«Жәрдем» пойызы жолға шықты

«Жәрдем» пойызы жолға шықтыТәні саудың-жаны сау. Бұл күні теңіз төскейінің перзенттері ақ желеңді қауымның қызметіне ризашылық білдірді. Оқырмандарға түсінікті болуы үшін оқиғаның желісіне тоқтала кетсек. Қазақстан халқы  Ассамблеясының, Конституциямыздың 20, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастыруымен консультативтік-диагностикалық пойыздары жолға шыққаны белгілі. Солардың бірі «Жәрдем» болатын. Осы бастамаға үн қосқан «Қазалы теміржол ауруханасы» ұжымы білікті дәрігерлер мен мейіркештерден жасақталған арнайы бригаданы 10 күн мерзімге көршілес Арал ауданына аттандырды.
Филиал директоры, медицина саласының үздігі Құбыл Ршымбетовтың айтуынша, «Жәрдем» пойызы озық үлгідегі аппарат құралдармен жарақталған. Олардың қатарында сандық флюограф, ЭКГ, стомотологиялық аппарат, тест таяқшаларымен жедел зертханалық зерттеу жасау, өзге де қызметтер қарастырылған.

Жұмабек Табынбаев
Қазалы ауданы.

«Сыр бойы» газеті
02 сәуір 2015 жыл «Жәрдем» пойызы жолға шықты

6-04-2015, 12:07

Ақ халатты жандарға ризамын

Ақ халатты жандарға ризамынІшкі құрылыс - асқазан мен бауырым мазалап, қаңтар айының ортасында теміржол ауруханасының терапия бөліміне түстім. Мұнда алғаш рет емделуім еді. Онда болған он күнде жақсы істерге көңілім сүйсінді. Іші тап-таза, шыбын даусы естілмес тыныштық. Әрбір науқастың бас жағында бір-бір қоңырау нүктесі орнатылған. Бассаң, қасыңа медбике келіп тұрады. Барлық жағдай жасалған. Ортада кезекшілікте отыратын медбикенің қарсы алдында «Тәкаппарлық Сізге жараспайды, ақылыңнан адасасың ұмытпа», «Сіздің әр қылығыңыз өзгелерге үлгі», «Не қиындық болса да қиналма», «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Сіз дәрігердің әрі досы әрі көмекшісіз» деген өсиет сөздер тайға таңба басқандай етіп жазылған.

Сондағы көргенімді айтпай кетуді лайық демей, газетіміз арқылы халыққа жеткізуді жөн көрдім. Қайсыбір шаруашылық болмасын, көріп жүргеніміздей, мекеменің жақсы болып, халыққа көріне білуі оның басшысына байланысты екені анық. Аурухана басшысы Құбыл Ршымбетов ерте демей, кеш демей науқастардың жағдайларын сұрап, бірнеше рет келіп, әрқайсымызға тоқталып өтуі қызметкерлерге өнеге болардай. Мұндағы Сейілхан Артықбаев, УЗИ, уролог, кардиолог дәрігерлерінің жүйелеп жағдайымызды сұрап өтуі бұл емхананың қалыптасқан үрдісіндей көрінді.

Бізді емдеуші бірінші санатты дәрігер Бақыт Айжарықованың әрбір науқасқа егілген дәрілерді сұрап, қадағалап тұруы оның білікті маман, өз жұмысына берілген жан екендігін байқатады.

Жақсы сөздер мен алғыс алған аға медбике Райкүл Жақсылықова, медбикелер Сәуле Досанова, Алуа Игілікова, Гүлназ Әжімбетова, Ләззат Айнағұлова, Жамал Маманова сияқты жандардың бізге деген қызметтеріне риза болдық.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, өзіміздің сүйікті газетіміз арқылы үлгілі ұжымның жұмыстарына толағай табыс, отбасыларына аманшылық, дендеріне саулық тілеп, әрқашан биіктен көріне берулеріне тілектестігімді білдіремін.

 

Ертас Садуақасұлы.

