TАРИХЫ ТЕРЕҢ ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ
Филиал директоры Құбыл Ршымбетов «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Шапағат» және «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», ҚР Төтенше жағдайлар министірлігінің «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», ОО «Совет ветеранов войны, труда, государственной и военной службы Байконырского региона», «За добросовестный труд и личный вклад в дело обеспечения медицинской помощи» төс белгілерімен;
Директордың емдеу жөніндегі орынбасары Алтынгүл Дәрібай «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен;
Директордың емхана жөніндегі орынбасары Серік Адаев «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ҚР Төтенше жағдайлар министірлігінің «Құрмет грамотасымен»;
Дәрігер акушер гинеколог Қазбек Еспаев «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Төтенше жағдайлар министірлігінің «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен;
Дәрігер хирург Жолдасбай Елеу «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.
Қазалы теміржол ауруханасының тарихы бай және өте тереңде жатыр. Аурухана 1904 жылы Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ашылып, онда фельдшер және акушер жұмыс жасаған. Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты, 1905 жылы амбулатория 5 орындық теміржол ауруханасы болып қайта ашылады. Бұл уақытта ауруханада 3 дәрігер қызмет етіп, фельдшер мамандар ат арбамен үй аралап, медициналық қызмет көрсеткен. 1917 жылы теміржол ауруханасы 40 төсектік орынға көбейтіледі. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары теміржол ауруханасы госпитальға айналдырылып, әртүрлі жарақатпен және сырқаттармен түскен жауынгерлерді емдеп, соғыста халқымыздың жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан. Қазалы теміржол ауруханасы 1970 жылы 220 төсектік орынға көбейтілген. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің келісімімен «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта құрылған.
Қазіргі таңда теміржол ауруханасының медициналық қызметі бүгінгі күннің талаптарына сай заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Аурухана мен емхана бойынша ем алушылардың тіркелуі үшін тиісті ЭРСБ, ПБГ ПГ, АПП, РПН, жүкті және туу жасындағы әйелдер регистрі, онкологиялық науқастар регистрі, РДБ, ИНФО, ИСЛО бағдарламалары енгізілген.
Аурухана бүгінгі күннің талаптарына сай медициналық техникамен 100 пайыз жарақтандырылып, алдыңғы қатардағы дүниежүзілік өндірушілер шығарған ең соңғы үлгідегі заманауи жабдықпен көп мөлшерде қамтамасыз етілген. Бұл медициналық техникалар диагностиканың барлық түрлерін, эндоскопия, биохимия, аудиометрия зерттеулерін және басқаларын жүргізуге мүмкіндік береді. 2015 жылы жалпы құны 42029 105 теңгеге медициналық жабдықтардың негізгі құралдары, оның ішінде рентгендік диагностикалық хирургиялық мобильді «С-дуга» аппараты, реанимобиль «жедел жәрдем» автокөлігі және медициналық құралдардың басқа да түрлері алынған.
Қабылдау, жансақтау, терапия бөлімдері мен ЭКГ-кабинетіндегі 3 және 6 арналы 4 электрокардиографпен жұмыс істеуді әрбір кезекші мейірбике меңгерген. Дәрігер кардиологтар түрлі-түсті 12 каналды «Кардиограф М»,«Холтер-ЭКГ,АГ» аппараттарымен және эхокардиография жасау үшін арнайы дайындықтан өткізілген. Қабылдау бөлімінде қосымша травматологиялық пункт және балаларды БШАЫЖ тәсілімен жүргізу үшін арнайы кабинет ашылып, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Былтырғы жылы жаңа технологиялардан эндовидеохирургиялық кешен арқылы өт қалтасына және кистомаға, аппендицитке лапароскопиялық жолмен, компьютерлік томограф, УДЗ және «С-дуга» рентгендиагностикалық кешені көмегімен оталар жасау енгізілді. Барлық клиникалық биохимиялық сараптамалар анализаторларда жасалып, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде реанимациялық бөлімшеде шұғыл науқастарға қысқа мерзімде диагноз қою мен оларды уақытылы емдеуге мүмкіндік туды.
