МӘМС: АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТОЛЫҚ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастайды. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ төрайымы Е. Бахмутова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Әлназарова аймақта атқарылған жұмыстарды саралады.
Акционерлік қоғам басшысының сөзінше қор жұмысын жасақтау үшін шамамен 8,5 млрд. теңге қажет. Қоғам шоты Ұлттық банкте болады және қаржы тек медициналық қызметтерге жұмсалады. Қор қаржыны бақылайды, қажет болған жағдайда тексерік жүргізе алады.
–Осы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енетін Заң талаптарына орай жұмыс берушілер қызметкерлер үшін олардың жалақысының 1% мөлшерінде аударымдар төлейтін болады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға мемлекет қосылады. Ал 2019 жылдан жалдамалы жұмысшылар да бұл жарнаны төлеуді бастайды, – деді Е. Бахмутова
Аймақта міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары облыс басшысы бекіткен жоспар бойынша жүргізіліп, бүгінде оның бірінші кезеңі аяқталды. Облыс көлеміндегі барлық медициналық ұйымдарда кездесу өткізіліп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Әлназарова екінші кезең бойынша да облыстық, қалалық және аудандық штаб мүшелері тұрғындар арасында түсіндірме жасап жатқанын жеткізді. Бүгінге дейін аймақтағы 736 247 тұрғынның мәліметі жиналып, 156 096 отбасына ақпараттық парақшалар таратылған.
http://syr-media.kz/news/m-ms-ajma-t-r-yndaryna-toly-a-parat-berildi/"Денсаулық" медициналық пойызы Қызылордада
"Денсаулық" медициналық пойызы Қызылорда облысы тұрғындарына көмек көрсетуде. Кестеге сай бірінші аялдама - "Сексеуіл" бекеті болды. Мұнда "Денсаулық" медициналық пойызының дәрігерлері тұрғындарды 14-17 маусым аралығында қабылдады, содан соң "Абай" бекетінде жұмысын жалғастырады.Әрі қарай дәрігерлер бригадасы Арал тұрғындарына қызмет көрсетуге кірісті. Пойыз бұл бекетте 21-24 маусым аралығында болады. Облыс көлемінде шалғайда орналасқан 28 темір жол бекеті мен жол айырығының тұрғындары темір жолдың жылжымалы дәрігерлер бригадасының қызметіне жүгіне аладаы.
Жалпы "Денсаулық" пойызы мамандары арқылы темір жол бекеттерінің тұрғындары екі ай бойы, яғни 17 тамызға дейін дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңес және жақын жердегі медицина орталықтарында әрі қарай емделуге жолдама алады.
"Денсаулық" медициналық пойызының 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог,окулист,ЛОР, гинеколог, хирург,уролог, стоматолог мамандары бар.
Айта кету керек, "Денсаулық" пойызы өз жұмысын ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Маңғыстау облысының "Тұрыш" бекетінен бастады, пойыз өз жолында Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады, содан соң 2017 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысында жұмысын аяқтайтын болады.
Медпойыз дәрігерлері демалыссыз жұмыс істейді және барлық қызмет тегін көрсетіледі.
Мамандандырылған медицина пойыздары - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.
"Денсаулық" пойызы "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде республикалық байқауында "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы "Қазақстандағы Жыл таңдауы №1" халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
«Сыр бойы» газеті.
22 маусым 2017 жыл.
«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» - АРАЛ ҚАЛАСЫНДА.
Мемлекеттің басты байлығы - адамның денсаулығын нығайту, әрбір
қазақстандықтың қолжетімді дәрігерлік қызметпен қамтылуын қамтамасыз ету екені
белгілі. Осы
мақсатта сапарға шыққан «Денсаулық» пойызы Арал қаласына да аялдады. Қала әкімі
Б.Махатов пойыз дәрігерлеріне сәттілік тілеп, қала тұрғындарына сапалы
медициналық көмек көрсетіңіздер деген жылы лебізін білдірді.
«Денсаулық» пойызы Арал қаласына 4 күн аялдайды.
