көр­сете білу де үлкен жұмыс деп ойлаймын.

- Анестезиолог-реаниматолог – бір-бірінен ажырамайтын, ажыратуға болмайтын мамандық. Жұмыс жүгі де жеңіл емес. Сол себепті біліктілік арттыру курстарынан­ өту үшін Алматы мен Астананың медици­на­лық орталықтарына іс-тәжірибеден өтуге жіберіледі. Кейде білікті доктор, профессорлар осында арнайы келіп дәріс оқиды.

Ал енді, жансақтау бөлімінің техникалық жабдықтарына келер болсақ, аурухана­ әкімшілігі қолдан келгенше бар мүмкіндікті жасап жатыр. Қазірдің өзінде жасанды дем беру аппаратының 4-еуі бар, бұйыртса, бесіншісін күтіп отырмыз. Алты кардиомо­нитор бар. Жаңаланған, жаңартуды қажет ететін құрылғылардың жоқ емес екендігі рас. Тіпті маман жетіспейді. Осында қызмет­ етіп жүргендер артық жүктемемен жұмыс жасап жүр. Сол себептен де адамға психологиялық ауыртпалық түседі. Еңбек демалысының өзін алғанда да, толық қалпына келе алмайды. Өйткені, өте ауыр сала. Кейде­ науқастың көңіл күйі, сырқаты өзімізге «беріліп», әсер етіп жатады. Оны ешкімге міндетсініп жатқан жоқ. Өйткені, басты мақсат – науқастың өмірін құтқарып қалу. Қуанарлығы, бөлімшеге түскен науқастардың 75-80 пайызының жағдайы оңалады, - дейді нейроинсульттық жансақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Абдіқадыров.

Аталмыш бөлімшеде кереует саны шектеулі. Дегенмен, ауыр дәрежелі науқас болса,­ орынның шектеулі екеніне қарамас­тан қабылдайды. Өйткені, басты мақсат – адам өмірін құтқару. Айтпақшы, осы тұста айтпай кетуге болмас, адам өмірін құтқару­дың тағы бір жолы – трансплантация. Яғни, бір ағзадан екінші ағзаға жасушаларды, тін­дер­ді және ағзаларды алмастыру. Әзірге бұл сала біздің облыста ақсап тұр. Жә, бұл туралы кейінірек толық нұсқасын ұсынамыз.

Науқастардың халін білмекке палаталарға бардық. Есін жиғаны да, жимағаны да бар. Дәл осы кезде жансақтау бөліміне тағы бір науқас түсті. «Үмітсіз - шайтан» дейді. Өлімге беріспей, өмірдің жарығы үшін рухани тұрғыдан да, болмыс, ағзалық тұрғыдан да күресіп жатқан әр науқастың еміне шипа тілеген ағайын жүр сыртта.

- Доктор, аман алып қалыңызшы, бір-екі минут болса да демі бітпесінші, - деп өңешіне өксік тығылғанша жалынып тұрған жанашырдың жан даусына мән бермеу мүмкін емес еді. Көз көреді, құлақ естиді. Жансақтау бөліміне келіп тұрған пациент­тің туысы өте қобалжулы. Әрине, оңай емес. Ал біз осы бір-екі минуттың қадірін біліп жүрміз бе?! Ойланайық.

БІР МИНУТТЫҢ ҚАДІРІНұрбике

ҚАЗИҚЫЗЫ

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6821:2017-01-26-06-10-02&catid=6:2011-11-18-09-03-06&Itemid=6

26-01-2017, 13:31

Жедел жәрдем көлігі көбейеді

Жедел жәрдем көлігі көбейедіКелер жылы жедел жәрдем қызметінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 24 санитарлық автокөлік алынады. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Баян Бурамбаева мәлімдеді, - деп жазады "Кызылорда ньюс" сайты.

Бұған дейін белгілі болғандай Қызылорда облысындағы жедел жәрдем қызметі пилоттық жобаға қосылған болатын. Бұл облыс аумағында тұратын халыққа және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойындағы жолаушыларға дер кезінде көмек көрсету қызметінің сапасын арттырады.