Арнайы дайындықтан өтіп, қажетті аппараттармен қамтамасыз етілген тәжірибелі маман-нейрохирургтар компьютерлік томографтың көмегімен науқастардың ми қан тамырларының ауруларын анықтап, күрделі нейрохирургиялық оталар жасап келеді.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының халқына қызмет көрсету мақсатында, аурухананың төсек қоры шеңберінде 10 төсектік нейроинсульттік және 10 төсектік ерте нейроинсульттік оңалту бөлімшесі ашылды. Қабылдау бөлімі нейроинсульттік науқастарды дер кезінде қабылдап, жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар мен құрылғылармен және дәрі-дәрмектермен жарақталған. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы нейрохирургиялық операциялар жасау үшін дайындалып, арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Облыстық қан орталығынан әкелінетін қанды сақтау үшін арнайы бөлме жабдықталды. Cонымен бірге реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 9 төсекке кеңейтілді. Осы заманғы қондырғылармен, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппараттары, пациенттерге арналған мониторлар, әр төсек-орынға орталықтан оттегі беру құрылғысы, ЭЭГ, эхоскоп, доплерограф, 15 параметрлі газды анализатор, тропанин анықтауға арналған анализатормен жабдықталған нейрохирургиялық операциялардан кейінгі қосымша реанимациялық 4 төсектік орын ашылған.
Қазіргі кезде аурухананың травматологиялық қызметі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге (жамбас буынын эндопротезирлеу және остеосинтез жасау) дайын және 2016-2017 жылдары көрсетілген медициналық қызметті мемлекеттік тапсырыспен немесе ақылы негізде жасауға толық мүмкіндігі бар. 2012-2013 жылдары мемлекеттік тапсырыс арқылы сондай 44 травматологиялық ота жасалса, 2014 жылдан бастап бұл қызмет түрі ақылы түрде жүргізіліп келеді.
Ауруханада биылғы жылы «Телемедициналық» байланыс іске қосылған. Бұл байланыс арқылы күрделі науқастар 14 республикалық клиникалық, ғылыми-зерттеу, облыстық медициналық, перинаталдық, диагностикалық орталықтарынан кеңес ала алады және дәрігерлер селекторлық кеңестер мен видеоконференцияларға қатысып, білімін жетілдіріп келеді.
Өткен жылы барлық бөлімдерге жергілікті бу қазандығынан ыстық су келуі қамтамасыз етіліп, ішкі су жүйесі пластикалық құбырларға ауыстырылып, стационар ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ реанимобиль автокөлігі үшін гараж, автотұрақ және көкөніс қоймасы салынды.
Қазіргі таңда емханада жанұя медицинасы қағидаты енгізіліп, қызметкерлер жалпы практика дәрігері мамандығы бойынша үздіксіз білім алуда. Атап айтқанда, барлық педиатрлар мен терапевттер 2015 жылы жалпы дәрігерлік практика бойынша мамандандырудан өтті. 2016 жылдан бастап барлық бөлімшелік дәрігерлер кезең-кезеңімен жалпы дәрігерлік практикаға ауысқалы отыр. Жалпы дәрігерлік практика халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсетудің негізгі бөлігі болып табылады. Бұған ұйым қызметінің тиімділігі мен сапасы, еңбек әлеуетінің сақталуы мен артуы, сонымен қатар жанұя деңгейіндегі медициналық-әлеуметтік мәселелердің шешілуі тікелей байланысты болады.
Бүгінгі күні аймақтық дәрігерлердің 70 пайызы жалпы тәжірибелік дәрігерлері құрап отыр. Нейрохирург, психолог, кардиолог (балалар және ересектер), гирудотерапевт, иглотерапевт, балалар невропатологы, балалар хирургі, нарколог, уролог, жұқпалы аурулар, эндокринолог кабинеттері, 2015 жылдан бастап балалар стоматологы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда емханада 2 терапиялық, 2 хирургиялық стоматологиялық қондырғылар және №204 мектепте балаларды емдеуге арналған 1 стоматологиялық қондырғы орнатылып, жұмыс жасауда. Сонымен бірге биылғы жылы дені сау бала кабинеті, жанұяны жоспарлау, ана мен бала кабинеті, ресурстық кабинет өз жұмысын жалғастыруда. Осы жұмыспен қатар аймақтық дәрігер мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен орта буын қызметкерлері қалыпты ыңғайлы жағдайда жұмыс жасау үшін 2015 жылдың қазан айында жаңа ғимаратқа көшіріліп, 18 кабинет ашылған. Оның ішінде лор дәрігері мен көз дәрігері кабинетінің ортасында кіші ота жасау бөлмесі жасақталды. Жаңа ғимаратқа көшуге байланысты ПОР, жұқпалы аурулар және фильтр кабинеттері емхана ішіне орналастырылды. «Д» есебінде тұрған науқастарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес тегін дәрі беру мақсатында дәріхана ашылып, жұмыс жасауда. Сонымен бірге скрининг өткізетін кабинет, статистикалық кабинет сәйкестендіріліп, шешімін тапқан.