тыл ардагері

 

"Қазалы” газеті, 14 ақпан 2015 жыл

 

Ақ халатты жандарға ризамынАқ халатты жандарға ризамын

16-02-2015, 11:48

Халықтың амандығы үшін аянбаймыз


Халықтың амандығы үшін аянбаймызСұхбат

 

Білікті басшы Құбыл Ршымбетұлы басқаратын «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік қоғамының филиалы – «Қазалы теміржол ауруханасы» «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра отырып, халықтың денсаулығын сақтау жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан үлгілі ұжым. Мұнда еңбек тәртібі мен қызмет сапасы қатты қадағаланып, заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтар арқылы емдеудің ең озық тәсілдері қолданылуда.

Жаңа жыл қарсаңында біздің тілшіміз директордың емдеу жөніндегі орынбасары, жоғары санатттағы ұйымдастырушы дәрігер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Алтынгүл Асхатқызы Дәрібаймен әңгімелескен еді.

Редакциядан.

 

 

-Алтынгүл Асхатқызы! Жаңа жыл мерекесімен өзіңізді және Сіз арқылы ел денсаулығын сақтауға елеулі үлес қосып жүрген теміржол ауруханасының ұжымы атынан құттықтаймын.

Өткен жылы Сіздің ұжымда қандай өзгерістер мен жаңалықтар болды?

 

 

-Тілегіңізге рахмет. Біздің ұжымның басты ұстанымы - тәртіп пен жұмыс сапасы. Мұны тарқатып жатудың қажеттілігі жоқ деп есептеймін. Қай мекемеде, кәсіпорында да еңбек тәртібі сақталса, қызметтің сапасы жоғары болатыны анық. Негізінен емдеудің бұрыннан қалыптасқан дәстүрін сақтай отырып, осы заманғы озық технологияларды пайдалануды алдымызға мақсат етіп қойдық. Айта кету керек, бұл орайда басшымыз Құбыл Ршымбетұлы қай уақытта да бастамашы болып жүр.

Компьютерлік томография облыс бойынша Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және аудандар арасында біздің ауруханада ғана бар. Өткен жылы «Лапароскоп» аппаратын алдырдық. Германияның «Карл Шторц» фирмасы шығарған бұл аппараттың ерекшелігі: іш қуысында орналасқан ағзаларды 6 есеге дейін ұлғайтып көрсетеді. Тексеру барысында обьективті жақындату, алыстату арқылы ағзаның қажетті бір бөлшегін тұтастай көруге болады. Камера арқылы түсірілген көрініс мониторға берілетіндіктен, дәл осы уақыттағы ағзадағы өзгерістер экран арқылы көрініп тұрғандықтан тиісті жұмысты атқару мүмкіндігі зор. Яғни хирург сенімді түрде қимылдай алады. Лапароскопиялық ота жасау барысында қан кету мөлшері скальпелмен кесіп ота жасағаннан 100 есе аз. Сәтті шыққан лапароскопиялық отадан кейін науқас өз жағдайының жақсы екенін наркоздан оянған соң сезіне бастайды. Ішкі ағзалардың функциясы тез қалпына келеді, 7-8 сағаттан кейін отыруға рұқсат етіледі. Келесі күні тұрып жүруіне, жуынып-шайынуына, тамақтануына болады. Лапароскопиялық жолмен ота жасалған науқас 2-3 тәулік бақылаудан кейін үйіне қайтарылады. Осындай тәсілмен өт қалтасының тас аурулары, соқыр-ішек, жарықтар (грыжа), варикоцеле және әйелдерде кездесетін кисталар, миомалар, жатырдан тыс біткен екікабаттық секілді ауруларды емдейміз. Сонымен бірге іш қуысының анықталуы қиын ауруларына нақты диагноз қоюға айтарлықтай мүмкіндік береді.

Мұнымен қатар «Драйгер Сабина» аппаратымен де жұмыс істейміз. Жаңа үлгідегі бұл аппарат өкпені жасанды желдету мақсатында ересектер мен балаларда қолданылады. Портативті иммунофлюорецентті анализатор жедел коронарлы синдром, жүректің ишемиялық ауруларында, тромбозында, жедел бүйрек зақымдалуы кезінде ерте және тиімді диагностика жасайтын аппарат. Ал «Ерос» қанның құрамындағы электролиттер мен газдарды анықтайтын портативті экспресс анализатор. Физиотерапия бөлімінде көптеген науқастардың жедел жазылуы үшін жиырмаға жуық құрал-жабдықтардың түрі қолданылады. Қолмен де жақсы массаж жасаймыз.