Құрамы 18 маманмен жарақталған дәрігерлер бригадасы
алдымен тұрғындарды тіркеуден өткізіп, кейін денсаулығын тексереді. Дәрігерлік
құрамда: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург,
маммолог, тіс дәрігерлері болса, поезд клиникалық-диагностикалық, рентген және
басқа да керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Емделушінің денсаулығы туралы
жиналған мәліметтердің барлығы орталық серверге түседі, сол себепті, нақты
санақ жүргізіледі.
Құрметті қала тұрғындары!
«Денсаулық» медициналық пойызына қаралу үшін жеке
куәлік, балаңызды көрсететін болсаңыз туу туралы куәлік (ИНН) болуы қажет.
Пойыз 25 маусымға дейін тұрады, жұмыс уақыты: 09:00
бастап 18:00 дейін. Түскі үзіліс 13:00 бастап 14: 00 дейін.
Арал Қаласы Әкімінің Аппараты pan>теңгесінмедбикелергетаратыпберугеболады
ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Бүгін Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жоғары жетістіктерін атап өтті.
-Атқарылған жұмыстың нәтижесі көрсеткіштермен бағаланады. Өңірімізде өмір сүру ұзақтығы 71,9 жасқа жетті. Ана өлімі 86,6 пайызға, сәби өлімі 2,5 есеге төмендеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастану мен өлімі 6 пайызға, қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі 8,4 пайызға, туберкулез 10,3 пайызға азайды. Жасыратыны жоқ, осыдан бір-екі жыл бұрын республикалық көрсеткіштердің алдыңғы орындарын бермей келдік. Қазір ана мен сәби өлімі көрсеткіштері бойынша республикада 9 орынға тұрақтадық. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында жүздеген, тіпті мыңдаған жанның құтқарылғандығының дәлелі, -деді аймақ басшысы.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев медицина саласының ең үздік қызметкерлерін марапаттады.
https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15614-yzylordada-medicina-yzmetkerler-kn-atalyp-tt.htmlДиабет орталығы ашылды
Бүгін облыстық медицина орталығында диабет
орталығы ашылды. Мұнда сусамыр дертіне шалдыққан қызылордалықтарға кешенді ем
жасалады. Орталықтың ашылу салтанатына облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемов,
облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзағалиева,
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эндокринология кафедрасының меңгерушісі Ж..Абылайұлы,
ҚР диабетологтар ассоциациясының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы
С..Тлеулесова қатысты. Шара ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.
Халықаралық диабет федерациясының мәліметі бойынша, әлемде 420 миллионнан астам
адам осы дертке шалдыққан. Оның тең жартысы 20-60 жас аралығындағы азаматтар,
Жер бетінде әр секунд сайын бір адам диабетке шалдықса, 7 секунд сайын бір адам
осы аурудан көз жұмады.
Ресми емес дерекке сәйкес, елімізде бұл кеселге душар болғандар саны 600 мыңнан
асады. Осы ретте, қандағы қант мөлшерін жиі тексеріп, денсаулықты күту
қажеттігін естен шығармаған жөн.
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ӨЗГЕРЕДІ
Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру бойынша заң жобасыменмөлшерлемелерді және аударымдармен жарналарды есептеу нысандарын өзгерту, сондай-ақ төлеушілердің жаңа санаттарын, олар үшін жарналардымемлекет жүзеге асыратын адамдардың жаңа санаттарын енгізу, Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қорының жұмысын ұйымдастыружәне міндетті әлеуметтіксақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесіндедәрі-дәрмекпен қамтамасызету мәселелері тұрғысындатүзетулер қарастырылып отыр», — деді ҚР Денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов заң жобасын таныстырубарысында.
Оның сөзіне қарағанда, елдегі макроэкономикалық жағдайға байланысты, сонымен бірге жұмыс берушілерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында Ұлттық экономика министрлігі жұмыс берушілердің аударымдарының деңгейін төмендету, жеке кәсіпкер жарналарының мөлшерін бекіту ұсыныстарын енгізген болатын.