Амбулаториялық көмек бағдарламасына сәйкес емхана мен тіркеу орны толық комьютермен жабдықталған. Кабинеттер ішкі желілік байланыс қызметімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жақын арада психолог маманының қатысуымен «Жастар денсаулық орталығын» ашу жоспарлануда.
Ауруханада дәрігер мен емделуші арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне зор көңіл бөлініп келеді. Медицина саласына маманданған психолог жұмыс істейді. Психологиялық бағытта бірнеше семинарлар, тренингтер өткізілген. Тарихы тереңге бойлаған ауруханада ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұжым дәстүрі бар. Содан ажырамау назарда ұсталып келеді екен. Сонымен қатар ауруханада тәлімгерлік тәрбие жолға қойылған. Ұзақ жылдар осы мекемеде жұмыс істеп, зейнеткерлікте жүрген дәрігерлер және мейірбикелермен кездесу ұйымдастырылып, олар жас мамандармен өз кеңестерімен бөлісіп келеді.
Қазалы теміржол ауруханасының адами ресурстары кадрлар саясатында белгіленген стратегиялық ресурс болып табылады. Мекеме қызметкерлерді жалдау, оқыту, уәждеу және олардың кәсіби деңгейін арттыру, сонымен қатар ең үздік еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі кадрлар саясатын қолдану арқылы ең үздік кәсіби мамандар командасын құруға бет алған.
Денсаулық сақтау ұйымындағы қызметкерлердің жалпы саны 375 адам, оның ішінде дәрігерлер 46, қоса жұмыс атқаратын дәрігерлер 10, 8 дәрігер жоғары санатты маман, орта медициналық қызметкерлер саны 177, кіші медициналық қызметкерлер 70. Дәрігерлер санаттылығы 45 пайызды құрайды. Ал биылғы жылы дәрігерлердің санаттылығы 60 пайызға жеткізіледі деп көзделуде.
Аурухананың жоспарлы қуаты 140 орынға есептелген, іс жүзінде 100 төсек орны жұмыс жасауда, оның ішінде хирургиялық, гинекологиялық, терапиялық, неврологиялық, балалар және стационар алмастырғыш күндізгі бөлімдер жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ кеңес беру-диагностикалық қызмет көрсету үшін бір ауысымда 350 келушіге арналған емханасы жұмыс жасайды.
Теміржол ауруханасы Қазалы ауданының тіркелген халқына, Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарында тұратын теміржолшыларға, олардың жанұяларына, теміржолшы зейнеткерлерге көпсалалы мамандандырылған, алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Компьютерлік томограф аппаратымен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласының тұрғындарына тәулік бойы тегін және ақылы түрде тексерулер, УДЗ аппаратымен стационарлық науқастарға ақысыз қызмет көрсетіліп, ай сайын 350-400 зерттеулер жүргізіліп келеді. Бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға гемодиализ бөлімінде "ІD Senіm” фирмасымен келісім-шарт негізінде 5 аппаратпен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласының тұрғындарына ем-шара жасалады. Аурухананың нейроинсульттік және ерте оңалту бөлімшесі қызметін тек Қазалы ауданының тұрғындарына ғана емес, көршілес Арал және Қармақшы аудандарының тұрғындарына да көрсетеді.
Өткен жылы теміржол ауруханасының атқарған жұмыстарына зер салар болсақ, аймақта туберкулез ауруымен науқастану 100000 халыққа шаққанда 47,2 (2014 жылы-66,4), аурушаңдық салыстырмалы түрде 28,6 пайызға төмендеген. Қатерлі ісік аруларымен науқастанулар (75,5) мен олардың себебінен болған өлім-жітім (0,5) біршама өскен, алайда сырқаттың соңғы деңгейіне өсуіне жол берілмеген. Кәрілік салдарынан болатын өлім-жітім (0,9) деңгейі 1,3 есеге, ас қорыту ағзаларының аурулары (0,09) мен бүйрек пен зәр шығару жолдарының ауруларынан (0,0) болатын өлім-жітімдер 2,5-3,0 есеге дейін азайған.
2015 жылғы скринингтік бағдарлама бойынша профилактикалық медициналық тексерулер жоспары 8533 (2014 жылы- 10889), орындалғаны- 8406- 98,5 пайыз (2014 жылы- 11056- 101,5 пайыз), табылған науқас -443- 5,3 пайыз (2014 жылы 415, яғни 3,8 пайыз). Есепті жылы аталмыш тексерулер біраз көрсеткіштер бойынша науқастарды анықтау сапасы жақсарған. Атап айтқанда, табылған науқастардың саны қан айналым жүйесі аурулары бойынша 10,4-тен 13,7 пайызға (298 адам), әйелдердің жатыр мойнының қатерлі ісігі бойынша 9,9-дан 11,7 пайызға (43адам) және сүт безінің қатерлі ісігі бойынша 7,9-дан 9,6 пайызға (38 адам), ерлердің қуық асты безі обыры бойынша 0,0-ден 2,4 пайызға (7 адам), қант диабеті бойынша 0,4-тен 2,3 пайызға (37 адам), глаукома бойынша 0,1-ден 0,5 пайызға (10 адам) дейін артқан. Анықталған науқастардан 439 адам, яғни 99,9 пайызы диспансерлік есепке алынып, оның 407-і (92,7 пайызы) сауықтандырылған.