 

- Осындай заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жұмыс жасап, адамдардың аурудан тез айығуына септігін тигізіп жүрген мамандардың да аты-жөнін атасаңыз.

 

 

- Айтуыңыз орынды. Бұл ретте Қанатов Аманкелді Қуантқанұлының еңбегі зор. Ол 23 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан жоғары санаттағы травматолог. Аса тәжірибелі, неше түрлі оталарды жасайды. Білікті дәрігер жамбас сүйегінің сынған басына ота жасап, орнына протез салады. Өте күрделі ота. Медицина ғылымының соңғы жетістіктерінің бірі. Сондай –ақ түрлі сынықтарды барынша тез қалпына келтіру үшін «Илизаров» аппаратымен де жұмыс жасайды. Соңғы екі жылда Амангелдінің жиырмаға жуық осындай ота жасау ойында бар.

Келесі бір дәрігеріміз Ахмет Сәдуақас Әбибуллаұлы. Жиырма бір жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты хирург. Сәдуақастың қолынан талай адам өмірді қайта бастады. Ал, тәжірибелі акушер-гинеколог Еспаев Қазыбек Қаперұлы осы саланың білікті маманы. Ана мен баланың өмірін сақтау, аурудың алдын алу жолындағы қызметі айрықша атауға лайықты. Бұлардан да басқа бірнеше жас мамандар бар. Темірхан Мұратов, Жеңіс Жантөре, Кенесары Баспаев, Дастан Қалилаев сияқты дәрігерлер білім жетілдіру курстарында оқып, тәжірибе жинақтап, алған білімдерін іс жүзіне асыруда. Осы орайда бірінші санаттағы оташы мейіркеш Әлия Салмырзаның, қарқынды емдеу палатасының мейіркеші Елена Андреадидың еңбектері ерекше.

 

 

 

-Әңгімеңізге рахмет! Ел денсаулығын сақтау жолындағы еңбектеріңізге абырой тілейміз.

 

Ал халыққа айтарымыз: Аурудың алдын алыңыздар. Салауатты өмір салтын сақтаңыздар. Жазатайым ауыра қалсаңыз, теміржол ауруханасының дәрігерлеріне көрініңіз. Тез жазыласыз. Баршаңызға Жаңа жыл зор денсаулық сыйласын.

 

Жетіскен МӘКЕНАЛЫ.

«Қазалы» газетінің тілшісі.

 

Халықтың амандығы үшін аянбаймыз

 

Халықтың амандығы үшін аянбаймыз

«Қазалы» газеті. 31Желтоқсан 2014 жыл


13-01-2015, 00:42

Салауатты өмір сүру - өз қолыңда

Салауатты өмір сүру - өз қолыңда17-18 қараша күндері Алматы қаласында «Денсаулық-баршаға» атты ІІІ халықаралық конгрес шеңберінде ұйымдастырылған «теңдік, ынтымақтастық, әлеуметтік әділеттік - БМСК (бастапқы медициналық – санитарлық көмек) қызметіне қойылатын заманауи талаптар атты І Республикалық БМСК дәрігерлерінің құрылтайы өтті. Съезд жұмысына аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Кәрібаев, теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетов және «Өркендеу» дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Темірбай Әбубәкір қатысқан болатын.

Біз аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Қуантайұлынан құрылтай жұмысы және одан алған әсері туралы ой бөлісуді сұраған едік. Төменде осы сұхбатты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

 

РЕДАКЦИЯДАН

- Құрылтай жұмысына кімдер қатысты?

 

- Құрылтай жұмысына Қазақстан мен шетелдерден 800-ден астам делегат келді. Соның бірі біз. Делегаттардың құрамында ғылыми зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың жетекшілері, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, жоғары білім беру университеттерінің, денсаулық сақтау басқармасының, жеке медициналық орталықтардың өкілдері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы офисінің өлкелік және ЮНИСЕФ штаб-пәтерінің өкілдері, сондай-ақ, Ұлыбританиядан, Италиядан, Америкадан, Швеция мен Ресейден халықаралық сарапшылар қатысты.

 

 

 

- Құрылтайдың негізгі мақсаты туралы айтсаңыз.....