«Мемлекеттің қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мөлшерін 2018 жылдың 1 қаңтарынан 3,75 процент, 2019 жылдың 1 қаңтарынан 4 процент деңгейінде бекіту ұсынылады. Жұмыс берушілердің сақтандыру аударымдары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 1 пайыз, ал 2018 жылғы 1 қаңтардан 1,5 пайыз болуы ескерілген. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жарналары ең төменгі екі жалақыдан 5 пайызды құрайды», — деді министр. Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жарналардың мемлекет төлейтін адамдар санатында 4 жаңа санатты қосу ұсынылады. Осы орайда жұмыс істемейтін 18 жасқа дейін мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын азаматтар, жұмыс істемейтін оралмандар, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, үш айдың ішінде орта техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейін білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдар қамтылып отыр. Белгілі болғандай, аударымдар және жарналар төленбеген жағдайда МЭМС жүйесіндегі медициналық көмекке азаматтардың құқығы бойынша норма нақтыланады. Бұдан басқа, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қордың күтілмеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру мен пайдалану және оларды бекіту тәртібін әзірлеу бөлігіндегі құзыреті толықтырылады. Сонымен қатар әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету тетігі ретке келтірілді.
http://qarmaqshy-tany.kz/leumettik-meditsinaly-sa-tandyru-zharnalaryny-m-lsheri-zgeredi/ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ДОНОР КҮНІНДЕ ҚАН ТАПСЫРДЫ
Әлем жыл сайын 14 маусымды дүниежүзілік донор күні ретінде атап өтеді. Биыл осы атаулы күнге орай Қызылорда облысы ТЖД ұжымы қан тапсырды. Жалпы облыстық төтенше жағдайлар департаменті, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ облыстық филиалы ұжымдары үшін донор күнінде қан тапсыру дәстүрге айналған.
Қызылорда облыстық қан орталығының дәрігер-трансфузиологы О.Жұбатқановтың сөзіне сүйенсек, осы күнге дейін қанды ауыстыратын қолдан жасанды зат табылған жоқ. Сондықтан донордың қаны көптеген адамдар үшін ажалдан аман қалудың бірден-бір жолы болып отыр. Бүгін 35 адам қан тапсырды. Акция жалғасуда.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы
https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15586-ttenshelkter-donor-knnde-an-tapsyrdy.htmlМӘМС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Биылғы жылдың 1 шілдесіненбастап міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілерөздері және қызметкерлеріүшін міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды аудара бастайды.
Жаңа жүйені өңірдегі ірі компанияларғатүсіндіру бойынша құрылған жұмысшы тобының құрамына Қызылордаоблысының кірістер департаментінің қызметкерлеріде кірді. Алғашқы кездесу «Торғай-Петролеум» АҚ қызметкерлерімен өтті. Топ құрамындағы облыстық балалар ауруханасыныңбас дәрігері К.Рысмұхамедова, №1 емхананыңбас дәрігері орынбасарыЛ.Әбдіразақова және Қызылорда облысы бойынша МКД түсіндіру жұмыстарыбасқармасының басшысы А.Айдыхановтар тарапынанмедициналық сақтандыру жарналарынтөлеу бөлігі бойынша жаңа ережелер түсіндірілді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру туралы» Заңы медициналық сақтандыружарналарын төлеу 1 шілдеден күшіне еніп, осыдан бастап жұмыс берушілер және дара кәсіпкерлераударымдарын төлеуді бастайды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға мемлекет пен халықтың белсенді емес бөлігі, ал2019 жылдың 1 қаңтарынан жұмысшылардыңөздері қосылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта занның жобасында жарналардыңтөлеу ставкалары мөлшерін төмендету бойынша өзгерістер карастырылыпотырғанын айта кету керек.
Осы жылғы 1 шілдеден бастап дара кәсіпкерлер де жарна төлеуді бастайды. Жаңа жобада кәсіпкердіңтабысына қарамай, екі төменгі жалақы көлемінің 5 пайызына тең стандарттыставка белгіленген.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жеңілдіктербелгіленген 14 санат бойынша төлей бастайды: олардың қатарында балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласы бар және 18 жасқа дейін мүгедек балаға күтім жасайтын әйелдер, жұмыс істемейтін оралмандар, сотталғандар, жұмыссыздар, студенттержәне үш ай көлемінде жұмыс іздеп жүрген университет түлектерібар. Бұл санатта елімізде 10 млн. адам бар. Ставкасы – еліміздегі 2016 жылғы орташа жалақы көлемінің 3,75 пайызы.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА
Қазалы ауданында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай спорттық ойын түрлерінен спартакиада өтті.