Жуырда аймақ басшысы Қ.Көшербаев, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы А.Әлназарова және аудан әкімі Н.Шамұратов аурухана ішін аралап, оның жұмысына қанық болды. Облыс әкімі ауруханадағы соңғы жетістіктерге, оның ішінде жаңа аппараттар мен бөлімшелердің ашылғанына көңілі толып, ризашылығын білдірген. Сондай-ақ ауруханадағы кейбір медициналық қызмет түрлерінің аудан, тіпті облыс орталығында жоқ екенін еске салып, мүмкіндікті толығымен пайдалану қажет екенін ескерткен. Сонымен қатар алдағы уақытта да мамандар біліктілігін және қызмет сапасын арттыра беру қажет екенін жеткізген.
"Бірінші байлық денсаулық” демекші, қайсыбіріміздің болмасын басты байлықты сақтауға таласымыздың бары анық. Осы орайда денсаулықты күту барысында білікті маманнан кеңес алып, жаңа талаптарға сай денсаулық ұйымдарында ем қабылдауды қалаймыз. Бүгінгі таңда халықтың сұранысына сай білікті де білгір мамандармен, заман талабына сай құрылғылармен қамтамасыз етілген денсаулық сақтау ұйымдарының бірі Қазалы теміржол ауруханасы. Жанына медеу, сырқатына шипа іздеген қазалылықтар осы күні Қазалы теміржол ауруханасынан ем алуды жөн санайды екен. Оған басты себеп аурухана облыста немесе республикалық емдеу орталықтарында кездесетін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен және өз ісінің білгір мамандарымен жасақталған. Аурухана тек қазалылықтар үшін емес, сонымен бірге Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарының да денсаулығын жіті бақылап келеді.
Д.МАХАНОВА
http://qyzylorda.info/index.php/densaulyq/item/1746-tarikhy-tere-azaly-temirzhol-aurukhanasy
Аурухана жетістігі облыстық медициналық газетте
Аурухана жаңа қондырғылармен толыға түсті
Ресми бекітілмесе де, ел ішінде «ауданаралық аурухана» атауына ие болған «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ «Қазалы темір жол ауруханасы» Қазалы ауданымен қатар көршілес Арал және Қармақшы аудандарының тұрғындарына да жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Өйткені аты аталған аудандарда жоқ компьютерлік томография, жоғары дәлдіктегі УДЗ, «С-Дуга» заманауи рентгендік аппараты, гемодиализ, плазмаферез, барокамера және т.б. медициналық жабдықтар, зертханалық аспаптар тек осы ауруханада. Оған қоса бұл жабдықтармен жұмыс істей алатын мамандар да дайындалған.
Жыл басында Қазалы темір жол ауруханасы Қазақстан Республикасының электрондық желісі республикалық орталығына, яғни телемедицинаға қосылды.
Елімізде телемедицина 2004 жылдан бастап қолданысқа енгізілген. Алғашында жер үсті ақпарат алу-беру құралдары арқылы байланыс жүргізілсе, бүгінде жер серіктік арналармен ақпарат алмасу атқарылады. Телемедицинаның бір тиімділігі кезек күттірмес, шұғыл жағдайларда дәрігерлер науқас адамды тасымалдамай-ақ күмәнді диагноздың шешімін алыстағы әріптестерімен ақылдасып дәл таба алады.
Ауруханадағы телемедицина қондырғысы арқылы 14 облыстық ауруханамен, оның ішінде Қызылорда облыстық медициналық, перинаталдық орталықтармен, 140 орталық аудандық ауруханамен, 14 республикалық клиникалық орталықпен, ғылыми-зерттеу институттарымен және 15 денсаулық сақтау басқармасымен сапалы тікелей байланыс орнатуға қол жетті.
Филиал директоры Қ.Ршымбетовтың бастамасымен жүзеге асқан ауруханадағы телемедицина еліміздегі 198-ші қондырғы, ал темір жол ауруханаларының ішіндегі – алғашқысы.