 

- 1978 жылы Алматыда өткен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының конференциясынан кейін бірінші рет өткізіліп отырған басқосудың басты мақсаты – отандық және шетелдік мамандардың бастапқы медициналық –санитарлық көмек саласындағы алдыңғы қатарлы тың идеяларымен, жаңа технологиялармен, озық тәжірибелерімен алмасу. Жеткен жетістіктер мен проблемаларды талқылау.

 

 

 

- Осы тұрғыда белгілі мамандардан кімдер ойларын ортаға салды?

 

- Интерактивті сессия барысында «БМСК - өткеннен болшаққа» атты тақырыпта академик Төрегелді Шарманов, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова, Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры, профессор Айқан Ақанов, жанұялық медицина оқу-тәжірибелік орталығының директоры Р.Абзалова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің (ВШОЗ) директоры Жанна Қалматаева шығып сөйледі. Бірнеше сессия ұйымдастырылып, әр секция бойынша лекциялар оқылды, білікті мамандар денсаулық сақтауды барынша жақсартуға байланысты өз ойларын ортаға салды.

 

 

 

- Құрылтайдан қандай әсермен қайттыңыз?

 

-Құрылтайда бастапқы медициналық-санитарлық көмек және аурудың алдын алу жайы көп айтылды. Осыған сәйкес «Скрининг бағдарламаларын табысты жүзеге асыру мәселесі – азаматтардың өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін белгілейтін көрсеткіш ретінде» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Осы бағдарламаның табысты жүргізілуіне әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың қатысуы орынды болды. Себебі, бүгінгі таңда біздің елімізде, жалпы әлемде қан қысымы, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, су қараңғылық (глаукома), қатерлі ісік аурулары, туберкулез және ана мен баланы қорғау медицинаның бірінші кезектегі міндетіне айналып отыр. Демек, 1-17 жас аралығындағы балаларды және жас ерекшелігіне қарай бүкіл халықты скринингтік тексеруден өткізу өте маңызды. Бұл мәселеде әрбір адам өз денсаулығын тексертуге бірінші кезекте ұқыптылық танытуға тиісті және жұмыс берушілерде (әкімшілік) ынталы болуы керек. Мекеме-кәсіпорын басшылары мамандарды жұмысқа қабылдағанда олардың денсаулығына айрықша мән бергені абзал. Өкінішке орай, бұл ретте кей жағдайда немқұрайлылық танытатынымыз шындық.

Тегін тексерілуге қырын қарамаған дұрыс және бұл текке айтылып жатқан жоқ. Қандай бір ауру болмасын барынша ерте анықтау сауығып кетудің, сырқаттан айығудың ең тиімді жолы. Бір ғана мысал, Оңтүстік Кореяда онкологиялық ауруларды 1-2 сатысында анықтау 52 пайыз екен. Ал, бұл көрсеткіш Қазақстанда 10-12 пайыз ғана.

Сондықтан, ауырмаудың, салауатты, ұзақ өмір сүрудің кепілі - зиянды әдеттерден аулақ болу, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану, әркім өз денсаулығына барынша жауапкершілікпен қарап, уақытылы тексеруден өту. Скринингтік тексеруден бас тартпаған жөн. Бұл сіздің денсаулығыңыздың деңгейін анықтауға және аурудың алдын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір жол. Құрылтайдың да негізгі түйіні осыған келіп тірелді.

 

 

Сұхбаттасхан

Ж.Мәкеналы.

 

Суретте: Құрылтайға қатысушылар

 

Салауатты өмір сүру - өз қолыңда

 

 

Салауатты өмір сүру - өз қолыңда

6-01-2015, 21:29

Қазалыда дәрігерлік амбулатория ашылды

Қазалыда дәрігерлік амбулатория ашылдыҚазалы ауданындағы Шәкен ауылының тұрғындарына Тәуелсіздік күні мерекесінде ауылда заманауи дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
 