- Облыстық статусқа ие болған жедел жәрдем қызметінің ауқымы да кеңейді. Жүйені құруға облыстық бюджеттен 19 млн теңге бөлінді. Оған санитарлық авиация қызметі қосылып, күрежол бойындағы төтенше жағдайларға да жедел көмек көрсетуге мүмкіндік туды. Қазір мамандандырылған 28 бригадада 1000-нан аса қызметкер жұмыс атқаруда. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығы мен жедел шақырыстар санының көптігіне байланысты кейбір жағдайда жедел жәрдем қызметі кешігіп жетіп жатыр. Операторлардың іріктеуі бойынша ең бірінші балаларға, екіқабат әйелдерге, инсульт алып жатқандарға, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге, қан қысымы көтерілгендерге көмек көрсетіледі. Қазір жедел-жәрдем қызметі толықтай GPS пен қамтылған, қызметтің қай жерде, қашан болғандығы жазылып отырады, - дейді Баян Бурамбаева.

 

http://syrboyi.kz/zedelnews/9144-zhedel-zhrdem-klg-kbeyed.html

22-12-2016, 21:30

ОБЛЫСТА ҮШІНШІ НЕЙРОИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ОБЛЫСТА ҮШІНШІ НЕЙРОИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫЖүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жол картасы бағдарламасы аясында 140 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды. Жыл басынан бері инсульт пен инфаркт алған науқасқа медициналық көмек көрсету мақсатында 1000-нан аса медицина қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.

— Қан айналым жүйесі ауруларының асқынуын ерте анықтау үшін облыс бойынша алғаш рет жоғары қауіп тобына жататын қан қысымы мен ми қан тамырларының ауруына шалдыққандарға функционалды зерттеу жүргізетін тәуекел тобы жасақталды. Барлық аудандарда ультрадыбыстық зерттеу мамандарының арасында шеберлік сабақтары өткізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 287 науқас жоспарлы түрде коронографияға жіберілді және оның 18%-на стенттеу жүргізілді. 2000-нан астам жүрек пен бас миының тамырларына ота жасалып, былтырғы жылмен салыстырғанда ота жасау көлемі 15%-ға өскен,- деді Ақмарал Әлназарова.
Аймақтың арақашықтығы ескеріле отырып, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындары үшін үшінші ауданаралық нейроинсульт орталығы ашылды.
Сәуір айынан бастап Қазалы аудандық орталық ауруханасының базасында инсульт ауруымен ауыратындарды оңалту бөлімі, сондай-ақ №3 қалалық емхананың базасында нейрореабилитациялық орталық ашылды.

http://syr-media.kz/news/oblysta-shinshi-nejroinsult-ortaly-y-ashyldy/

22-12-2016, 21:29

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы салтанатында марапатталған әріптестер

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы салтанатында марапатталған әріптестерЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығы салтанатында марапатталған әріптестер

 

«Құрмет» орденімен

 

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызыоблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

«Шапағат» медалімен

 

Карибаева Раушаноблыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы

 

Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасымен

 

Құрманбаева Раяш ШәкенқызыҚармақшы аудандық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі

Ізмағамбетов Құламерген Асылбекұлыоблыстық медицина орталығының ақылы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі

 

«Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағымен

 

Аисина Дина Есжанқызы«Денсаулық сақтау» және «Азаматтық қорғау» салаларының үздігі төсбелгісінің иегері

 

«Еңбек ардагері» медалімен

Есендикова Алия - Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы
Жундабекова Кулжамал Алиевна - Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының акушер –гинеколог дәрігері
Нұрхожаев Асылхан - Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының дәрігері
Кульсартов Сагимбай Каракулович - Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласының ардагері
Асанова Саракуль Асановна- Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының статист дәрігері

 

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

 

Байхадамов Махмут Мәжитұлы - Қызылорда қалалық №1 емханасының дәрігер травматологы
Нургалиев Габиболат Мендибаевич - Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының дәрігер наркологы
Кушербаева Улпан Касабековна - облыс фармация саласының провизоры

 

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі

 

Байменова Ғалия Әбсадыққызы - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы
Сақтағанова Ғазиза Әбдіғапбарқызы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы
Көрегенов Темірхан Исаханұлы - Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы
Даутбаев Берик Русланович - облыстық медициналық орталығының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі
Оспанов Шахмарат Есенжолұлы - Қызылорда облыстық онкология орталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі
Бердимаганбетов Темирхан Қуанышович - Арал аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі
Ермаханова Индира Елдесовна - №6 қалалық емханасының гинекология бөлімінің меңгерушісі
Исаханова Загира Алиевна - №1 қалалық емханасы бас дәрігерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасары
Тлеулеева Гульнара Кожабаевна - Қызылорда медициналық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Нальтаева Гульнара Санаковна - Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының дәрігер эндокринологы
Артықбаев Сейлхан Жакыпбекович - «Қазалы теміржол ауруханасы» жанұялық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері
Нурмагамбетова Гульмайрам Нурмаганбетовна - «Абай» ауылдық емханасының акушеркасы
Таласбай Әбілғазы - Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасының тері-жіңішке аурулар бөлімінің меңгерушісі