Аурухананың медицина қызметкерлері енді бұл қондырғының нәтижесінде республикалық, облыстық жиналыстарға, басқосуларға, бейнеконференцияларға он-лайн режімде қатысу мүмкіндігіне ие болды. Телемедицинаның жұмысының ырғақты жүруі үшін жауапты үйлестіруші дәрігер және бағдарламашы бекітілген.
Сондай-ақ ауруханада нейроинсульттік және оңалту бөлімшесі ашылған. Нейроинсульттік науқастарға қажетті жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар мен құрылғылар алынған. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы нейрохирургиялық операциялар жасауға бейімделген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 6 төсекке кеңейтілді, арнайы қондырғылармен жабдықталған нейрохирургиялық операциялардан кейінгі 4 төсектік палата ашылды.
Офтальмологиялық кабинетке саңылаулы шам алынды.
Наурыз айының басында аурухана жұмысымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев танысып, аурухана жұмысына жоғары баға берді.
Алтынкүл Асхатқызы ДӘРІБАЙ,
аурухана директорының емдеу
істері бойынша орынбасары
Дәрiгер, науқастармен сыпайы сөйлес
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi алғашқы медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастырудың қалыпты өлшемдерiн бекiттi.Онда халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастырудың талаптары нақтыланды. Нақтырақ айтқанда, онда жазылған әрекеттер алгоритмiне сәйкес, учаскелiк терапевттер, жалпы тәжiрибедегi дәрiгерлер, фельдшерлер мен медбикелер науқаспен жылы шырайда амандасып, онымен сенiмдi қарым-қатынас орнатуы тиiс, сонымен қатар, сыпайы түрде қоштасуы керек.Мұнымен бiрге, медициналық жұмысшылар науқасты қабылдап, қарардың алдында қолын жуып, қажет болғанда бетперде киюi қажет. Бұл ереже әлеуметтiк жұмысшыларға да қатысты.
http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/16923.html
«Мәңгілік ел» пойызы Сыр еліне келіп жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мәңгілік ел» пойызы Қызылордаға келіп жетті, деп хабарлайды 24.kz.
Жалпы, республикалық акция аясында өңірге табан тіреген топ құрамын сырбойылықтар сән-салтанатымен қарсы алды. Таңсәріден теміржол вокзалы ән-мен жырға бөленді. «Мәңгілік ел» идеясын дәріптеген делегация мүшелері тұрғындармен кездесіп, Елбасы Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында 25 түрлі медициналық қызмет көрсетілді. Білікті дәрігерлер тұрғындарға пайдалы кеңестен бөлек республикалық ауруханаларға жолдама берді. Сондай-ақ делегация мүшелері Достық үйінде өткен «Бейбітшілік және келісім үлгісі - Қазақстан бренді» атты жиынға қатысты. «Мәңгілік ел» пойызының өкілдері қайырымдылық шарасына да қатысып, мүмкіндігі шектеулі 30 балғынға киім-кешек сыйлады.
http://inform.kz/kaz/article/2880329
Қазалы теміржол ауруханасы жаңа құралдармен жабдықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы теміржол ауруханасы толықтай жаңа медициналық құралдармен жабдықталды. Жаңа құрылғылар эндоскопия, биохимия, аудиометрия зерттеулерін және басқасын жүргізуге мүмкіндік береді. Аурухана жұмысымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев танысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Теміржол ауруханасы жергілікті ауданның тұрғындарына және Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарында тұратын теміржолшыларға, олардың жанұяларына, теміржолшы зейнеткерлерге көпсалалы мамандандырылған, алғашқы медико-санитарлық, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді. Мұнда кәсіби деңгейі жоғары дәрігерлер жұмыс жасайды. Өткен жылы 2 385 емделушіге қызмет көрсетілді.
- Осы құрылғылардың арқасында өт қалтасына және кистомаға, аппендицитке лапароскопиялық жолмен, компьютерлік томограф, УДТ және «С-дуга» рентгендиагностикалық кешені көмегімен оталар жасау енгізілді, барлық клиникалық биохимиялық сараптамалар анализаторларда жасалады. Сондай-ақ реанимациялық бөлімшеде шұғыл науқастарға қысқа мерзімде диагноз қою мен оларды уақытылы емдеуге мүмкіндік туды, - дейді аурухананың бас дәрігері Құбыл Ршымбетов.