Бұған дейінгі көне ғимаратта  медициналық  жабдықтары болмаған. Сондықтан ауыл тұрғыны үшін жаңа амбулаторияның ашылуы - көптен күткен үлкен  қуаныш. Құрылыс жүргізуді міндетіне алған мердігер «Қасиет ал» ЖШС облыстық бюджеттен бөлінген 95,75 млн. теңге қаржыға ғимаратты сапалы салып бітірді.
Жаңа амбулаторияның медициналық бөлме, ультра-дыбыстық зерттеу қондырғылары, физиотерапия бөлмелері, балалар дәрігерінің қабылдау кабинеттері сияқты 40-тан аса бөлмесі бар. 11 орындық күндізгі  стационар жұмыс жасайды.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бақыт Жақанов тұрғындарды маңызды мерекедегі қуаныштарымен құттықтап, теледидар сыйға тартты.
Шараға арнайы қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшиев, облыстық мәслихат депутаты Құлпыбай Ысқақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов шәкендіктерге ел игілігіне жарасын деген лебіздерін білдірсе, медицина саласының ардагері Клара Бисембаева ауыл тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді.
Мердігер басшысы амбулатория кілтін емхананың меңгерушісі Анар Тілеубергеноваға салтанатты түрде

http://kazvesti.kz/main/440-azalyda-drgerlk-ambulatoriya-ashyldy.html

18-12-2014, 09:54

Еселі еңбегіміз мерекеге арналады

1 желтоқсанҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Еселі еңбегіміз мерекеге арналады


Биыл еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күнін үшінші рет атап өткелі отыр. Республика Парламенті Тәуелсіз ел тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына орай осындай тарихи шешім қабылдаған еді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған азаттығына қол жеткен, жоғының табылып, тіліміз төрден орын алған бақытты шақтары және көптеген игілікті істер Президент Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Бүгінде елімізді әлем елдері түгелге жуық таниды, республика дамуының жетістіктеріне қуана куә болуда, еліміздің бас қаласы Астана өз көркімен, сәулетімен бірқатар елдерді таң қалдырды.
Жуық арада Елбасы "Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты өз Жолдауын Қазақстан халқына жолдады. Жолдауда көрсетілген көптеген міндеттер жүзеге асатын болса, еліміздің одан әрі көркейері даусыз.
300-ге жуық адам жұмыс істейтін «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның филиалы – Қазалы темір жол ауруханасының ұжымы осы жылы да іскер басшы Қ.Ршымбетовтың басшылығымен елге медициналық қызмет ету бағытында жаңа емдік-диагностикалық әдістерді практикаға енгізді, аурухана базасы жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары ойдағыдай атқарылды. Мамандар біліктілігін арттыруға да жете мән берілді. Алғаш рет миға, жамбас буынын ауыстыру бойынша операциялар жасалды. Ауруханадан 2,5 мыңдай, күндізгі стационардан 1 мыңға жуық сырқат емделіп шықты.       

Серік АДАЕВ,
«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның филиалы –
Қазалы темір жол ауруханасы директорының емхана бойынша орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы

Сурет www.zharar.com сайтынан алынды

28-11-2014, 12:44

Миға жасалған ота

Миға жасалған отаҚазалы теміржол ауруханасында соңғы жылдары адам ағзасына түрлі оталар жасалуда. Жуырда өте күрделі нейрохирургиялық тағы бір ота сәтті нәтижемен аяқталды. Басынан ауыр соққы алған басықаралық жас жігіт Жеңіс Жақсылықұлы осындай отадан аман-сау айығып шықты.
Кездейсоқ  соққының салдарынан миішілік қан төгіліп, ұйып қалған. Бұл өз кезегінде қатты бас ауруына әкеліп соқтырды. Дәрігерге бірнеше күннен кейін көрінген науқастың миы ішінде ұйыған қан бар екендігін компьютерлік томограф аппараты арқылы анықталды. Сөйтіп, науқастың бас сүйегі жігінен ашылып (трепанация  черепа), ұйыған қан тиісті медициналық құрал-жабдықтармен тазартылып, алынды. Бұрын мұндай ота облыс орталығында жасалатын немесе науқасты қозғауға болмайтын жағдайда нейрохирург  Қызылорда қаласынан шақыртылатын. Енді Қазалыдағы тораптық аурухана мамандары инсульттың және соққының салдарынан болған миішілік қан төгілуге қатысты оталарды өздері-ақ жасайтын дәрежеге жетті. Бұл отаны жасаған нейрохирург Темірхан Мұратов.
Темірхан өз ауданымыздың түлегі. №216 орта мектепті және Астана қаласындағы медициналық университетті бітірді. Үш жыл Астанада, сосын Байқоңыр қаласындағы госпитальда қызмет жасаған. Биыл Қазалыға келіп, өз білімі мен тәжірибесін туған елдің адамдарының саулығы үшін пайдалануда.
Ота барысында Темірханға жас нейрохирург Кенесары Айтуғанұлы ассистент болды. Ол да өз жерлесіміз. Алматы қаласында 5 ай балалар және ересектер нейрохирургиясы бойынша мамандыру курсынан өткен. Мінекей, олардың екеуі де қазір теміржол ауруханасында тұрақты жұмыс істеуде.
 -  Бұл, Қазалыға келгелі осындай бағыттағы бесінші ота. Бізге миішілік патологияларды анықтауға мүмкіндік туғызған комьпютерлік томограф аппараты. Мұндай аппарат облыс бойынша әзірге облыстық медициналық орталықта, Байқоңыр қаласында және теміржол ауруханасында ғана бар. Алдағы уақытта да тиісті жағдайда осындай және тағы басқа оталарды жасай береміз. Қажетті заманауи құрал-жабдықтармен аурухана басшылығы қамтамасыз етуде.
Иә, жаңалыққа жаны құмар басшы Құбыл Ршымбетовтың жас мамандарды жұмысқа тартуы, үйлесімді ұйымдастыруы арқасында мүмкін болған күрделі оталар адам өмірін сақтап қалу жолында әрі қарай іске асырыла береді.
Айта кету керек, күрделі оталарды жасау кезінде анестезиолог Жасұлан Қуанышбаевтың еңбегі ерекше. Оған енді жас анестизиолог Дастан Қалила қосылды. Осылайша теміржол ауруханасының дәрігерлері жас мамандармен толығып, адам өмірін сақтау және ұзарту жолында қырағы күзетте тұр.

Жетіскен МАКЕНАЛЫ,
«Қазалы» газетінің тілшісі

Суретте: Темірхан Мұратов және Кенесары Басбаев

Суретті түсірген Ғалымжан Алдамжаров

№85 (672) 12.11.2014
Миға жасалған ота
13-11-2014, 13:04

Орны бөлек орталық

Орны бөлек орталық Қазақстанның апаттар медицинасы орталығына 20 жыл толды. Ал орталық бүгінгі күнде немен айналысады, азаматтардың күнделікті өміріне қатысы бар орталық жайлы жұртшылық не біледі? Қандай жұмыстар істелінуде?
 