 

«НҰР ОТАН» партиясы саяси кеңесі бюросының қаулысы бойынша «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен

Шәмшиев Сағындық - облыстық «жедел жәрдем» стансасының дәрігері

 

«НҰР ОТАН» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Алғыс» хатымен

 

Қартабаева Әлия Жұмағұлқызы - Қазалы ауданына қарасты Бозкөл ауылдық ауруханасының жалпы тәжірибиелік дәрігері
Қыстаубаева Жанымкүл Қыстаубайқызы -ЖИТС орталығының дәрігері
Баешев Рүстем Мәуленұлы - облыстық медицина орталығының нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі
Ешпанова Шынар Ақжігітқызы - Қызылорда қалалық №4 емханасына қарасты «Махамбет» ауылдық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері
Бекенов Серік Қалыбайұлы - облыстық стоматология емханасының бас дәрігері
Исаханова Загира Алиевна - №1 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары
Тусупкалиева Ибакыз Шариповна - облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері

 

Облыс әкімінің «Құрмет Грамотасымен»

 

Омаров Ернияз Омарович - денсаулық сақтау саласының ардагері
Маханов Тұрғанбай Маханович - денсаулық сақтау саласының ардагері
Кузденова Раиса Абдешовна - денсаулық сақтау саласының ардагері
Шамшиев Сағындық Шамшиевич - денсаулық сақтау саласының ардагері
Сыздыков Акмырза Сыздыкович - денсаулық сақтау саласының ардагері
Атабаев Базарбай Асанбаевич - денсаулық сақтау саласының ардагері
Балабекова Каракоз Рзатаевна - денсаулық сақтау саласының ардагері
Карибаева Бейсенкуль Утегеновна - денсаулық сақтау саласының ардагері
Беисов Мухтар Беисович - денсаулық сақтау саласының ардагері
Ибраева Азима Балтабаевна - денсаулық сақтау саласының ардагері
Налибаева Сауле Мадельхановна - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының» Қызылорда облыстық филиалының директоры
Қожарипова Жаннат Шайхсламовна - облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары
Мырзағалиева Нұржамал Жұмағалиевна -облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу – алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Сарбаева Зауреш Сағатовна - облыстық денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару және ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Бурамбаева Баян Уристамбековна - облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Жолманов Даулетбек Абдиреевич - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы
Құтыбаева Тәттігүл Қожабековна - облыстық денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Әмір Нұрлан Әмірұлы - Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері
Усейнов Сакен Алеудинович - Жаңақорған аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері
Төралиева Гүлшара Төралиевна - «Достар-мед» клиникасының дәрігер акушер – гинекологы

 

 

Марапаттарыңыз құтты болсын, қадірлі әріптестер!

 

19-12-2016, 23:30

Қызмет сапасы сараланды

Қызмет сапасы сараландыҚызылорда қалалық ауруханасының мәжіліс залында барлық емдеу ұйымдары бас дәрігерлерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша алқа отырысы болып өтті.

Алқа отырысына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзағалиева төрағалық етіп, күн тәртібінде облыстық туберкулезге қарсы күрес қызметін және облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, облыс бойынша өлім-жітім көрсеткіші қаралды.

Облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері А.Құрманғали кеңінен баяндаса, облыстағы өлім-жітім көрсеткіші жөнінде Ш.Ералиеваның хабарламасы тыңдалды. Сонымен бірге, аймағымызда тіркелген суицид жағдайларына А.Негай талдау жасады. Сондай-ақ, жиында Сырдария, Жалағаш, Шиелі аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері мен №№1, 5 қалалық емханаларының бас дәрігерлерінің хабарламалары тыңдалды. Олар өздері басқарып отырған мекеме жайын баяндай отырып, шешімін таппай жүрген мәселелерін де айтып өтті.

Жиын соңында алқа мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстары қабылданып, басқарма басшысының орынбасары бас дәрігерлерге бірқатар тапсырмалар берді.

Б.БАТЫР.

Суретtengrinews.kz сайтынан алынды

http://syrboyi.kz/zedelnews/9073-yzmet-sapasy-saralandy.html

12-12-2016, 12:35