Айта кетейік, биылдан бастап ауруханада нейроинсульттік және оңалту
бөлімшесі ашылмақ. Қазірдің өзінде нейроинсульттік науқастарды дер кезінде
қабылдап, жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар мен
құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, тасымалдауға арналған арбалармен және
лифтімен толық жабдықталған. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы
нейрохирургиялық операциялар жасау үшін дайындалып, арнайы жабдықтармен
қамтамасыз етілген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 6 төсекке
кеңейтіліп, осы заманғы қондырғылармен жабдықталған нейрохирургиялық
операциялардан кейінгі 4 төсектік палата ашылды.
Автор:Елубай Әуезов
http://inform.kz/kaz/article/2877731
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың аурухананы аралауы (фото)
Облыстық басқарма басшысы А.Ш. Әлназарованың аурухананы аралауы (фото)
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тегін қызмет көрсетуге аттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 ақпанда Қарағандыдан шағын стансылар мен оларға жақын маңдағы ауылдарға қызмет көрсету мақсатында «Саламатты Қазақстан» консультациялық-диагностикалық медициналық пойызы аттанды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.
Биылғы жылдың алғашқы сапарында пойыз дәрігерлері Қарағанды облысының 19 стансасын аралайтын болады. 15 ақпан мен 16 наурыз аралығында денсаулық пойызы Қарағанды облысының елді мекенінде мына кесте бойынша болады:
Теректі стансасы (16 ақпан 00.28), Түйемойнақ (17 ақпан, 00.10), Шұбаркөл (18 ақпан 04.20), Қызылжар (20 ақпан, 01.00), Жеңіс (22 ақпан, 06.50), Жомарт (23 ақпан, 21.25), Мыңадыр (25 ақпан, 21.50), Қаражал (27 ақпан, 00.47), Атасу (28 ақпан, 23.15), Жарық (2 наурыз, 00.37), Дәрия (3 наурыз, 20.48), Қарамұрын (5 наурыз 22.55), Қарабас (6 наурыз, 20.24), Шоқай (9 наурыз, 05.56), Көкпекті (9 наурыз, 21.32), Ащысу (10 наурыз, 23.55), Саумакөл (12 наурыз, 01.30), Бүркітті (12 марта, 23.00), Қарағайлы (13 наурыз, 23.30).
Пойыздың стансалардағы аялдамасы 18 сағаттан кем болмайды. Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар пойыз кестесін елді мекендерге алдын ала хабарлап, жұртшылықты ақпараттандырып тұратынын алға тартады.
Медициналық пойыз қажетті барлық диагностикалық аппаратуралармен жабдықталған, онда халыққа жоғары білікті медициналық 18 дәрігер маман қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, ауыл халқына кепілдендірілген медициналық көмекке жатпайтын тегін стамотологиялық көмектер де қарастырылмақ.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы екі маңызды әлеуметтік міндетті шешеді. Бұлар медициналық қызметтің жалпыға қолжетімділігі және азаматтардың тұрған өңіріне қарамастан сапалы медициналық қызметтер ұсыну», - деді Руслан Иманқұлов.
Автор:Қанат Мәметқазыұлы
http://inform.kz/kaz/article/2870135
Табысқа жетудің кілті – басқару психологиясын білуде
Облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандардың бірінде болғанымен, өз әлеуеті бойынша облыстағы іргелі алдын алу-емдеу мекемелерімен терезесі тең дәрежеде медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан емдеу орындарының бірі - «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік Қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы». Аурухананың табысқа жетуінде басшының ұйымдастырушлық қабілетінің, оның басқару психологиясын қаншалықты меңгеруінің рөлі зор. Осы ретте филиал директоры, жоғары санаттағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы, бірнеше мемлекеттік марапат иесі Құбыл Ршымбетовтен практикалық психология, оның ішінде басқару психологиясы туралы ой бөлісуін өтінген едім. Екеуара болған қысқаша сұхбатты газет оқырмандарының назарына ұсынамын.
-Құбеке, сіздің өміріңіздегі және мекеменің табысқа жетуіндегі психологияның алар орны қандай?
-Өзің білесің, жоғары болсын, орта болсын, біз оқыған кездегі медициналық оқу орындарында психологияға, оның ішінде медициналық психологияға жете көңіл бөлінген жоқ. Тек қазір ғана, онда да бірінші курста "коммуникативтік негіздер” бойынша дәріс оқылады.
Біз тек адамның тәнін ғана терең оқыдық. Ал жан мәселесімен психиатрия айналысады деп мән берілмеді. Онда да оның патологиясымен, яғни бүлінуімен. Алайда адам тек тәннен емес, жаннан да тұрады ғой. Оның бір-біріне әсері орасан зор. Бір кездері менің рефлексотерапиямен (ел арасында "алтын ине” деп аталады) шұғылдануыма тура келді. Онда мықты денсаулықты жан мен тәннің тепе-теңдігі, яғни гомеостазы деп қарастырады. Мен өз басым психологияға қатты қызығамын. Оны мүмкіндігімше өз өмірімде, қызметімде пайдалануға тырысамын.