Біз осыған орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Ержан Сағиұлы Ысқақовпен ой бөліскен едік.
– Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен 1994 қыркүйекте республикада шұғыл медициналық көмек қызметін құру туралы шешім қабылданды. Аталған қаулыны орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 1994 жылы желтоқсанда Республикалық экстремалды және медициналық биологиялық мәселелердің ғылыми-практикалық орталығы құрылды, 1997 жылы оның атауы Апаттар медицинасы орталығы болып өзгертілді. Елімізде халықтың өмірі мен денсаулығын құтқару жүйесін одан ары дамыту, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының ТЖ-да әрекет етуге дайындығын жоғарылату мақсатында, 2007 жылғы тамыз айында орталық Төтенше жағдайлар министрлігінің басқаруына берілді.
Жиырма жыл ішінде апаттар медицинасы қызметі шын мәнінде, республикалық қызметке айналды. Республиканың барлық әкімшілік-аймақтық орталығында қазір аумақтық Апаттар медицинасы құрылып, қызмет етуде.  
Біз демалыссыз жұмыс істейміз. Орталықта шұғыл әрекет ету бригадалары жедел кезекшілік атқарады. Олардың апат, өрт, жол-көлік оқиғалары мен басқа төтенше жағдайларға баруға дайындық уақыты 3-5 минутты құрайды. Барлық жұмыс жасаған мерзімі ішінде Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелері Қазақстан мен шетелдерде 40-тан аса ірі төтенше жағдайдың медициналық-санитарлық салдарларын жоюға қатысты, 7 мыңға жуық оқиға орнына шығуды іске асырды, бұл ретте 8 мыңнан аса зардап шегушіге білікті медициналық көмек көрсетілді.  
Орталықтың негізгі құралымының бірі – бұл автономды далалық госпиталі. Госпиталь дәрігерлері қазіргі Қазақстан тарихында орын алған 43 адамның өліміне әкелген ең жойқын су тасқыны – Қызылағаш кентінде бөгеттің бұзылуы кезінде баға жетпес көмек көрсетті, онда 300 адам жарақат алды, 146 үйді су шайып, 200 аса үй қирап қалды. Тасқын су нәтижесінде барлық медициналық мекемелердің жұмысы бұзылды, ал госпиталь ТЖ аумағында қызмет еткен жалғыз емдеу мекемесі болды.  
Біздің мамандар шетелде зардап шеккен Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға да қатысады. Мысалы, 2009 жылы Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері Қазақстан азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялау кезінде жәрдем көрсетті, онда отын құю көлігінің тұтануынан 6 біздің отандасымыз күйік алғаны белгілі, 2011 жылы – Мысырдағы жанжал аумағынан және Жапониядағы жер сілкінісі кезінде эвакуациялауға атсалысты.  
Апаттар медицинасы орталығының психологиялық қызметі – төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде зардап шеккен халыққа және құтқарушыларға психологиялық қолдау көрсету. Біздің психологтар 2013 жылғы қаңтар айында Көкшетау – Алматы рейсі бойынша әуе апатында қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындарына, сол жылдың көктемінде Көкпекті су қоймасы бөгетінің бұзылуы кезінде зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетті.
Бүгінгі күні біздің психологтар 500-ден аса төтенше жағдайға араласты, 1000-нан аса зардап шегушіге шұғыл психологиялық көмек көрсетті..  
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бүгінде көліктік медицина дами үстінде. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында қазір 40 күре жолдық медициналық құтқару пунктін (КМҚП) құру қарастырылуда, олардың ішінде 26-сы 2012 –2013 жылдары құрылды, 2014 жылы тағы 14 күре жолдық пункт енгізілетін болады, осылайша, жол бойындағы 40 медициналық құтқару пунктін құру бойынша мемлекеттік бағдарлама мерзімінен бір жыл бұрын жүзеге асырылмақ. КМҚП құрылған сәтінен бастап бүгінгі уақытқа дейін 1,5 мыңнан жол-көлік оқиғаларына аса шұғыл көмек көрсетілді, 5 мың дерлік зардап шегушіге жәрдем алды, 1,5 мыңға жуық адам ауруханаға жатқызылды, 3 мыңнан аса азамат медициналық көмекке өздері жүгінді, олардың ішінде 150 адам емдеу мекемелеріне жеткізілді.  
Бригаданың жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге жету уақыты 20-25 минутты құрайды, осылайша «алтын уақыт» ережесі сақталады: емделуші медициналық көмекті неғұрлым ертерек алатын болса, соғұрлым оны аман сақтау мүмкіндігі жоғарырақ болады.  
Жол-көлік апаты салдарынан қайтыс болғандардың санын 2009 жылы 26%-дан 2015 жылы 16%-ға азайту міндеті алға қойылып отыр. 2012 жылы күре жолдық пункттердің жауапты аумағында өлім-жітім көрсеткіші – 17,8%, 2013 жылы 15,3%-ды құрады. Осылайша, 26 күре жолдық пунктінің жұмысы КМҚП-нің жауапты аумағында жол-көлік оқиғалары кезіндегі өліммен аяқталған оқиғалар санын азайтуға мүмкіндік берді. Бұл күре жолдық медициналық құтқару пункттері жұмысының тиімділігін айғақтайды. Қорытындылай айтқанда, Апаттар медицинасы қызметі өзін еліміздегі денсаулық сақтаудың өз қызмет нысаны және оған тән жұмыс тәсілдері бар жеке-дара сала ретінде көрсете білді. Бүгінгі күні орталық ұжымы алдында одан ары дамудың келешегі мен басымды бағыттары белгіленді. Қазіргі таңда халықты қорғау және террорлық акт, қарулы қақтығыстарда, табиғи және техногенді апаттарда зардап шеккендерге медициналық көмекті ұйымдастыру міндеті өзекті болып тұр. Бұл міндеттерді барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволармен өзара байланыс арқылы ғана бірлесіп орындауға болады.  