Спартакиаданың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев «Экспо – 2017» көрмесінің маңыздылығынатоқтала келе, спартакиадағақатысушы ақ халаттыларғасәттілік тіледі. Аудандық аурухананың бас дәрігері К.Әбілов шараның өткізілу мақсаты медицина қызметкерлерінің спортқа ынталылығын арттыру, олардың негізгі кәсіби жұмысымен қатар спортты да қатар алып жүретінін таныту екендігін жеткізді.
Спартакиадаға орталық аурухана, орталық емхана, Қазалы қаласының емдеу мекемелері, «Жетес би» мен «Болат жол» емханалары, перзентхана, ауылдық емханалар, барлығы 7 команда қатысты. Жарысқа қатысушылардың арасында хирургтар, жас мамандар, бас дәрігерлер де бар. Екі күнге созылған жарыста дәрігерлер қауымы арқан тарту, дойбы, қол күрес, волейбол, жүгіру, эстафеталықжарыс, мини футболдансынға түсті.
Жоғары деңгейде өткен жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте аудандық аурухана ұжымы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қазалы қаласының емдеу мекемелерінен құралған команда иеленсе, аудандық емхана ұжымы үшінші орынға тұрақтады.
Барлық жеңімпаз командаларға диплом мен арнайы кубоктар табысталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
http://qazaly.kz/meditsina-yzmetkerleri-arasynda-y-spartakiada/«Денсаулық» медициналық пойызы Қызылорда облысына жол тартты
«Денсаулық» медициналық пойызы Атырау
облысындағы жұмысын аяқтап, Қызылорда облысына бет алды. Кестеге сай бірінші
аялдама – Сексеуіл бекеті болмақ. Мұнда «Денсаулық» медициналық пойызының
дәрігерлері тұрғындарды 14-17 маусым аралығында қабылдайды, содан соң Абай
бекетіне барып, 18–20 маусым аралығында жұмысын жалғастырады. Ары қарай
дәрігерлер бригадасы Арал теңізі бекетінің тұрғындарына қызмет көрсетуге кіріседі,
пойыз бұл бекетте 21-24 маусым аралығында болады. Қызылорда облысындағы
шалғайда орналасқан 28 темір жол бекеті мен жол айырығының тұрғындары темір
жолдың жылжымалы дәрігерлер бригадасының қызметіне жүгіне алады.
Қызылорда облысындағы темір жол бекеттерінің тұрғындары екі ай бойы, яғни 21
тамызға дейін денсаулықтарын тексерту үшін дәрігерлердің тексеруінен өтіп,
қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңес және жақын жердегі медицина орталықтарында
ары қарай емделуге жолдама ала алады.
«Денсаулық» медициналық пойызының 8 вагонында науқастарды толық тексеруге,
амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық
жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған.
Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары
санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР,
гинеколог, хирург, уролог, стоматолог.
«Денсаулық» пойызы өз жұмысын 2017 жылы 21 сәуірде Маңғыстау облысының Тұрыш
бекетінен бастады, пойыз өз жолында Қазақстанның батыс және оңтүстік
аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады, содан соң 2017 жылы 20 желтоқсанда
Алматы облысында жұмысын аяқтайды.
Медпойыз дәрігерлер бригадасының бекеттердегі жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден
18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлер
демалмай жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз, барлық қызмет тегін көрсетіледі.
Жазда, жол үстіндегі бекеттерде, медицина пойызының жұмыс уақытында балаларға
арнайы алаңдар мен аттракциондар ұймдастырылады.
Жобаны жүзеге асырушылар: «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust»
әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының
қолдауымен.
http://syrboyi.kz/zedelnews/11907-densauly-medicinaly-poyyzy-yzylorda-oblysyna-zhol-tartty.html