-Оныңыз рас. Облыстағы қаншама алдын алу-емдеу мекемелерінің басшыларының арасында сіз ғана "Сыр психология әлемі” газетінің мәнін түсініп, өз қызметкерлеріңізге арнап жыл сайын 100 дана газетке қаржы бөліп, жаздырып аласыз. Бұл әрекетіңіз олардың да психологияға қызығуын тудыруды көздеуден туған болар...
-Иә, әрбір дәрігер өз алдына келген науқастың тәнін ғана емес, жанын да емдеуге тырысуы керек. Сол үшін ауруханада психолог маманын да ұстап отырмын. Апаттар медицинасында психологиялық шұғыл жағдайларда сауатты психологиялық көмек көрсету аса қажет. Сен шығаратын газетте шет елдік психологияның озық тәсілдері қазақ тілінде баяндалады. "Медициналық психология” айдарымен берілетін материалдардың кез келген медицина қызметкеріне берері мол деп есептеймін. Сондай-ақ ауруханаға келген кездеріңде өзің жүргізген практикалық психология бойынша семинарларың да қызықты.
-Құбеке, өзіңіздің тікелей қызметіңізбен байланысты басқару психологиясы туралы жеке пікіріңізді білсек...
-Менің өмірімнің басты бөлігі басшылық қызметте өтіп келеді. Егер басшының басқару психологиясынан мағлұматы болмаса, оның мекемесінің табысқа жетуі қиынырақ. Басқару психологиясының кейбір қыр-сырын өмірден терең ұқтым. Әрине, теория да керек. Ал практика мықтырақ. Бүгінде "айқайлап, бақырып бастық бола алмайсың”. Өз қызметкерлеріңді ортақ іске жұмылдыру, олардың ықпалды жұмыс істеуіне жағдай жасау, жан дүниесін, ішкі сарайын түсіну, сапалы жұмыс істеуге түрткі жасау және т.б. тәсілдердің қолданылуы қажет.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қиын кезең еді ғой. Сол кезде темір жол желісінде бірнеше үй босады. Мен басшылардың көзін жеткізе отырып, жас маман дәрігерлеріме сол үйлерді алып бердім. Олар қазір мен басқаратын ауруханада табысты еңбек етіп жатыр. Сондай-ақ мекеме қаржысын жұмсап, жас мамандарды оқыту ісі де ойдағыдай жүруде. Олар оқуларын бітірген соң осы ауруханада қызмет ететін болады.
Кейде отбасында жағдайы жоқ қызметкерлердің үйіне өзім барып, отбасы мүшелерін түсіністікке шақырамын, оларға өз маманымның қаржы әкеліп отырғанын, оның жағдайы болмаса, жұмысына кедергі келетінін ұғындыруға тырысамын.
Әрине, ұжымдағы психологиялық ахуал күрделі және күрмеулі болса, оның жұмыстың ойдағыдай жүруіне үлкен көп кедергісі бар. Сол себепті кикілжіңді, дау-жанжалды реттеу техникасын, басқару психологиясының қазіргі заманғы жетістіктерін ізденіп жүріп меңгеремін.
-Әңгімеңізге рахмет! Жұмысыңызға табыс тілеймін.
С.СМАҒҰЛҰЛЫ,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
"Сыр психология әлемі” республикалық газеті,
желтоқсан 2015 жыл
Аурухананың Тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстары (қысқаша шолу)
1904 жылы негiзi қаланған Қазалы темір жол ауруханасының ел егемендігі жылдарында толағай табыстарға жетіп, Сыр өңіріндегі іргелі емдеу-алдын алу ұйымының біріне айналғанының куәсі боламыз.1996 жылы аурухана жаңа ғимаратқа көшіп, медициналық қызметтің аясы кеңіп, жаңа медициналық қызмет түрлерін практикаға енгізуге қол жетті. Осы жылдары жаңа үлгідегі ЭКГ, УДЗ, ФГДС, УЗДГ, ИФА, эндовидеолапароскопиялық аппаратура, барокамера, маммограф, КТ, ультрадыбысты доплерограф, гемодиализ, плазмаферез, нейрохирургиялық және травматологиялық операция жасауға арналған жабдықтар және т.б. алынып, емделушілерге көрсетілетін қызмет сапасы анағұрлым артты. Аурухана зертханасында жасалатын талдаулар ауқымы кеңейді, онда клиникалық-диагностикалық, бактериологиялық, биохимиялық, иммундық-ферменттік талдаулар атқарылады, бір атап өтерлігі,тіпті Қазалы ауданы ғана емес, көршілес Арал және Қармақшы ауданының тұрғындарына да лабораториялық көмек беріледі.