Еркін ҚАЛДАН
http://aikyn.kz/articles/view/60766

6-11-2014, 22:50

Газет-рухани дәру

Газет-рухани дәруГазет, журнал оқымасаң жаңалықтан құр қалғандайсың, ісің де өнбейді. Біздің теміржол емханасының қызметкерлері бұл орайда талғампаздық танытып келеді. Дәрігерлер қауымы және фельдшерлер мен мейіркештер де жыл сайын өздерінің рухани байлығын арттыру үшін газет, журналдарға жаппай жазылуда. Әсіресе аудандық «Қазалы» газетіне көбірек мән берудеміз. Себебі, бұл газет ауданда шығатын өзге басылымдарға қарағанда материалдарының құндылығымен ерекшеленеді. Аудан өміріндегі күнделікті жаңалықтар да, облысымыз бен еліміздің өзге аймақтарындағы оқиғалар да жиі жарияланып тұрады. Бізге «Қазалы перзенттері», «Ел есіндегі есімдер» айдарымен берілетін елге еңбегі сіңген азаматтар жайлы мақалалар айрықша әсер етті. Биылғы жылы халқымыздың азаттығы үшін күрескен айтулы тұлғасы Жанқожа батырдың 240 жылдығына байланысты материалдар жиі жарияланып, батыр бабамыздың өміріне едәуір қанығып қалдық. Ердің еңбегін ескергенге не жетсін. Сондай-ақ, «Дәрігерлік кеңес», «Денсаулықтың алдын ал», «Салауаттылық өмір салты», «Саламатты Қазақстан», «Дені саудың жаны сау», «Тазалық – денсаулық кепілі» айдарларымен басылып жүрген мақалалардың біз үшін маңызы зор. Себебі, бұл мақалаларды жазатын біздің әріптестеріміз ғой. Ал, халықтың денсаулығы үшін жан аямай қызмет жасап жүрген денсаулық сақшыларының шырайы шыққанға не жетсін.
Осы жағдайларды ескеріп,осы жылы аурухана бойынша 100 дана «Қазалы» газетіне жазылсақ, 2015 жылға 120 данаға жеткіздік. «Қазалы» газетін асыға күтіп отыратын оқырман ретінде газетті шығарушы журналистер мен барлық тілшілерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін.

Ақсара ЕРҒАЗИНА,
Қазалы теміржол ауруханасының қоғамдық таратушысы

Суретте: «Қазалы»газетінің сүйікті оқырмандары, үлгілі мейіркештер Гүлнар Досмамбетова және Аманкүл Абжанова

«Қазалы» газеті №87 (674) 1.11.2014
Газет-рухани дәру
3-11-2014, 12:55

Биыл 14 күрежолдағы медқұтқару пунктінің құрылысы аяқталады

Биыл 14 күрежолдағы медқұтқару пунктінің құрылысы аяқталадыАСТАНА. 2 қазан. BAQ.KZ – «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 40 күрежол медициналық-құтқару пунктін салу көзделуде. Соның ішінде қазірге дейін 26-сы салынып, жауапты міндеттерді тиімді шешіп жатыр. Қалған 14 күрежол медициналық-құтқару пункті құрылыс енді аяқталатын болады» деді «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің директоры Ержан Ысқақов.
 
Бұл туралы бүгінгі Астана қаласында өткен ҚР Апаттар медицинасы қызыметінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-конференция барысында мәлім етті.
-Бүгінде Апаттар медицинасы орталығының құрамында барлық облыстарда Астана және Алматы қалаларында 16 бөлімшеміз жұмыс істеп жатыр. Онда 40 шұғыл ден қою бригадасы қызмет атқарады. 200-ге жуық медицина қызметкері мен психологтар жұмыс істеуде.
Оның айтуынша, ҚМҚП салынғаннан бастап жол-көлік оқиғаларына мыңнан аса шығу жасалып, 5 мыңға жуық зардап шеккендерге көмек көрсетілген. Сонымен қатар аталған 26 күрежол пунктері жол-көлік апаты кезінде адамдардың қаза болу санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді дейді ол.
Сонымен қатар конференцияға ДДС ұйымының Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович, Ұлттық медицина ассоциациасының президенті А. Садықова, РФ Денсаулық сақтау министрлігі «Защита» бүкілресейлік апаттар медицинасы орталығы директорының орынбюасары И. Сахно мен ТМД елдері АМҰ басшылары қатысып жатыр.
 
Ая ӨМІРТАЙ

2-10-2014, 22:03