Жансақтау бөлімшесі орталықтандырылған оттегі беру жүйесімен, барокамера, инфузиялық шприц, насос аппараттары, басқа да озық технологиялармен жасақталған.
Бесінші квартал аймағында "Апаттар медициналық темір жол госпитальдары” АҚ Қазалы теміржол ауруханасының жаңа филиалы пайдалануға берілді. Бұған дейін тұрғындар үшін емхананың шалғайлығы күрделі мәселеге айналған болатын.
Аурухана 35-49 жас аралығындағы әйелдердің
сүт безі ауруларының алдын алу мақсатында Италияда шығарылған «Melodv» маркалы
мамограф аппаратымен, жүктіліктің 20 аптасынан бастап шарананың түрлі жұқпалы
аурулары мен кемістіктерін, сондай-ақ ересектер арасындағы түрлі жұқпалы
ауруларды анықтайтын т.б. функциялы Австрияда шығарылған ИФА аппараты, бас, ми
қабатының жабық және ашық жарақаттарынан кейінгі өзгерістер, бас, ми қысымының
жоғарылауы, жедел және ми қан айналысының, т.б. бірқатар қан тамырлары, қан
айналысының бұзылысы сипаттағы ауру түрлерін анықтайтын АҚШ-та жасалған
«Nicolet Companion» маркалы ультрадыбысты доплерограф аппараты, Жапондық сандық
УЗИ, гастрофиброскоп, плазмафарез, Ресейде жасалған заманауи үлгідегі
электрокардиограф аппараттары, Қытайда жасалған автоматты гемотологиялық
сараптама, жартылай автоматты биохимиялық сараптама т.б. жабдықтармен
қамтамасыз етілген.
Аурухана бөлімшелерін түгелдей айтпағанда, бір ғана ірі құрамдас бөлімі – хирургиялық бөлімшедегі ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге қол жетті. Атап айтқанда, онда өт жолдарына, қарынға, тоқ ішекке және т.б. маңызды ағзаларға лапароскопиялық операциялар табысты жасалуда. Оған қоса жоғары мамандандырылған көмек – жамбас буынын ауыстыру, тізе, сан, иық сүйектерінің сынығындағы біріктіру операциялары жүргізілуде.
Операциялық блок екі залдан тұрады. Олар бейнелапароскопиялық құрылғымен, жалпы хирургиялық және травматологиялық аспаптар жиынтығымен жабдықталған.
Жылма-жыл "Денсаулық” поезы жылжымалы емхананың рөлін атқарып, медициналық қызметпен аз қамтылған аудан орталықтарынан алыс орналасқан елді мекен тұрғындарына білікті медициналық көмек алуға мол мүмкіндік береді. Мың жарым-екі мыңдай тұрғын заманауи талапқа сай медициналық қондырғылардан тексеруден өтіп, сала бойынша маманданған дәрігерлерден дертіне байланысты кеңес алады.
Емханада облыс орталығындағы емдеу мекемелерінде ғана кездесетін тар салаға маманданған дәрігерлер шоғарыландырылған. Бұл өз кезегінде емделушілерге алысқа бармай-ақ, білікті маманданған медициналық көмек алу мүмкіндігі деген сөз.
Ауруханада сондай-ақ 2008 жылдан ақылы емдеу бөлімінің қызметі жолға қойылды. 10 төсектік ақылы емдеу бөлімінде терапиялық, травматологиялық, неврологиялық науқастарды оңалту шаралары жасалады.
Аурухананың физиотерапия бөлімі 2010-2011 жылдары жаңа типті жабдықтармен жабдықталды. Сумен емдеу бөлімінде әртүрлі тұздармен, емдік шөптермен емдеу шаралары жүзеге асырылады. Емдік денешынықтыру бөлімі қажетті велосипед, жүгіру жол, швед қабырғасы және т.б. тренажерлермен қамтамасыз етілген.
2010 жылдан бастап компьютерлік бағдарлама және «Портал» арқылы ауруханаға жатқызу бағдарламасы арқылы жұмыс жасалуда. Аурухана бойынша өткізілетін медицианлық кеңестер, семинар-сабақтар мәжіліс залында – интербелсенді тақта арқылы өткізіледі.
Аурухана ғимаратына соңғы кезде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде емделушілерге көрсетілетін қызмет сапасы анағұрлым жақсарды.
Алтынкүл ДӘРІБАЕВА,
филиал директорының орынбасары